Базаркул Кеулимжаева
Должность:Учительница английского языка
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:Актюбинская область, город Шалкар
15.03.2015
0
322
0

Внеклассное мероприятие на тему" Айналамыз физика "





Айналамыз физика

Тақырыбы: Айналамыз физика

Мақсаты: Физика пәніне деген қызығушылықтарын дамыту арқылы іскерлі, ізденгіш, шығармашыл, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Физика пәнінен алған білімдерін өмірде дұрыс қолдана алуға баулу.

Сайыс кезеңдері:

І тур – « Бәйге »

ІІ тур – « Физикалық аспаптар »

ІІІ тур – « Қызықты тәжірибе »

IV тур – « Формулалар сөйлейді »

V тур – Бейне сұрақ  « Физика өмірімде »

Сайысқа 3 оқушыдан тұратын екі топ қатысады.

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң – тілімен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімен түн тірілген.

Ұзақ ұйықтап тұмса түз бесігінде,

Естімеппін Архимед есімін де

Жерді қозғау қиялы былай тұрсын

Жемісі де тимепті несібеме

Кім білмес Сиракузы ақсақалын

Кун сүйіп, жел желпіген ақ сақалын

Ол – ортақ адамзатқа жаттығы жоқ

Белгісі адамшылық жақсы атаның

Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған

Қай жүйрік Архимедті басып озған?

Жалынды патриот, батыр – ғалым,

Ғасырлар түкпірінен қолын созған, - дей отырып алғашқы бөліміміз « Бәйгеге »  кезек берейік.

І тур Бәйге

( Бәйге кезеңінде оқушыларға жеке сұрақтар қойылады, бір сұрақ бір ұпай. )

1. Энергияның өлшем бірлігі? ( Дж )
2. Маятниктің түрлері? ( Серіппелі маятник, математикалық маятник )
3. Периодқа кері шама? ( жиілік )

4. Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал? (телескоп)
5. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)
6. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген? (диффузия)

7. Массаны өлшейтін құрал? (таразы)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық )
9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады )
10. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? ( құс жолымен )
11. Теңізде қандай тастар табылмайды? ( құрғақ )

12. Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
13. Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )
14. Инерция құбылысын кім ашты? ( Галилей)

15. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
16. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе?             ( найзағайды )

17. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)
18. Импульс түрлерін атаңдар? ( дене импульсі, күш импульсі)

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хаям, Әл Фараби жолын қуса
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса
– дей отырып екінші кезеңге өтейік.

ІІ тур Физикалық аспаптар

Бұл бөлімде оқушылардың физикалық аспаптарды қаншалықты танитынын және оларды қайда қолданатынын айтып беруі тиіс. Дұрыс айтылған жауап 5 ұпай.

1. Динамометр
2. Мензурка
3. Электроскоп
4. Амперметр
5. Вольтметр
6. Барометр

7. Штатив

8. Таразы

9. Камертон

10. Термометр

Ғылымда Архимедті тірі десең

Сүйікті ұстаздардың бірі десең.

Бәріне адамзаттың ғылымы ортақ,

Білім қуған жастардың пірі десең.

Архимед таң қалдырып адамзатты,

Табиғат сырларының бәрін ашты.

Архимедтің керемет сол рычагы

Кемелерді қасықтай домалатты.

Кімде кім көрем десе кереметті,

Ол рычаг физиканың заңы депті.

Тіреу нүктесін берсеңдер қолыма егер,

Жер шарын да төңкеріп берем депті.

Күн мен Ай қозғалысые ол зерттеді.

Жұлдыздардың қозғалысын мол зерттеді,

Сол қозғалыс дәлдікпен көрсетілген

Аспан сферасы моделін жасап берді.

Архимед Отаны үшін құрбан болған

Артында ұланғайыр мұра қарған – деп, сол мұраны жалғастырушы бүгінгі жастар дейміз. Ендеше келесі бөлім « Қызықты тәжірибе »

ІІІ тур  Қызықты тәжірибе

1)      «Тарелкадағы тиынды қолды суламай қалай алуға болады?»

Қажетті құралдар: тарелка, су, тиын, сіріңке, қағаз.

Жауабы: Қағазды жағып стакан ішіне саламыз Стаканды тезірек тиынның жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып,тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады. Мұның себебі, жану кезіндегі стакандағы ауа қысымы артып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығады, ішіндегі ауа қысымы атмосфералық қысымнан азаяды. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.

2)      «Піскен әрі аршылған жұмыртқаны бүтіндей бөтелкеге қалай салуға болады?»

Қажетті құралдар: бөтелке, піскен жұмыртқа, сіріңке, қағаз.

Жауабы: Жанған қағаз жалыны шыныдағы ауаны қыздырады. Қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шыны аузын жұмыртқамен жапқан кезде, жалын сөніп ондағы ауа суиды. Шынының ішіндегі ауа мен сыртындағы қысымы тең болмағандықтан, жұмыртқа ыдыс түбіне түседі.

Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем
Бүгінде физика барлық жерде.
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның игеріңдер
Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер

V тур – Бейне сұрақ  « Физика өмірімде »

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения