Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
14.03.2015
0
431
0

Натюрморт (қыш ыдыс,алмұрт және мата)

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
"№3 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ
Технология пәні мұғалімі
Абуталипов Алибек Тұрсынқұлұлы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру. Сурет салудың заңдылықтарын үйрету.;

Дамытушылық: Оқушыларды тазалыққа ұқыптылыққа, сауатты сурет салуға, натюрморттың заңын меңгертуге, ой қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: көзбен елестетуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,сурет үлгілері, қарындаш,т;тм;2м, нобай өшіргіш.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу және сабақтың тақырыбын жариялау.

ІІ. Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сабақ.

Натюрморт (французша  nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында, дәл де нәзік жеткізуді талап етеді. Натюрмортың алғашқы белгілері Ежелгі Шығыс, Рим, Грекия өнерінде көрініс тапқан.Натюрморт жанр ретінде 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Натюрморттың жан-жақты дамуына ұлттық кескіндеме мектептері ұйытқы болды (17 ғасырда). 19 ғасырда өмір сүрген атақты суретшілерФ.Гойя, Э.Делакруа, Г.Курбе, Э.Мане  т.б. Натюрморттың өркендеуіне ат салысты. Кеңестік дәуірде натюрморт жанрында П.П.Кончаловский, И.И.Машков, М.Сарьян  ерекше танымал болды. Қазақ суретшілері: Ә.Жүсіпоа (“Шыны аяқ”, 1960), А.Ғалымбаева  (“Дәмді шай”, 1966), С.Айтбаев (“Кітаптар”, 1966), Т.Тоғызбаев (“Қарбыз бейнеленген натюрморт”, 1974), К.Дүйсенбаев (“Табиғат көрінісі”, 1978), Е.Кәрібеков (“Натюрморт”, 1986), Б.Ақанаева“Күміс натюрморт” (2003), А.Жансейітова  “Натюрморт” (2003), т.б. натюрморт жанрының шеберлері атанды.[

Натюрморт немесе басқа да заттардан құралған суретті салған кезде оның мағыналы құрылымының өзегі болатын - композицияны білуіміз шарт. Онсыз ешқандай қызықты, әсерлі сурет салу мүмкін емес.

Енді кезеңдер арқылы берілген натюрмортты салудың жолдарын қарастырайық. Натюрморт үш заттан тұрады.

 

Заттың бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз - бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс немесе белгілі бір мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады.

Зат бейнелерінің құрылымын табу. Натюрморттағы заттардың бір - бірінің ара   қатынасын пропорциясын тексеріп өлшеп, олардың әрқайсысын сызықтық қаңқасын сызамыз. Мұндағы заттардың ара - қатынасын өлшеу қарындаш арқылы жүргізіледі.

 

Пішінін сомдау. Штрихтарды пайдалана отырып көлеңке мен жарықтың ара - қатынастарын шешіп табиғи формасын бейнелеуге көшеміз. Заттардың пішінін сомдауда штрихтардың рөлі өте үлкен. Солардың көмегі арқылы жартылай жарық көлеңке денеден құлай түскен көлеңкесінің айырмашылығын реттейміз.

 

Штрихтауды көлеңкеден жарыққа қарай жүргізген ыңғайлы, бірақ мұны (әдісті) өзгермейтін заңдылық деуге болмайды, сондықтан керісінше - жарықтан көлеңкеге де жүргізуге болады. Ол ыңғайға қарай.

 

Натюрмортты мұқият тексеріп көзге ұрып тұрған елеулі көлеңке немесе жарық болса, соларды басып, жалпы натюрморттың рең қоюлығына бағындырамыз. Натюрморт пен фон арасындағы кеңістіктің тереңдігін тағы бір қарап, натюрморттың фонға жабысып қалмауын тексереміз. Содан артық сызық штрихтарды өшіріп, суретті аяқтаймыз.

Оқушылар суретте көрсетілген суретті салады.

 

Жаңа сабақты қорыту.

Натюрморттарға байланысты сұрақтар қою:

1. Компоновка дегеніміз не?

2. Штрих түрлерін ата?

3. Переход дегеніміз не?

4. Көмекші сызықтың қызметі қандай?

5. 1, 2, 3 планды қалай түсінесіңдер?

6. Параллель сызығы дегеніміз не?

7. Салыстыру деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

8. Композиция дегеніміз не?

Бағалау. Оқушылардың жұмысын тексеріп, бағалау.

Үйге тапсырма: Берілген суретті аяқтау

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения