Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
14.03.2015
0
373
0

Дос бола білу де өнер

Қазақстан Республикасы,Батыс Қазақстан обласы,Шыңғырлау ауданы,Шыңғырлау ауылы
Балалар саз мектебі
Баян сыныбының мұғалімі
Хабибуллин С.М.

Мақсаты:    

 1/  оқушыларға «достық» ұғымын түсіндіру

 2/  ұлы адамдардың достық туралы ұлағатты сөздерін талдау

 3/  адал дос пен айнымалы достықтың айырмашылықтарын анықтау, пікірталас

 4/  оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Түрі:  пікірталас.

                                               Жоспар

1/  «Достық туралы бірер сөз» баяндамасын тыңдау

2/  Әбунасыр әл-Фараби достық туралы

3/  Әйтімбет шешен достық жайында

4/  «Екі дос» аңыз әңгімесін тыңдау

5/  Пікірталас

6/  Қорытындылау

 

1.      Достық туралы бірер сөз

                   Достық – ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен үлкен адамгершілікке тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Ол – адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.

       Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр-салақ адамдар бір-бірімен дос болып көгермейді.

       Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін айтпау, бір-біріне жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу-бұл жалған достық.

 

2.     Әбунасыр әл-Фараби достық туралы.

       Достықтың екі түрі болады. Оның бірі-адал дос та, екіншісі-айнымалы, алдамшы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздегені дұрыс, адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет. Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып, нені болса да бірдей көретін болады. Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез-құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ.

 

3.     Әйтімбет шешен достық жайында

   Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

-       Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

-       Достықтың екі түрі болады. Бірі-адал достық та, екіншісі  – амал достық, – дейді.

-       Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

-       Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген.

 

4.     «Екі дос»  аңыз әңгімесі

            Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

            Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың көптеген қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

-       Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, – дейді.

             Қолбасы ойланып отырып оны сынамақ болады да:

-        Жарайды,  мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды, – дейді.

-       Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-       Маған сенің көздерің керек, – дейді қолбасы, – екі көзіңді ойып аламын.

-       Ол да болсын, көзімді тезірек ал да досымды босат, – дейді. Жігіт бұл сыннан өтеді.

             Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, соқыр күйінде қуанып, күлімдеп келе жатады.

             Мұны көрген жаудың қолбасы «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады»  деп ой түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген.

 

5.     Пікірталас.  Жоғарыда айтылған әңгімелерді талдап, оқушылар өз ойларын ортаға салып пікір таластырады.

 

6.    Қорытындылау. 

 

Мұғалім:  Ал енді балалар дос, достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

                                     /Балалар мақал-мәтелдер айтады/

 

          Мұғалім:   Құрметті оқушылар мен ұстаздар!  Бүгінгі біздің өткізген  «Дос бола білу де өнер» атты тәрбиелік шарамызды аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын!

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения