Бекежанова Айман Турсынгалиевна
Должность:Учитель қазахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Алматинская область
13.03.2015
0
522
0

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологияны қолдана отырып оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы білім мазмұнын жетілдіру

№7 К.Ушинский атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Бекежанова А.Т.

 

 

Мақсатым: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту, интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыру.

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” және “Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінің  қолданылуындай болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек” деген тұжырымдары бар. Тіл саясаты,  міне, осында жатыр. Қазақ тілін оқытуда ұстаздар қауымы ең алдымен осы тұжырымдарға сүйенгеніміз абзал.

ХХІ ғасырдың үлкен жетістігі ақпаратты- қатынастық технология құралдарымен  етене байланыс. Қазақ тілін ұлты басқа шәкірттерге оқыту – күрделі іс. Сондықтан оның кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін саралап – қазақ тілін оқытып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген өзекті тақырыпты алып, мәселенің шешілуі жолы   ақпаратты- қатынастық технологияларды қолдану  өте тиімді деп ойлаймын.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, өз елінің тарихымен таныстыру, өз ұлтының ақын-жазушыларымен, олардың шығармаларымен таныстыру. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. 
«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. 
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. 
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі мен  әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар да жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі.

Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Бүгінгі таңда Республика көлеміндегі мектептердің 97 пайызы интернет желісіне қосылып, мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің көптеген мектептерінде интерактивтік тақта орнатылған.
Өзім қызмет жасайтын мектепте де жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектепте төрт кабинетте интерактивтік тақта орнатылған. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдері кабинетінде интербелсенді тақта орнатылған және 15 нотбук бар. Нотбуктер интернет желісіне қосылып, әр нотбукте электронды оқулықтар орнатылған.  Сондықтан бұл кабинетте  әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймыз, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз. Енді қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына тоқталып өтейік.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны біз өз сабақтарымызда қалай қолданамыз?

ØЭлектронды оқулықтарды қолдану арқылы;

ØИнтербелсенді тақтаны қолдану арқылы;

ØТұсаукесер сабақтарында слайдтар көрсету арқылы;

Ø“Aktivstudiо” бағдарламасындағы Aktivord, т.б.;

ØИнтернет жүйесін қолдану арқылы.

Қазақ тілі мен әдебиеті  сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге не береді? -  деген сұрақ туындайды. Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді:

ØОқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

ØБілім сапасын арттыра алады;

ØОқушының білімін кез келген уақытта бағалай алады;

ØМұғалімнің уақытын үнемдейді;

ØКөрнекіліктердің жиынтығын арттырады.

 

Ал, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану оқушыға не береді?

ØОқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

ØСабақта уақыт үнемделеді.

ØОқушылардың шығармашылығын арттырады;

ØБілім сапасын арттыруға әсер етеді.

ØОқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

ØОқушының құзырлығын дамытады.

Қазақ тілі мен әдебиеті  сабақтарын оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге тоқталып өтейін. Мысалы: оқушылар Интернет желісінен өздеріне қажетті ақпаратты тауып,  сонымен бірге белгілі бір ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар.  

 

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде тұсаукесерлерді пайдалана отырып, оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы өлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, өлең мазмұнын басқа ұлтты балаларға түсіндіріп, содан соң оқушыларға компьютер немесе теледидар арқылы өлеңді тыңдату оқушының жүрегінде әсер қалдыруы сөзсіз. Осындай жұмыс түрлері оқушылардың қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін оятады.  Көру, есту арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттері дамиды.

Жоғары сыныптарда роман, әңгімелерді оқыту тіпті де үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады, себебі балалар кітап оқып отырғаннан компьютерде көбірек отырғанын қалайды. Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады. Мәселен, романды оқуға екі немесе үш сағат берілсе, оның бірінші сабағында мұғалім қысқаша роман кейіпкерлерімен, мазмұнымен көркем фильмдерді көрсету арқылы таныстыруға болады. Мысалы, «Қыз Жібек», «Біржан сал», «Көшпенділер» т.б. көркем фильмдерді оқушылардың назарына ұсынып отырдым.

 

Абай өмірі мен шығармашылығына байланысты жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде қызығушылықты ояту үшін электронды оқулықта берілген видеоролик көрсеттім. Бейнероликтен  оқушылар Абайдың мұражайына саяхат жасады. Бейнероликті көре отырып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.

 

 

 

Интербелсенді тақтаға «Мақалды жалғастыр», «Берілген сөздерден сөйлем құрастыр» ойындарын және тапсырмаларды орындату оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,  есте сақтап қалу қабілетін күшейтеді.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге баулуда интерактивті тақтаның көмегі зор.



 

«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения