Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
02.10.2012
0
3566
0

Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану – заман талабы

 

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

«Жалаңтөс батыр» ауылы

Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектеп

Култанова Куншара Сериковна

Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану – заман талабы

 

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Дегенмен осы қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін көтеру үшін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модулдік жұмыс бағдарламалары жасақталған. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында  «Техника мамандар иесі – бұл біздің болашағымыз, оларды заңгерлерге, экономистерге және дипломаттарға теңестіруге болмайды» деп атап көрсетті.

Қоғамда ақпараттық технологиялар, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуына байланысты оқу үрдісін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етуде. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта әрі педагог, әрі психолог, әрі оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьтердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселесіне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың ілгері оқыту технолгиясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.

Компьютерлік желі арқылы мектеп мұғалімдері мен оқушылары өздеріне керекті сабақтарды, тесттерді пайдалана алады.

                                                             

Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьтер мүмкінділіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.

Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалық формулалар, физикалық шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, сызбалар, физикалық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б жатқызуға болады. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңге ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Компьютермен жұмыс жасау арқылы мұғалімдер мен оқушылар өздерінің жасаған жұмыс жүйе не болмаса тесттерін интернет желісі арқылы ғаламторға жібере алады. Қазіргі таңда интернет желісі арқылы мектеп оқушылар мен мұғалімдері түрлі жарыстарға, олимпиадаларға қатысып келеді. Атап айтар болсам мектептің 10 сынып оқушысы Ораз Жайна интернет желісі арқылы solo бағдарламасы арқылы жарысқа қатысып сертификат алды. Бұл оқушының компьютерге деген қызығушылығы өте зор, және басқа да жарыс сабақтарға, олимпиадаларға қатысып келеді.

            Мектепте ақпараттық-технологияны оқушыларға көбірек айтып, және оларды сол технологияға қызығушылықтарын оятып отыру қажет.

Ақпараттық қоғам оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері мен әдістерін одан әрі жетілдіру жұмыстарын компьютерлендірумен тікелей байланысты жүргізу қажет. Оқушының ақыл ой ауқымын кеңейтуде, дамытуда, білім алу мен түсіну үрдістерін қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оны дербес пәндер бойынша оқытудың әдістемелік жүйесіне компьютердің көмегімен енгізіп, оны жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру өмір талабынан туындап отырған жайт. Компьютердің қазақ тілі пәнін оқытудада қолдану мүмкіндіктері өте мол. Компьютерді оқы-тәрбие жүйесінде қолдану ғылыми, техникалық жұйенің жетістіктерін тәжірибеге енгізудің өзегі болып табылатындағы белгілі. Қазақ тілі пәнінің оқыту әдістемесіне көмекші құрал ретінде компьютерді қолдану көптеген әдістемелік өзекті мәселелерді тиімді шешуге жағдай жасайды.

Ақпараттық қоғам – еңбек адамдарының басым бөлігі ақпаратты сақтау, өңдеу және тарату істерімен, әсіресе ақпараттың ең жоғарғы формасы болыпсаналатын білім беру ісімен айналысатын қоғам.

            Ақпараттық қоғамда тек өндіріс қана өзгеріп қоймай өмірдік бұрынғы үрдісі, құндылықтары өзгеріске ұшырап материалдық байлық жинайтын бұрынғы дағдыдан уақыттың қажетті бөлігін мәдени байлық жинауға деген талпыныс ығыстыра бастайды. Тауарларды көптен шығарып, соларды пайдаллануға бағытталған бұрынғы индустриялық қоғамға қарағанда, ақпараттық қоғамда парасат, зерде, білім құндылыққа айналып, соларға көңіл бөлініп, ой еңбегінің үлесі арта түседі. Өмірдің өзі адамнан шығармашылық жағын талап етіп, білімге деген сұраныс өсе бастайды.

Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз - әр түрлі ақпараттық қорларды (ресурстарды) қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің ққықтарын жүзеге асырып, олардың ақпараттық талаптарын қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау жолында ұйыдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.

Дербес компьютерді сабақта пайдалану оқыту жүйесінде кері байланысты қамтамасыз етуге, даралап оқытуды жүзеге асыруға, өзіндік жұмыстар ұйымдастыруға және оқушылардың білім деңгейін анықтауға өз үлесін қосады.

Компьютермен оқыту – оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Компьютермен оқыту үрдісін енгізу оқушылардың қызығушылығын арттыратыны соншалық, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытатын болады. Ал компьютерді толық меңгерген оқушының оған қызығуы оған бұрынғыдан да арта түседі. Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Компьютермен тапсырма орындауға мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты жолдары көрсетілмейді. Сондықтан бұдан білімділік туындап, оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашылады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларына түрлі компьютерлік тесттер , оқулықтар арқылы білімдерін бағалап жатырмыз. Электрондық оқулықтар арқылы күнделікті сабақтарды да жүргізіп жатырмыз. Пән мұғалімі компьютер арқылы өз қиялдарымен, өз білімдерімен және компьютерді қаншалықты меңгергендігін тест құру арқылы шыңдайды. Мұғалім өзі беретін пәнге байланысты тесттер құрап, оны сабақ барысында пайдалануп жүр. Мысалға айта кететін болсам, өзім информатика пәнінен 7 сыныпқа арналған тест құрадым. Тестті мектеп оқушыларына пайдаланып жүрмін. Оқушылар компьютер арқылы өз білімдерін қызығушылықпен, ынтамен орындайды.

Компьютерлік оқулықтар және компьютермен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқушының біліктілігі мен белсенділігін, пәнге деген қызығуын арттыру жүзеге асырылады.

Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін бақылау жұмыстары оқушының білімін нақты бақылап, материалдың дұрыс өтілгенін дұрыс өтілмегенін талдауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылып өткендей әр түрлі мәтін құру, мәтінге аннотациялық талдау, сұхбат құру сияқты шығармашылық жұмыстар болады. Осындай сабақтар шәкірттерді халықтың салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеумен бірге олардың шығармашылық және тұлғасын қалыптастыруға, жеке ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын, интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға, алған білімдерін өмірде пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияны пайдалану сабақ сапасын көтерумен қатар оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыруда ерекше орын алады, оқушының назарын пән мазмұнына аударады, өз бетінше тәжірибелік жұмыстарды орындауға қызықтыра алады.

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап құлшынамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Баланы оқытып тәрбиелеуде ұстаздардың алдында «нені оқыту» және «қалай оқыту» деген сауалдар тұру керек. Оқушыларға білім берместен бұрын мұғалімдердің компьютердік сауаттылығы алда тұру керек. Олар оқушыларға өз білген, жиған тергендерін үйретуі қажет. Мектепте біздің мұғалімдердің компьютерге деген қызығушылық, ынталары жоғары, интернет арқылы түрлі материалдар жинап, оларды оқушыларға тиімді жағын пайдаланып, түрлі сабақтар арқылы оқушылардың білімін жетілдіруде. Мектепте мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығын жетілдіру үшін, мұғалімдердің компьютерді білу,  және дұрыс қолдану, үйрену жайында сабақтар өтіп тұрады. Солардың нәтижесінде мұғалімдердің ақпараттық сауаттылықтары күн санап өсіп келеді.

Оқу үрдісіне пайдаланатын жаңа ақпараттық технологиядағы үйретуші  байғарламалардың, тексеру бағдарламаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде жеткізуіміз керек.

Дүниежүзілік өркениетке жету үшін ұрпағымыз білімді, парасатты, бүкілғаламдық мәдени құндылықтарға ие болуы шарт. 

 

Скачать урок

bayandama-kunshara.doc [904 Kb] (cкачиваний: 58)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения