Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.03.2015
0
633
0

Power Point бағдарламасында көрмелерді әзірлеу

Қазақстан,Қызылорда қаласы

№187 М.Шоқай атындағы орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі

Тажиева Гульмира Абильдаевна

Мақсаты:

Білімділік:

  1.     PowerPoint бағдарламасын  іске қосуды үйрету.
  2.     PowerPoint бағдарламасын  қолдана білу.
  3.     Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.

Дамытушылық:

  1.    Компьютердің басқа программаларын меңгерте  

отырып,  логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  1.     Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.
  2.     Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Тәрбиелік:

  1.     Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу.
  2.     Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтылыққа үйрету.
  3.     Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:      Ақпараттық сабақ.

Сабақтың әдісі:    сұрақ-жауап, ой қозғау.

  •       Көрнекіліктер:  Электрондық оқулықтардағы тесттер мен тапсырмалар, ауызша сұрақтарға слайдтар, буклет, топтастыру стратегиясы (плакат)

Техникалық құралдар: Компьютер, проектрлік аппарат, экран.                                   

Сабақтың барысы:

      I.      Ұйымдастыру кезеңі.                                                           1  мин.

А)Оқушылармен амандасу.

В)Оқушыларды түгендеу, сабаққа жұмылдыру.

   II.      Үйге тапсырманы сұрау және тексеру.                           8 мин.

  1.       Тест  орындау.                                                                       10 мин.

IV. Жарнама жасау.                                                                  3 мин.

V. Қортынды: Шығармашылық жұмыс, қорғау.                15  мин.    

VI. Сабақты пысықтау.                                                            5 мин.

VII. Бағалау.                                                                                2 мин.

  1.      Үй тапсырмасы.                                                        1 мин.

ІІ. Үйге тапсырманы сұрау және тексеру.

  Бақылау  сұрақтары.

  1.     PowerPoint қосымшасы қандай қызмет атқарады?

(PowerPoint-тың негізгі міндеті - ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.)

2) PowerPoint көрмесі деген не? (Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірліген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме.)

       3)Көрме неден құралады?  (Компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығынан тұрады)

      4) PowerPoint көрмесін қалай сақтауға болады?  (Көрмені сақтау үшін ФАЙЛ—САҚТАУ әмірін таңдаймыз, ашылған ҚҰЖАТТЫ САҚТАУ терезесінде ФАЙЛ АТАУЫ  өрісінде көрме атауын енгізіп, САҚТАУ батырмасын шертеміз)

    5)Қандай перне  слайдтарды көрсетуді бастау әмірін орындайды?  (Көрсетуді бастау үшін мәзір жолағының СЛАЙДТЫ КӨРСЕТУ—КӨРСЕТУДІ БАСТАУ әмірін таңдау немесе Ғ5 пернесін басу керек.)

      6)Слайдтар неден құралады?

( Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.)

Шығармашылық үй тапсырмасы.

Енді PowerPoint программасында жасап келген үйге тапсырмаларыңды көрейік. Үйге :

1)   Менің мектебім.

2)   Менің жанұям.

3)   Түркістаным Тұраным.

4)   Тәуелсіздік тұғырым.

тақырыптарында көрме жасап келу тапсырылған.

ІІІ. Тест.     Өз білімін тексеру.

PowerPoint программасында толық жұмыс істеуді үйрендік, енді тест сұрақтары арқылы өз білімдерімізді тексерейік.

 (оқушылар 10 минут тест тапсырмасын орындайды.)

Аяғында компьютер өзі тексеріп береді.

1. PowerPointбағдарламасы не үшін қолданылады?

а) Электрондық кестеде есептер жүргізу үшін

в) Құжатқа мәтін теру және өңдеу үшін

с) Презентация жасау үшін

2. Фигуралық мәтін WordArt қалай енгіземіз?

а) Вид→Рисование→

в) Вид→Рисование→

с) Вид→Рисование→

3. Слайдтарды реттеу режимінің мүмкіндігі қандай?

а) Вид→Страницы заметок

в) Вид→Сортировщик слайдов

с) Вид→Обычный

4. Құрылымдық (Обычный) режимінде не орындалады?

а) Мәтін енгізу және форматтау

в) Слайдтардың эскиздерін тізбектеп көрсету

с) Слайдтарды анимация қолдану

5. Слайдтар көрсету режимінің батырмасын көрсет

а)   

в)    

с)           

 

6 . Power Point бағдарламасына кіру жолын таңдаңыз

а) Пуск→Программы→Microsoft Word

в) Пуск→Программы→Microsoft Power Point

с) Пуск→Программы→Microsoft Excel

7. PowerPoint  меню командаларының басқа  Office-тік бағдарламалардың меню командаларынан айырмашылығы қандай?

а) Данные

в)Таблица

с) Показ слайдов

8. Презентация құрудың неше жолы бар?

а) 4

в) 3

с) 5

9. Ағымдағы слайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін?

а) Шаблоны оформления

в) Цветовые схемы

с) Эффекты анимации

10. Ең оңай және сұрақтар қоя отырып презентация құру үшін

а)Бос презентацияны қолдану

в) мастер автосодержанияны қолдану

с) Ұсынылған қалыптарды қолдану

11. Мастер автосодержания арқылы презентация құрудың неше жолы бар?

а) 4

в) 3

с) 5

12. Фонның дизайнын ауыстыру қалай жасалады?

а)Формат→ замена шрифтов

в) Формат→Разметка слайда

с) Формат→Фон

13. Үлгілердің түрлері

а)Презентация және көркемдеу

в) Презентация және мәтін

с) Мәтін және графика

14. Шаблондарды қолдану үшін қандай амал орындалады?

а)Формат→ Оформление слайда

в) Формат→Разметка слайда

с) Формат→Фон

15. Жаңа слайдты қосу үшін қандай амал орындалады?

а) Вставка→Создать слайд

в) Вставка→ Ресунок

с) Вставка→Дублировать

ІV.  Жарнама.

Әр бір оқушы кез – келген затқа Power Point бағдарламасында 1 – 3 секундтық ролик дайындайды.

V.  Шығармашылық тапсырма.

Қазір сендердің алдарына видиопроектордан  тапсырма шығады, сол тапсырманы компьютер арқылы 15 минуттың ішінде   істейсіңдер. Бұл жұмыстарыңды қорғайсыңдар. Әр бір оқушы өздері дайындаған шығармаларымен таныстырып, оны қорғайды, түсіндіреді, қалай көркемдеп, безендіргендерін айтып береді.

Тақырыптар: 1. Paint графикалық редакторы.

                         2.  Информатикадан тест сұрақтары.

                        3. Төртбұрыштар.

                      4.  Үй жануарлары.

         1. PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдына дайын дыбыстық файлды қандай әмірлердің көмегімен кірістіруге болады?

         2. Слайдтардың жекелеген нысандары жан бітірімі қалай бапталады?

         3. PowerPoint көрмесі қамтитын файлдың кеңейтімін атаңыз.

         4. Слайдтарды безендірудің дайын қалыбын қалай қолдануға болады?

         5. PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдтарын ағымдық слайдтан бастап көрсетуді қандай әмірдің көмегімен іске қосуға болады?

VIІ. Оқушыларды бағалау.

Бүгінгі сабақта төмендегі оқушылар өз білімдерін көрсете білді, презентацияны жақсы жасады.

VІIІ. Үйге тапсырма:  1. Еркін тақырыпта көрме жасап келу.

                                      2.  Венн диаграммасы :  PowerPoint  және Ms Excel бағдарламаларының ерекше қасиеттерін бөліп көрсету және екеуіне ортақ қасиеттерін табу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения