Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
10.03.2015
0
401
0

Рационал бөлшектерді бөлу

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті

«Алакөл ауданының Достық кентінің №11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» Мемлекеттік мекемесінің

Математика пәнінің мұғалімі

Орынгожинова Жанар Баукешовна

 

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп,   

 

                    жинақтап жүйелеу. Рационал, яғни алгебралық бөлшектерді   

 

                    бөлу алгоритмін қолдана білуге және қасиеттерін меңгерту.
Дамытушылық : Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын    

 

                             жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Рационал бөлшектерді бөлу   

 

                             кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу   

 

                            дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік:  Оқушыларды топпен жұмыс жасау кезінде ұқыптылыққа, тез

 

                     шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра

 

                     отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне

 

                    сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың түрі : Іздену сабағы
Сабақта қолданылатын  әдіс-тәсілдер:
• Деңгейлеп оқыту ;

 

• Топпен жұмыс ;
• Сұрақ-жауап;
• Талдау,өз шешімдерін ұсыну, ішінара түсіндіру, рефлексия

Көрнекілігі : белсенді тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар, бағалау  парағы

 


Пәнаралық байланыс: информатика, логика, халықтық педагогика, тарих.

Оқушылардың біліміне және біліктілігіне қойылатын міндеттер :

 


Нені меңгеру керек:
- Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды, көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі жолдарын, топтау мен бөлшекті қысқарту тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын,  натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдана отырып,  бөлшектерді  бөлу алгоритмін өз беттерімен қорытындылау.

 


Сабақтын барысы :

 


I. Ұйымдастыру кезеңі
IІ. Үй жұмысын тексеру(бағалау парағы арқылы)
IIІ. «Қайталау – оқу анасы».  Өтілген материалдарды қайталау.

 

  1. Жаңа тақырыпты меңгеру.
  2. Жаңа сабақты қорытындылау.
  3. Сергіту сәті.
  4. Жаңа сабақты бекіту ( тақырып бойынша деңгейлік есептер шығару)
  5. Үйге тапсырма беру.

 

ІХ. Рефлексия(«Табыс ағашын отырғызу»)

 

Х. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі :

 

(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасаймыз. Сабақта белсенді тақтаны қолданамыз. Алдыңғы сабақтарда алған білімдеріңді қолданып, ізденіспен жұмыс жасап, жаңа материалды өз беттеріңмен  қорытындылап, меңгерулерің қажет.

 


Психологиялық дайындық:

 


- Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілек тілейік (оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл күй»,-деп айтады).

ІІ. Үй жұмысын тексеру (бағалау парағы арқылы)

 

 Оқушылар үй тапсырмасының дұрыстығын тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен тексеріп, өздері өздерін бағалайды. (тексерудің соңында оқушылар бағалау парағына тиісті  бағасын қояды).

 

 

 

Үй жұмысын тексеру

 

Дұрыс жауаптар :

 

 

 

  1.  

 

 2.   

 

5 дұрыс есепке – « 5 »

 

4 дұрыс есепке – « 4 »

 

3 немесе 2 дұрыс есепке – « 3 »

 

Барлығы дұрыс емес – « 2 »

 

IІІ.  Қайталау – оқу анасы

 

  1. Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қалай қосып, азайтамыз ?
  2. Бөлімдері әртүрлі  рационал бөлшектерді қалай қосып, азайтамыз ?
  3. Рационал бөлшектерді қалай көбейтеміз ?

 

– Балалар, алгебралық бөлшектерге амалдар қолданған кезде ең көп қолданатын қандай формулалар ? (қысқаша көбейту формулалары)
 Сәйкестік тест өткізіледі. Бірінші бағанда қысқаша көбейту формулалары жазылған. Ал оқушылар бағанның сол жағында тұрған формулалардың дұрыс жауабын тауып, берілгеннің қасына магнит көмегімен жабыстырамыз(дұрыс жауап үшін оқушылар бағалау парақтарына мұғалімнің айтқан бағасын қояды).
1. a2-b2= 1. a3-3a2b+3ab2-b3
2. (a-b)2= 2. (a-b)(a+b)
3. (a+b)2= 3. (a-b)(a2+ab+b2)
4. (a-b)3= 4. a2-2ab+b2
5. (a+b)3= 5. a3+3a2b+3ab2+b3
6. a3-b3= 6. a2+2ab+b2
7. a3+b3= 7. (a+b)(a2-ab+b2)

 

ІV.  Жаңа тақырыпты меңгеру.

 

Оқушылар, дәптерлеріңе бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазамыз.

 

 

 

17 – сәуір.

 

Рационал бөлшектерді бөлу.

 

 

 

Алдымызға қойған негізгі мақсатымыз рационал бөлшектерді бөлу, яғни   

 

   оларға амалдар қолдануды тиімді тәсілмен шешуді үйренуіміз керек.    

 

   Тапсырма : оқулықтың көмегімен топтаса отырып, жаңа материалды  

 

    меңгеру, мысалдар келтіру арқылы түсіндіру.

 

Жаңа сабақты қорытындылау :

 


– Балалар, информатика пәнін « Алгоритм » сөзінің мағынасымен танысасыңдар.  Алгаритм - белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын реттелген әрекеттер жиыны.
- Ал бұл алгоритм математикада заңдылық болып есептеледі.
- Енді біз рационал бөлшектерді бөлу  алгоритмін құрастырайық(оқушылар өздері құрастырады)

 

Рационал бөлшектерді бөлу алгоритмі:

 


Бір рационал бөлшекті екінші рационал бөлшекке бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшекке кері бөлшекке көбейту керек

 

 

 

VІ. Сергіту сәті :

 

 Балалар, бүгін сабақта сендер әр топта неше баладан  бөлініп отарсыңдар ? (жеті )

 

  Қысқаша көбейту формулалары нешеу ? ( жеті )   Қалай ойлайсыңдар, 7 саны жайында не айтуға болады ? Жеті саны киелі сан деп есептеледі. 7 санынан тұратын нелер жайында айтуға болады ?

 

 

 

Тәуке Ханның жеті жарғысы

 

 

Жеті жұт

 

 

 

 

 

 

Жеті ғалам, жеті қазына, жеті ата, жеті күн, Тәуке Ханның жеті жарғысы, жеті жұт, жеті жетекші.

 

Музыка сабағында сазгерлер, әншілер, күйшілер жайында оқыдыңдар. Айтыңдаршы, қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер ? ( Құрманғазы, Дина )

 

Қазіргі кезде шыққан күйшілеріміздің ішінен А. Еңсеповты естулерің бар шығар. Қазір Асылбек Еңсеповтың «Балалық шақ» деп аталатын күйін тыңдай отырып, қазақтың «Жеті қазынасымен» танысасыңдар. Тақтаға назар аударамыз.

 

Слайд. «Жеті қазына» көрсетіледі.

 

VІІ. Жаңа сабақты бекіту ( тақырып бойынша есептер шығару)

 

Әр топқа деңгей бойынша дайындалған есептер беріледі. Оқушылар өз мүмкіндігі бойынша есепті таңдап шығарады. Дайын оқушылар есептерінің шығарылуын тақтада орындап, талдау жасайды.  ( мұғалімнің қойған бағасын оқушы бағалау парағына қойдырады)

 

 

 

VІІІ. Үйге тапсырма беру:

 

 

 

Оқулықтан :  № 547 (3,4), №552 (2,3), №553 (4).

 

                            Есептерін шығару.

 

 

 

ІХ. Рефлексия : « Табыс ағашы »


– Енді «Табыс ағашын »отырғызайық. (Әр топқа ағаштың суреті салынған плакат беріледі)
Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз (оқушылар өздері таңдаған алманы алып,  ағашқа жапсырады).

• Қызыл  алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
• Жасыл  алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.


Х. Бағалау. ( бағалау парағына қойылған бағаларды жинақтап, оқушылардың сабақтағы қорытынды бағалары  шығарылып, журналға қойылады)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения