Зада Кудиярова
Должность:учительница
Группа:Посетители
Страна:Кызылординская обл
Регион:Обл Кызылорда Район Шиели аул Каргалы
09.03.2015
0
353
0

ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы

№ 241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің

IІ санатты тарих пәні мұғалімі

                 Кудиярова Зада                                                  

 

 

1.Сабақ тақырыбы: «ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, халық ауыз әдебиеті, Қазақстан жерін, тарихын зерттеуі».

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:

«ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, халық ауыз әдебиеті, Қазақстан жерін, тарихын зерттеуі» тақырыбын талдау.

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:

Топпен  жұмыс істеу барысында тақырыпты талқылайды. Әдеби үйірме әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту.

4.Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады):

Білу:  ХҮІІІ ғ Қазақстанды зерттеген орыс зерттеушілері мен  халық ауыз әдебиетінің өкілдерін білетін болады. (барлығы)

Түсіну: Орыс зерттеушілерінің еңбектері мен Қазақ ақын – жырауларының ХҮІІІ ғ көтерген мәселелерін түсінетін болады. (барлығы)

Қолдану:  Әдеби үйірме әдісі бойынша тақырыпты түсіндіру (көпшілігі)

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау (әрбір оқушыны оқыту туралы білу):

Топтық жұмыс бойынша тақырыпты талқылау.

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу:

Мен тапсырма мақсатына қол жеткізуге көмектесемін. Мен тапсырмалардың орындалу барысын қадағалау үшін қатарларды аралап шығамын.

7.Ресурстар мен жабдықтар (алдын ала тапсырыс беру қажет тех.құрылғылар тізімі): поуер пойнт, үлестірмелер, кәсіби жабдықтар               

                                          Сабақ барысы

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Ресурстар

2  минут

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

2. Оқушыларды топқа бөлу.

1.Достық шеңберін жасау.

2.Оқушылар 4 топқа бөлінеді. «Орда», «Алтын орда», «Ақ ала орда», «Ақ үй».

 

 

Топтардың атаулары.

4 минут

І. Кіріспе бөлім. «Ой шақыру».

1. «Мәдениет» дегеніміз не?

2. Осы уақытқа дейін қазақ халқының қандай мәдениеттерімен таныстыңдар?

3.  Қазір сендер тарихтың қай кезеңін өтіп жатырсыңдар?

 

Осы сұрақтар төңірегінде ой бөлісіп, төменгі сыныптарда өткен материалды еске түсіреді.

Сұрақтар

10 минут

ІІ. Таныстырылым бөлімі.

 Орыс зерттеушілері мен қазақ ақын – жыраулары туралы презентация арқылы мағлұмат беру.

Мағлұмат алады.

Презентация

20 минут

ІІІ. Негізгі бөлім. Мәтінмен жұмыс.

Әдеби үйірме әдісі бойынша

 Берілген рөлдер бойынша тақырыпты түсіндіреді.

Баяндап беруші – тақырыптың мазмұнын баяндайды.

Баяндамашыларды «бағдаршам» арқылы бағалайды.

Зерттеуші – Қазқстанды зерттеген орыс және шетел зертеушілерінің еңберктеріне тоқталады.

Зерттеушілерді «бағдаршам» арқылы бағалайды.

Сұрақ беруші – тақырыптың негізгі мазмұнын қамти отырып 2 сұрақ дайындап, топтар бір – бірлеріне тастайды. Топ болып сұраққа жауап береді.

 Сұрақ құрастырушыларды «смайлик» арқылы бағалайды.

Сілтеме табушылар – Қазақтын ХҮІІІ ғ ақын – жыраулардың көтерген мәселелеріне тоқталады.

Сілтеме табушыларды «смайлик» арқылы бағалайды.

Бейнелеуші – суреттеуші – ХҮІІІ ғ Қазақстан мәдениетін  суреттеп бейнелейді.

Бейнелеушілерді «басбармақ» арқылы бағалайды.

Дәнекер – ХҮІІІ ғ Қазақ ақын – жыраулардың көтерген мәселелерін қазіргі уақытпен байланыстыру.

Рөлдер

6 минут

ІҮ. Қорытынды бөлім.

«Мәдениетім – мақтанышым!» тақырыбында эссе жазу.

Лоторея билетін пайдалану.

Оқушылар дәптеріне орындайды.  Ұтыс  шыққан оқушы дәптеріне жазғанын оқиды. Бірін – бірі бағалайды.

Лоторея билеті

2 мин

Рефлексия

 

Оқушылар бүгінгі сабақта  не ұнады? Не ұнамады? Жазып, стикермен плакатқа жапсырады.

Стикер

1 мин

Ү. Үйге тапсырма.

«ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, халық ауыз әдебиеті, Қазақстан жерін, тарихын зерттеуі».

Тақырыпты оқу.

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения