Гульшат
Должность:Учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Костанайская область, Камыстинский район, с.Клочково
07.03.2015
0
601
0

Урок казахской литературы в 6 классе на тему: Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, шортан, һәм шаян»

Пән аты: Әдебиет     

Сыныбы: 6

Күні, айы, жылы:19.02.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы  «Аққу, шортан, һәм шаян»

 

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Сөйлеу тілін дамыта отырып, сұрақтарға толығымен, дәл жауап беруге дағдыландыру, оқыған шығарманың тақырыбын, идеясын ашып, кейіпкерлерге мінездеме беруге үйрету.

2.     Дамытушылық: Ой-өрістерін кеңейту, өз ойын тарих, орыс әдебиеті пәндерімен ұштастырып, еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

3.     Тәрбиелік: Қазақ әдебиетін оқу арқылы қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, жақсы мен жаманды саралай келе бірлікке, ынтымақшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, салыстыру, ішінара ізденушілік, баяндау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері:

1.     А.Байтұрсыновтың портреті, «Қырық мысал» кітабы, шығармалары.

2.     И.А.Крыловтың мысалдар жинағы мен портреті.

3.     «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдері» буклет.

4.     Интерактивті тақта «Ұлы Жібек жолы», «Тоныкөк», «Күлтегін», «Білге қаған» ескерткіштерінің көшірмелері түсірілген слайдтар.

5.     «Асыл сөз» сөзжұмбағы.

6.     Қазақ әдебиеті кезеңдерін насихаттайтын жарнамалар.

Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар,  қазір қандай сабақ?

- Қазақ әдебиеті сабағы.

- «Әдебиет» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Бұл сөз қандай мағынаны білдіреді?

- «Әдебиет» араб тілінен аударғанда «асыл сөз» деген мағынаны білдіреді.

- Олай болса, сіздер «Сөз өнері» сабағына, яғни қазақ әдебиетін жарнамалау агенттігіне хош келдіңіздер!

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынов. Аққу, шортан һәм шаян». Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырға дейінгі қазақ әдебиеті кезеңдерін жарнамалай отырып, әдеби жанрларға тоқтау. А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан мағұлмат беру.

Сабақтың эпигрофы: Әдебиет – атамұра – асыл қазынамыз, ол халықтың күш – қуаты, тарихы десе де болады. Әдебиет халықпен бірге мәңгілік ұлттық мұра.

ІІ. Өткенді қайталау.

-         Ауызша дамыған әдебиетті қандай әдебиет дейміз және олардың жанрларын атаңдар.

-         Өте ертеде жазу болмаған уақытта тараған, ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткен әдебиет ауыз әдебиеті деп аталады. Ауыз әдебиетінің жанрлары: мақал – мәтел, жұмбақтар, ертегілер, аңыз – әңгімелер, тұрмыс – салт жырлары.т.б.

-         Сонда бізге ауыз әдебиеті нені үйретті?

1 – жарнама.

     ертегілер                           жұмбақтар                          мақал – мәтелдер

 

 

аңыз әңгімелер                      АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ               жаңылтпаштар

                                           

                                              тұрмыс – салт жырлары

-         Ауыз әдебиетінен кейінгі дәуірді қалай атаймыз? Бұл дәуірде не дамыды?

-         Ежелгі дәуір әдебиеті дамыды. Ежелгі дәуірде адамдар әдеби мұраларын тастарға жазып қалдырды. Олар бірігіп мемлекет құрды.

-         Ол мемлекетті кімдер құрды және қалай аталды?

-         Өзбектер, қазақ, қырғыз, әзірбайжан, түркімен, ұйғыр, башқұрт т.б. бірігіп Түркі қағанатын құрды.

-         Олардың қандай қалалары болды? Бұл қалалар қай жолдың бойында орналасты?

-         Испиджаб, Тараз, Қойлық, Суяб, Сығанақ, Отырар деген қалалары болды. Олар Ұлы Жібек жолының бойында орналасты. («Ұлы Жібек жолы» слайд)

-         Ұлы Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан ХҮІ ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Орта Азиямен байланыстырған, халықтар арасындағы экономикалық және мәдени байланысты дамытқан жол. Оның ұзындығы 7 мың шақырымнан асты.

-         Бұл ғасырда түркі ақындары әдеби мұраларын қайда жазып кеткен? Оны алғаш кім зерттеді?

-         Түркі ақындары әдеби мұраларын тастарға жазып қалдырған. Оны алғаш Дания ғалымы В.Томсен зерттеді.

-         Ол тастар қай жерден табылған?

-         Орхон – Енесей өзенінің бойынан табылған.

(Тоныкөк, Білге қаған ескерткіші, Күлтегін ескерткіштері слайдтар)

2 – жарнама.

Ежелгі дәуір әдебиеті Ұлы Жібек жолы, құлпытастардағы жазулар, В.Томсен, Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегін ескерткіштері туралы сыр шертеді.

-         ХІХ ғасыр әдебиетінің басты өкілдері кімдер?

-         Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев.

-         Ш. Уәлиханов туралы не білесіңдер?

-         Ш. Уәлиханов 1835 жылы Көкшетау жерінде туған. Ол бала кезінде әжесі Айғанымның ертегілері мен жырларын естіп өскен. Әкесі Шоқанды 12 жасында кадет корпусына оқуға берген. Осы жерде ол Гриша Потанин деген баламен танысады. Шоқан – тарихшы, географ,  фольклорист, саяхатшы, суретші.

-         Ы. Алтынсарин туралы не білесіңдер?

-         Ы. Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болады. Ол мектептер ашты, «Қазақ хрестоматиясын» жазды. Толстойдың, Ушинскийдің өлеңдерін аударды. Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы, ұлы педагог, жазушы, аудармашы.

-         А.Құнанбаев туралы не білесіңдер?

-         А. Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, философ, композитор, аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Ол 1845 жылы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның ертегі – аңыздарын естіп өсті. Абай Семей қаласындағы медреседе оқып жүргенде көп уақытын кітап оқуға, Шығыстың классик ақындарының ертегі – дастандарын оқуға жұмсаған. Абайдың табиғат туралы өлеңдері, «Ғылым таппай мақтанба», «Көзімнің қарасы» т.б. өлеңдері, қара сөздері бар.

3 – жарнама.

ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдері Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин,    

А. Құнанбаевтың шығармалары даналыққа, адамгершілікке, білімділік пен парасаттылыққа шақырады.

ІІІ. Сергіту сәті.

Сөзжұмбақты шешу.

1.     Араб тілінен аударғанда әдебиет –

2.     Қазақ халқының ұлы ақыны, философ, композитор?

3.     Ұлы Жібек жолындағы Түркілердің қаласы –

4.     Балқожа бидің немересі, қазақ балалар әдебиетінің атасы –

5.     Омбы кадет корпусында оқыған, қазақтың белгілі ғалымы кім?

6.     Ежелгі дәуір әдебиетінің мұралары жазылған құлпытастар қай өзеннің бойынан табылған?

7.     Білге қаған мен Күлтегіннің ақылшысы?

8.     Абайдың әжесі.

ІҮ. Жаңа сабақ.

-         Біздің өткен әдебиет кезеңдерін қайталап, сол кезеңдер туралы жарнама беріп отырғанымыз – бүгін біз қазақ әдебиетінің тағы бір кезеңі ХХ ғасыр әдебиетін бастағалы отырмыз. ХХ ғасыр әдебиетінің өкілдері:

А. Байтұрсынов, Ж.Жабаев, С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, С. Бегалин, М. Әуезов,  С.Мұқанов т.б.

-         Бүгінгі біздің танысатынымыз А. Байтұрсынов.

(«ХХ ғасырдағы әдебиет өкілдері» слайд бойынша жұмыс)

         А. Байтұрсынов – 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінде орта дәулетті шаруа отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Байтұрсын халық батыры Үмбетайдың ұрпағы еді. Ол халқымыздың тарихында үлкен орны бар қоғам қайраткері, дарынды ақын, шебер аудармашы, көрнекті педагог – ғалым, қазақ тіл білімінің негізін салушы, әдебиеттанушы. А. Байтұрсынов ұлы Абайдан соң И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тілінде сөйлеткен. Оның «Қырық мысал» деген атпен шыққан мысалдар жинағы 1909 жылы Петербургте кітап болып басылып шыққан. Қазір біз кітаптан А. Байтұрсынов Крыловтан аударған «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалын оқимыз.

Ү. Сөздік жұмыс.

мысал – басня

шаян – рак

шортан – щука

аққу – лебедь

кейін – назад

жұлқиды суға қарай – тянет в воду

машақат – трудность

күштерін аямай-ақ – не жалея силы

ауыр емес – не тяжелый (ая, ое)

асылы, орнынан жүк қозғалмады – и все же с места не сдвинули груза

орнында тұр – стоит на месте

біріңғай тартпаған соң бәрі тегіс – здесь: от того что не было согласия

ғибрат – пример

ынтымақ – солидарность

ҮІ. Кітаппен жұмыс. Кітаптан оқып шығу. Орысшасымен салыстырып оқу. Сұрақ – жауап.

-         Мысалдың кейіпкерлерін атаңдар.

-         Аққу, шортан, шаян.

-         Аққу не, ол қайда жүреді, мекені не?

-         Аққу құс, ол көкте ұшады.

-         Шортан не?

-         Шортан – балық. Ол суда жүзеді.

-         Ал, шаян ше?

-         Шаян жәндік. Ол жерде мекендейді.

-         Бұлар не істеді?

-         Бұлар жүкті тарта алмады.

(Мысалдың мазмұны бойынша сұрақ - жауап)

-         Бұл шығарманы неге мысал жанрына жатқызамыз? Мысал - қандай шығарма.

-         Мысал – қызықты қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Мысалда хайуанат, жәндіктер арқылы адам бойындағы кемшілікті, мінді айтады.

-         Мысалдың басты тақырыбы не? Олар неге тарта алмады? Осы тұсын теріп оқыңдар.

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек болсақ жолдас.

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

-         Тақырыбы: бірлік, ынтымақ, достық.

-         Идеясы?

-         Идеясы: адамдарды ынтымақшылдыққа, достыққа, бірлікке шақырады.

-         Бірлік туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

-         Ырыс – алды ынтымақ.

-         Бірлік болмай, тірлік болмас.

-         Крыловтың тағы қандай мысалдарын білесіңдер?

-         Крыловтың мысалдарын А. Байтұрсыновтан бұрын кім аударды?

-         Енді, осы екі ұлы тұлғамыз  туралы білетінімізді Венн диаграммасы бойынша көрсетейік.

 

ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

            А. Құнанбаев                                                А. Байтұрсынов

Композитор, қара сөз жазды, философ, Шыңғыстауда туды, қазақ жазба әдебиетінің негізін салды.

Ақын, қоғам қайраткері, аудармашы, Крыловтың мысалдарын аударды.

Мұғалім, оқулықтар жазды, қазақ алфавитіне реформа жасады, қазақ тіл білімінің негізін салды.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения