Бажанова Сауле Омерханқызы
Должность:учитель физики - информатики
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:Алматинская , Карасайский, Турар
07.03.2015
0
3540
5

Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»

«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» кмм 

Қазақстан тарихы пәнінің

мұғалімі

Ахметова Салтанат Муратовна

          

Эссе

«Менің педагогикалық ұстанымым»

 

         Мұғалім өзінің білімділігімен,  жүріс - тұрысымен, жайдары мінезімен,  тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада  қатты  әсер  етеді.  (Мәлік Ғабдулин)

   «Жер бетінде мекен еткен адам заттың бір бұтағы халықтың қандай да бір дара қасиетке  ие болып, қандай бет - бейнемен көрінуі сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей қатысты»деген екен бір ғұлама.Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бірінші - өз үйі жанұясы, екінші - өскен ортасы. Ал отбасынан алған тәрбиені дұрыс өрбіту мектептің міндеті. Ол міндетті орындауға басты тұлға мектептің жүрегі - мұғалім. Мұғалім – берген білім, үйреткен тәрбиесімен  мәртебелі.  «Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол ұстамдылық , ол- ұстаздық». «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқан  осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он бір жыл болды. Қиыны мен жеңілі,қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым-үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойына жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жету. Ендеше, мұғалім жұмысының негізгі ісі өзінде. Қай қоғамда болмасын ұстаз жоғары болған.

                  Бір мұғалім бар-алдынан тез кеткің келеді,

                  Бір мұғалім бар-қуып жеткің келеді,

                  Ұстаз бар-алдынан мәңгі жүріп өткің келеді, - деп ақын жырлағандай мұғалім болу аса жауапкершілікті іс деп білемін. Осындай жаһандану заманында тұспа-тұс келген біздің шәкіртеріміздің бойында рухызды сіңіріп,тіл мен дінін, ділін берік ұстанған ұрпақ оқыту. Тәрбиелеу барысында тарих пәні мұғалімнің  мойнына жүктелген міндет зор. Менің педагог ретіндегі  басты ұстанымым ұлттық  тарихымызды оқушылар бойына сіңіріп, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қамдаған заманына сай  ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді  қосу.

      Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз оқу «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман»,-деп (М.Дулатов) айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім беру ісінде шәкірттің білімге құштарлығын арттыру,өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойына жауапкершілік сезімін қалыптыстыру, ешқашан күн тәртібінен түспейтін мұғалімдерге қойылатын басты талап. Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курс тапсырмаларын орындау, мұғалім шеберлігін арттыру, жас ұрпақты өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеуге жауапкершілік артады. Осы жоба Қазақстан мектептерінде толық жүзеге асатын болса басқа елдермен бәсекеге түсе алатын жас ұрпақты тәрбилеп шығуымыз сөзсіз. Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты.Ұстаным дегеніміз не? (Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланстырады. Соцологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде алып көрсетеді.)  Педогогикалық ұстаным-бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез-құлқын басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Менің тарих пәнін оқыту технологиясының мазмұнын жақсарту жағдайындағы педогогикалық ұстанымым: «Егер мұғалім өн бойына өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жақтаса ол-нағыз ұстаз» (Л.Н.Толстой). Бұл жағдайда оқыту үрдісінде тарих пәнін меңгеруде жаңа технологияларды тиімді пайдалану, оқушыларды құзыреттілікке бағыттау уақыт талабына айналып отыр. Құзыреттілікке жетелеп алған білімді тәжірбие жүзінде пайдалану, өмірде пайдалану, жеке басының қабілеттерін дамыту мақсатында қолдана білу мүмкіндігі де есептеледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          Тарих білімінің сапасын артырудағы ең маңыздысы тарих пәні  мұғалілімінің біліктілігінде, ол дегеніміз оқушылардың теориялық алған білімдерін практикада қолдана білуде оқу-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру және алға қойған мақсатарының шешімін табу үшін жаңа білім көздерін өздігінен игеру. Ондағы міндет оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында сабақтарында электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны, тірек сызба нұсқалары, сынтұрғыдан ойлану стратегияларын пайдалана отырып, оқушыларды өздіктерінінен шығармашылық ізденіске бағыттаймын. Біліммен ғылым жолында жаңа көзқараспен үлкен жобаны іске асырып отырған елімізде білім  жоғары деңгейде  қарқынды дамитынында сенімім мол.                                                         

     Ұстаз - әкең мен шешеңдей қолыңнан ұстап, талабыңды көріп  жақсылыққа  теліп, бағыт-бағдар беретін  өміріңе жол ашатын жанашыр  жан.                                                  

   Ұстаз - шәкірттің рухани әкесі. демекші, Академик (М.Қозыбаев).  Мен әрқашан оқушылармен бірге өмір сүремін.                    

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения