Бажанова Сауле Омерханқызы
Должность:учитель физики - информатики
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:Алматинская , Карасайский, Турар
07.03.2015
0
513
0

Ашық сабақ "Белсенді құқық танушы интелектуалдық құқықтық танымдық ойын"

       «Ә. Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын

                   орталықпен»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

 

Сабақтыңтақырыбы: Белсенді құқық танушы интелектуалдық құқықтық танымдық ойын.

 

Тарих пәні мұғалімі:  С.Ахметова

 

Тақырыбы :    Белсенді құқық танушы интелектуалдық құқықтық танымдық ойын.

Мақсаты:  Жас өспірімдердің құқықтық білімдерін тексере отырып,  құқықтық сана сезімі мен мәдениетін қалыптастыру. Құқық пәнінен өткен сабақтарды  іріктеп  оларды әр түрлі әдіс тәсілмен білімдеу.

Дамытушылық: Оқушылардың берілген тапсырмаларды талқылап  орындай білуге,өз бетімен жұмыс істеуге үйрету  және проблемалық сұрақтар арқылы  олардың ой өрісін , ойлау қабілетін белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік : Адамгершілікке құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Қанатты сөздер. Қазақстан  Республикасының  конституциясы.  Құқық  оқулықтары.

Сабақтың түрі : Тренинг.

Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ – жауап,  нәтижені талқылау.

Ойынға қатысушылар: 9а, 9б сынып оқушылары.

Ι тур. Қанат қақты – капитандар  сайысы. Өз топтарын қорғау.

ΙΙ тур. Шынығу кезеңі 2-топқа конверттік сұрақтар.

 

1-сұрақ   Әлеуметтік норма дегеніміз не?

2-сұрақ   Құқық дегеніміз не?

3-сұрақ   Моральді тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапқа тартылама? Тартылмаған жағдайда неге?

4-сұрақ   Адамның жеке бас бостандығымен қадірі  ҚР конституциясында көрсетілген қалай? Біздің мектебімізде адамның жеке бас бостандығына  қол сұғушылық барма? Зорлық, қатігездік.

5-сұрақ   Ар, намыс қадір заң жүзінде қорғалама?

6-сұрақ   Кәмелетке толмағандар қандай қылмыс жасаған кезде жауапқа тартылады? Қылмысқа қанша жастан бастап тартылады?

7-сұрақ   Кім ҚР президенті бола алады? Африкадан көшіп келген қазақ президент бола алама?

8-сұрақ   Президенттің вето құқығы барма?

9-сұрақ   Қылмыс дегеніміз не? Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар?

10-сұрақ   Ұрлық қандай қылмыс түрі?

 

ΙΙΙ тур. Ой елегінен өткіз кезеңі. Ойлан тап.

                            1-топ

1.     Конституция - еліміздің негізгі заңы .

2.     Мемлекет – негізгі саяси ұйым.

3.     Заңды білу – заман талабы.

4.     Әр адамның құдайы – оның ары.

5.     Құқық барда – Отан бар.

6.     Құқық – заңдар жүйесі.

7.     Әділ істің – арты игі.

8.     Туғанды биде – иман жоқ.

 

                2-топ

1.    Президент – мемлекет басшысы.

2.    Азамат – құқығы бар ел тұрғыны.

3.    Парламент – Заң шығарушы орган.

4.    Заңның құрығы – бәрінен ұзын.

5.    Өш алғаннан гөрі – кешірген жақсы.

6.    Таста тамыр жоқ – туғанды биде бауыр жоқ.

7.    Туғанына бүрғаны – биді құдай ұрғаны.

8.    Егемендік – тәуелсіздік .

 

ΙV тур. Өз құқығыңды біл кезеңі.

1-сұрақ Баланың азаматтық құқығы  қай кезден басалады?

              Бала туған кезден

2-сұрақ Оқушы неге міндетті?

             Білім алуға, ата-анасын тыңдауға

3-сұрақ Оқушы неге құқылы?

             Білім алуға , емделуге, демалуға

4-сұрақ Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі? 18

5-сұрақ Баланың өз пікірін білдіруге , ақпарат алуға, ақпарат идея беруге құқығы бар. Ол шектеулі ме? Шектеусіз бе?    Шектеусіз

6-сұрақ Мемлекет билігінің қайнар көзі?    Халық

7-сұрақ Президент ауырған не қайтыс болған кезде, оның орнына кім келеді?

             Сенат басшысы

8-сұрақ Саяхатшы орманға серуендеп барғанда отты сөндірмей кетуінен өрт шықса ол қандай қылмыс?     Абайсызда жасалған.

9-сұрақ Қоғамның бастапқы ұясы не?    Отбасы

10-сұрақ Ата-ананың қасиеті не?       Балаларына қамқорлық жасау

11-сұрақ Құқықтың түрлерін ата?       Жеке азаматтық , саяси, экономикалық,

                                                             әлеуметтік, мәдени.

12-сұрақ ҚР азаматтарының міндеті? Заңдарға бағыну, басқа заматтардың        құқықтарын арын құрметтеу, тарихи мәдени байлықтарды сақтау, рәміздерді құрметтеу.

 

V тур. Құқық қорғаушылар сөйлейді.

- Марат пен Серік кеше қараңғыда Замираның үйіне келеді. Замираны шақырады, Замира шығады.

- Марат,  Замира жүр көшеге шығып серуендейік  деді. Серікте оны қоштады. Бірақ Замира әкесінің қыздардың көшеде жүретінін ұнатпайтынын  айтып, олардың ұсынысын қабылдамады.

- Екеуі үйден алыстап кетті. Жолдан тағы да сыныптастары Ермек пен Жандос шығады. Олар сәлемдесіп , Замираның үйіне тоқтап , Замираны шақыра бастайды. Оны көрген әлгі екеуі бұларға келеді.

- Марат сендер не Замираға келіп жүрсіңдер ме? Ермекті жұлқылай бастайды. Екеуі жағаласа кетеді. Оларды Жандос әрең ажыратып алды.

-Мұғалім : Оқушылардан сараптама беру керек, өз пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салу керектігін ескертті.

 

VΙ тур. Тарих тереңіне үңілсек

1-топ. Құқық пәнінде тарихи ұғымдар, мемлекет функциялары құрылымдары,  басқарулары бар. Сол термин сөздері айтып түсінік бер?

2-топ. Тарихта құқық бойынша негізгі заңдарды атап олардың ережелеріне түсінік бер?

VΙ тур. Шешендік өнер

Тақырыптары:

1.«Құқық барда – Отан бар»

2. «Мен - болашақ заңгермін»

3.«Ата –заңды құрметтейік»

Қорытынды. Ал оқушылар сайысымызды қорытындылау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения