Бажанова Сауле Омерханқызы
Должность:учитель физики - информатики
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:Алматинская , Карасайский, Турар
07.03.2015
0
463
4

Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ "ҰБТ -ге дайындық барысында Қазақстан тарихы пәнінен өткен тақырыпты білімдеу"

   Білімділік: ҰБТ-ге  дайындық  барысында Қазақстан тарихы пәнінен өткен тақырыптарды еске түсіріп пысықтау тереңдету.

   Дамытушылық: Оқушылардың  ойлау қабілеттерін үнемі жетілдіру мақсатында өткен  материалды еске түсіре отырып , тарихи оқиғаларды  фактілерді салыстырып, талдауға  үйрету.  Білім алуға  құштарлықтарын дамыту.

   Тәрбиелік: Туған жерге  деген сүйіспеншілігін  артттыру , ұлттық  қадір қасиеттерді  үлгі етуге  тәрбиелеу.

   Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті  тақта,  тақтада жазылып  көрсетілген  топтастыру  сызбасы , плакаттар оқушының іздеген  жұмыстары  слайдтар.

   Сабақтың түрі: қайталау

   Сабақтың әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс – тәсілдері.

                                            Сабақтың барысы

      Ι   Ұйымдастыру кезеңі:  Сәлемдесу , түгендеу. Үй тапсырмасының  орындалуын  қадағалау .

     Ι  Топастыру стратегиясы:       Ι - топ

                                                              ΙΙ - топ

                                                              ΙΙΙ - топ

Әр топ топқа берілген тақырыптарды  ашып , қорғап  талдап береді.

   Топтастыру стратегиясы  арқылы оқушылардың еске түсіру қабілеттері артады.

     ΙΙ Ой қозғау стратегиясы (суретке қарап әңгімелеу) : Белгілі  біл тақырыптарға байланысты  сурет көрсетіледі.  Мысалы: қола дәуір кезеңдерінің  ескерткіштерінің суреттері көрсетіледі.  Оқушылар  ассоциативті ойлау нәтижесінде  тақырыпты ашып білімдейді.

  Қола дәуірі тақырыбында үш топқа тапсырма беріледі:

                                                         1. Андрон мәдениетіне сипаттама.

                                                         2.Қола дәуірінің  аймақтық ескерткіштері.

                                                         3.Қола дәуірінің шаруашылығы  кәсібі.

    Нәтижесінде, оқушы тест кезінде Андрон мәдениетіне байланысты сұрақ кездескенде, қола дәуіріне байланысты бір немесе бірнеше оқиғалар есіне түседі.

      ΙΙΙ Токсонамия ес деңгейі: Не? Қайда? Қашан ?

                                                      Ι Кенесары көтерілісі.

                                                      ΙΙ С.Датұлы көтерілісі.

                                                      ΙΙΙ Е.Пугачев көтерілісі.

  Осы секілді  сұрақ қою нәтижесінде барлық тарихи оқиғаларды талдауға болады және оқушылар мұндай сұрақтарды  өзара қойып дағдылау қажет.

      ΙV Әңгімелер кестесі (әр топқа тарихи тұлғаның есімі беріледі) :

                                                      Ι Шыңғысхан

                                                      ΙΙ Әмір Темір

                                                      ΙΙΙ Қасымхан

   Әр топ осы тұлғалардың өмір сүрген  жылдарын ,  қай жерде тұрғанын,  негізгі шайқастарын білімдеп ортаға салады.

   Осы секілді мысалы: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының  барлық стратегияларыына  қолдануға болады.

      ΙΙ  Бағалау:  Әр топ өздеріне баға береді. «Екі жұлдыз бір тілек»  деген ұсыныстар арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды  және мұғалімнің бақылауымен бағаланады.

                                     Мұғалімнің қорынынды сөзі

   Бүгінгі ҰБТ-ге дайындық мақсатындағы  сабағымызға белсенді қатысқан  үш топ мүшелеріне  «5» , «4» деген баға артық емес деп ойлаймын.

   Қазақ елінің  тарихы жайында  білімдеріңді жеткізіп , осы заман талабына лайықты жеткіншек  екендеріңді көрсеттіңдер.

   «Тәуелсіз ел тірегі  - білімді ұрпақ»  өздерің боласыңдар, болашақ еліміздің дамуы сендер секілді  жастарымыздың қолында сондықтан  заман талабына сай  білімді меңгеріңдер деген сөзбен сабағымызды аяқтағым келіп тұр.

   ҰБТ-ге сәттілік тілеу жылы лебіз білдіру.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения