Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
05.03.2015
0
1586
1

8 наурызға арналған ертеңгілік "Рахмет, саған Анашым!"

Бастауыш  сыныптарға арналған 8  наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесінің сценариі

Оқжетпес орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі:

Джуматаева А.Б.

 

Тақырыбы:  «Рахмет саған, Анашым». №1 слайд      

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер , бейнефильмдер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: шарлар, бейнефильмдер, презентация,мақал-мәтелдер.

Барысы:

Мұғалім: №2 слайд

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.                                                           

Аналардан туған небір даналар.       

         Ана деген тіршіліктің тірегі,                                 

 Армысыздар,қасиетті аналар! - дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Тасыбаева А.М. беріледі.

     №3 слайд.  Құрметті әжелер мен  аналар, әпкелер!  Біз сіздерді мерекемізге шақырған себебіміз, сіздерге зор махаббатымызды, сүйіспеншілігімізді,  сыйластығымыз  бен ілтипатымызды және шексіз алғысымызды білдіреміз.  Бала деген ана үшін ең қымбат. Ананың махаббаты ең пәк, ең қасиетті.  Ана- баланың бірінші мұғалімі және  жақын досы.  Әлемде анадан жақын , ыстық адам жоқ. Осы әдемі, қасиетті мереке тарихына шолу жасайық. Бұл мерекені тойлауды алғаш ұсынған неміс саясаткері Клара Цеткин екен. Себебі 8 наурызда Францияда болған әйелдер шеруімен тікелей байланысты. Ал 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні 1910 жылдан бастап  мерекеленетін болды.

 №4 слайд.  1 сынып оқушылары.   Ана туралы ән. «Құттықтаймын, мама», баянмен сүйемелденеді.

1 сынып. Әдеби монтаж. №5 слайд.

 1 оқушы:  Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.

 Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

 

2-оқушы:  Жарқын жузді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттык кетпес баладан

 

3 оқушы: Әр сөзімді жаттаған,

 Жүрегімде сақтаған,

 Анашым деп мақтанам,

айналайын ақ анам!

 

4 –оқушы: Ақ қабақты анашым,

 күн сәулелі анашым.

 Әлпештеген баласын,

 айналайын анашым.

 

5-оқушы: Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын

Жұмсағанда барамын.

 

6-оқушы: Қозы бағып жүргенде,

Жаңбыр жауды.

 Бір тамшысын әкелдім,

 Анам, саған!

Гүлдер жауып кетіпті

Қырды, тауды.

Бір шоқ теріп әкелдім,

Анам, саған!

 

7 –оқушы: Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

 

8- оқушы: Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

 

9- оқушы: Ана десем сезім білер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық

 

10- оқушы: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай

О адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай

 

11-оқушы: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім

Жанымды жадыратып күлдіретін

Сендегі маған деген махаббатты

Нұр толы қос жанарың білдіретін

 

12- оқушы: Дүниенің ең қымбаты ана екен,

Ананың ең тәттісі бала екен.

Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,

Ананың орыны бөлек дара екен

 

№6 слайд. *Әжелерге арналған тақпақтар.

 

1. Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

 

2. Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамын мен құттықтаймын.

 

3. Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

Балалар (хормен) . Құттықтаймыз! (3 рет) (құттықтау  ашықхаттарын беру)

№7 слайд.  1 сынып. «Қуыршақтар» биі.

Мұғалім:  

 Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиетті – ананы                                                                                                                                             

№8 слайд. 2 сынып оқушыларына  құттықтау сөз кезегін береміз. (Ән кезінде  бейнефильммен сүйемелдеу)

1.     Ана туралы тақпақтар.

2.     Ән: «Ақ мамам»  (әнді осы сыныптың аналары туралы бейнефильммен сүйемелдеу)

3.     Би: «Қазақ қыздары»

4.     Би : «Жастар биі»

Ойын: "Анаңды даусынан таны"

Алты ана өз балаларымен  ортаға шығады.  Балалар  аналардан теріс бұрылып,  «Құттықтаймыз,  ана!» деп  біркелкі дауыстайды.  Жетекші нұсқаған ана  «Рахмет!» -деп жауап береді.  Кімнің анасының дауысы екенін бала танып айту керек.

№9 слайд.  3 сынып оқушыларына  құттықтау сөзін береміз.   (Ән кезінде  бейнефильммен сүйемелдеу)

1.      Ана туралы тақпақтар. (Құттықтаймыз!)

2.      Ән: «Анашым» (бейнефильммен сүйемелдеу)

3.      Би.

№10 слайд.  Ойын:"Қолынан таны"

Бірнеше аналарды отырғызып  қоямыз.  Олардың балаларының көзін  байлап кезекпен  шығарамыз. Бала  өз анасын қолды ұстау арқылы тани алу керек.

1  сынып.  Бейне  ән    «Топ-топ, балақан» .

Мұғалім:  №11-12 слайдтар.  

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар.

№13-14  слайдтар.  

4 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.(Ән кезінде  бейнефильммен сүйемелдеу)

1.      Ана туралы өлең жолдары. (құттықтаймыз!)

2.      Ән: «Ана туралы жыр»

3.      Күй.   №15 слайд.

 

№16-17-18 слайдтар.  1 сынып. Би: «Көктемгі гүлдер»

№19 слайд.  Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы АНА кім?

АНА - нұр, өмір сыйлаушы, дана. данышпан, кемеңгер, ұстаз, күн, тәрбиеші т. б.

- АНА - бұл біз үнемі, күн сайын айтатын үздік, ерекше есім. Ана - бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн. Біз өз аналарымызды қалай атаймыз?

- Иә, МАМА - бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де мейірімді, жылы естіледі.

- Ендеше аналарың қандай адам?

АНА - ақылды, сұлу, нәзік, мейірімді, ардақты, аяулы т. б.

- Ақылды да сұлу аналарға арналған мақал - мәтелдер айтайықшы.

(Ана туралы мақал - мәтелдер)

 

№20 слайд.  Мұғалім: Ана туралы дана ойды аудио түрінде тыңдатады.

Мұғалім:  Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

 Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

 Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!

 

1.Қыз өссе елдің көркі               Ата-ананың қадірін

Гүл өссе жердің көркі                 Балалы болғанда білерсің.

2.Баланың ұяты-әкеге                 4.Ана сүтін ақтамағанды

Қыздың ұяты-анаға.                      Ешкім мақтамайды.

1.Атасыз үй-батасыз                    3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар

Анасыз үй-панасыз.                       Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

2.Анаңа ауыр сөз айтпа                 4.Аға әдепті болса іні әдепті

Атаңа ауыр жүк артпа.                       Апа әдепті болса сіңілі әдепті.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения