Рашаева Калдыгул Жайкожаевна
Должность:Учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан.
02.03.2015
0
514
1

Открытый урок по чтению "Төрт тілек"

Пәні : әдебиеттік оқу  

сыныбы: 3 «Б»                                                       
Сабақтың тақырыбы : К.Д. Ушинский «Төрт тілек»
Мақcаты : К.Д. Ушинскийдің шығармаларымен оның ішінде, «Төрт тілек» әңгімесімен таныстыру ;
Білімділік : Жылдың мезгілі туралы білім беру арқылы Митяның тілегі барлық балалардың тілегі екенін, табиғаттың жылдың қай мезгілінде болса да сұлу да мейірімді екенін түсіндіру ;
Дамытушылық : дүниетанымын кеңейту, оқушыларды айналадағы кұбылыстарға ғылыми көзқараспен қарауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтарын ояту және жыл мезгілдерін салыстыру барысында табиғатты сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Типі : жаңа білім беру
Түрі : жаңа материалды меңгерту.
Әдісі: көрнекілік -әңгімелеу, сұрақ – жауап, шығармашылық.
Көрнекілігі : Портрет. Жыл мезгілдеріне байланысты слайдтар.

  Сабақтың барысы

I  Ұйымдастыру  бөлімі. 

1. Психологиялық  дайындық

- Жақсы  оқып сабақты

 Әдеп сақтау-сәніміз

 Сәлем  бердік сіздерге

Басымызды иіп бәріміз.

 Біздің көңіл күйіміз  қандай? Тамаша!  Олай, болса сабағымызды ұйымшылдықпен бірлесіп өткізейік.

-      Топқа бөлу.(Туған күндеріне байланысты жыл мезгіліне топтаса қойыңыздар)

І топ «Қыс»

ІІ топ «Көктем»

ІІІ топ «Жаз»

ІV топ «Күз»

            ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-        Үйге қандай тапсырма берілді?

-        С. Сейфуллин туралы мәліметті кім айтады?

-        «Қызыл шұнақ»  тіркесінің мағынасын айтып жіберейікші.

-        Өлеңде  не туралы айтылған?

-        Қысқы ауа райы туралы не айтар едіңдер?

-        Қыста қар жауады. Боран болады. Т.б.

  Өлеңді оқушыларға жатқа айтқызамын. (мәнерлеп жақсы оқыған оқушыларға қосымша сұрақ  қойып бағалаймын.

-        Біз  Қазақстанның  қай  өңірінде  тұрамыз?  Оңтүстік.

-        Ал  осы өлеңде айтылғандай үскірік суық, ұшан-теңіз  қалың қар, бет қарыған аяз,  зәрлі деммен ысқырған қылшылдаған қызыл шұнақ аяз еліміздің қай өңірлеріне тән құбылыстар деп ойлайсыңдар? Ақмола    обылысы, Ақтөбе обылысы, Қызылорда обылыстарында.

-        Оны қайдан біліп отырсыңдар? Теледидардан.

-        Дұрыс айтасыңдар, біз күнде теледидардан ауа райы туралы синоптиктердің мәліметін тыңдайды екенбіз.

           ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

-        Сонымен , балалар, қазір бізде қай мезгіл?

-        Қыс мезгілі кімдерге ұнайды?

-        Жарайсыңдар, балалар, бала кезімде қыс мезгілі маған да ұнайтын.

-        Қыс мезгілі бізге неліктен ұнайды, себебін  кім айтады?

-        Дұрыс, қыс мезгілі өзінің осындай қызықтарына толы екен.

-        Онда қане қыс мезгілі  ұнайды деп бәріміз қол соғып қояйықшы.

-        Балалар, біздің  бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне байланысты болады екен.

-        Бір жылда неше мезгіл бар?

-        Ендеше, алдымен  жыл мезгілдерінің ауысуы туралы  зерттеген Мұрагердің  ғылыми түсінігін  тыңдайық.

  Жыл  күн, апта, айдан құралады.  Бір жылда төрт жыл мезгілі бар. Олардың ауысып  келуі  Жердің  Күнді айналуына  байланысты болады. Жер   Күнді  365  не 366 күнде  толық бір айналып  шығады. Сол 365 күн Жыл деп аталады Ғылым бойынша  алғашқы үш жыл 365 күннен, ал  төртінші жыл 366 күн болып есептеледі. Ол  кібісе жыл  деп аталады.  Кібісе жылдың саны төртке қалдықсыз бөлінеді. Келе жатқан жаңа 2015 жыл кібісе жыл болып саналмайды.  Бұл жылы ақпан айында 28 күн бар екен.

-        Жыл туралы мәліметті түсініп алсақ, бүгінгі сабағымызға оралайық.

 

     К.Ушинский туралы мәлімет беремін.
К.Д. Ушинский Тула қаласында 19 ақпан 1824 жылы дүниеге келді.

К.Д. Ушинский – атақты орыс педагогы, балаларға  арнап  шығармалар жазған, бала жанына жақын болған кісі. Ол әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың  сауатын  ашуды армандады. Оқытудың сынып-сабақ жүйесін енгізді. Ол кісі балаларға арнап «Балалар дүниесі», «Мектепке шақыру», «Бүркіт пен мысық», «Бөтен тауық» атты балаларға арналған әңгімелер және «»Екі соқа», «Түлкі мен ешкі», « Жел мен күн» атты ертегілер  жазған.
Ол не туралы жазды? Ол жануарлар, балалар, табиғат туралы жазды.Монитордан оның жазған кейбір кітаптарын көрсету.

 

     Мәтінмен жұмыс

   Бүгін біз Константин  Димтриевич Ушинскидің «Төрт тілек» атты әңгімесімен танысамыз.

- Балалар, тілек дегенді қалай түсінесіңдер? Сендердің қандай  арман, тілектерің бар?

Балаларға өз тілектерін айтқызамын.

-        Жақсы , балалар, тілектерің өте тамаша екен. Тілектерің орындала берсін. Н.Назарбаев алғашқы президент күнінде сөйлеген сөзінде біздің тілегіміз бір, Отанымыз бір мен жастарға сенемін деген. Менде сендерге сенемін. Армандарың асқақтай берсін!       Кітаппен жұмыс. Балалар бәріміз мәтінге қараймыз. Өзім мәтінді мәнерлеп оқимын. Сонан соң  бірінші бөлімді «Қыс» тобы  оқиды.

-        Миитяға қыс мезгілі неліктен ұнады деп ойлайсыңдар?

-        Ол қандай тілек айтты?  (тауып оқыту)

-        Ал сендерге қыс мезгілі ұнай ма?

-        Онда қыс мезгілі ұнайды деп белгі соғып қояйық.» Көктем» тобы

        Мәтінді әрі қарай  бір оқушыға оқытамын, сұрақтар қоямын.

- Митяға    көктем несімен ұнады?

- Ол қандай тілек айтты? ( тауып оқыту)

-        Ал сендерге көктем мезгілі ұнай ма?

- Онда бізге де көктем мезгілі ұнайды деп белгі соғып қояйық.

     Мәтіннің келесі бөлігін  «Жаз мезгілі»  тобына   оқытамын, сұрақтар қоямын.

-        Жаз мезгілінің қандай қызықтары Митяны баурап алды?

-        Ол қандай тілек айтты?  (тауып оқыту)

-        Ал сендерге  жаз  мезгілі ұнай ма?

-        Онда  бізге де жаз   мезгілі ұнайды деп белгі соғып қояйық.

-        Енді ,балалар, қай мезгіл келеді?

-        Қане, балалар, Митяға  күз мезгілінде   не ұнауы  мүмкін екенін болжап көрейікші. Дәптерімізге күзгі  табиғат  тамашалары  туралы жазайық.

 Оқушылардың болжамдарын оқытамын. Оқулықты ашып мәтіннің  төртінші бөлігін «Күз» тобы оқиды. Сұрақ қоямын.

-        Ал балалар сендердің болжамдарың мен Митяның күз мезгілінен ұнатқаны сәйкес келді ме?

-        Митя қандай тілек айтты?

-        Ал сендерге күз мезгілі ұнай ма?

-        Ендеше белгі соғып қояйық.

-        Қане, балалар, біздің тілегімізді де қарап көрейік.

-        Бізге де жыл мезгілдерінің барлығы ұнайды. Ендеше бұл Митя сияқты балалардың барлығының да тілегі - тыныштық, алаңсыз, бейбіт өмір  екенін  біледі екенбіз.

Сонымен табиғатта қолайсыз  жыл мезгілі бола ма екен?
3) Талдау

 -Әңгімеде  кімдер  әңгімелеседі?

- Олар  не  туралы  айтады?

- Митяның қандай  төрт  тілегі  болды?  Митя  неліктен  төрт  мезгілдің  бітпеуін  сұрады?

-        Қорытынды:Табиғаттың  төрт  мезгілі  кезектесіп  айналып  келіп  тұрады. Ол табиғат  заңдылығы. Оны  өзгерту ешкімнің қолынан  келмейді.

-  Шығарма  ұнады  ма?

-Қай жыл  мезгілі туралы  айтқаны ұнады?  Тауып  оқу

Сергіту  Презентация «Жыл мезгілі».

Кәне,  жылдың әр  мезгіліне  қонаққа  барайық!

Табиғат  жылдың әр  мезгілінде де  тамаша!

 слайд.  Жұмбақ тыңдату,шешуін сұрау.

Бір оқушы « Көңілді қыс» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Қыс суреттері арқылы қыс мезгілін әңгімелеу.Кімге қыс мезгілі ұнайды?

- Неге?

 слайд.Жұмбақ тыңдату, шешуін сұрау.

Бір оқушы» Құс келді» өлеңін мәнерлеп оқиды.Әртүрлі көктем мезгіліне байланысты көз тартарлық суреттерді көрсете отырып әңгімелеу.

Көктемнің өзіне  тән қандай  ерекшелігі  бар?

г) Мәтінді мәнерлеп,   түсініп  оқу  жұмысы.

-Әңгіме  қалай  басталады?  Оқу    Неше  бөліктен  тұрады?

- Митя  қай жыл  мезгілі  туралы  керемет  деп  шаттанды? Қай бөлікте?

-Қай  мезгілді  бітпесе  екен деп тіледі?

- Ең  жақсы  мезгіл деп  қай мезгілге  тамсанды? Неше  сөз  арқылы  өзінің тамсануын жеткізді?

-Неткен тамаша  мезгіл! деп қай  мезгілді  айтты? 

  Митяның сөздерін дауыс  ырғағын  келтіріп  оқу

  Лепті сөйлемді  дауыс  ырғағын келтіріп  оқу.

Слайд.   Жұмбақ тыңдатып, шешуін табу. Бір оқушы  «Жазғы саяхат жыры»  өлеңін мәнерлеп  оқиды. Жазға байланысты суреттерді көрсете отырып әңгімелеу. 

 Слайд.  Жұмбақ тыңдатып, шешуін тапқызу.  « Күз»  өлеңін мәнерлеп оқыту. Күзге байланысты суреттер арқылы сөйлету.

Сабақты  қорытындылау

-        Кімнің  әңгімесімен таныстық?

-        Ол кім?

-        Сонымен  қай  жыл  мезгілі жақсы  екен?

Қорытынды:    Жылдың әр  мезгілі керек және ең маңызды!

-Сендердің  тілектерін Митяның тілегімен  сәйкес  келді ме?

Кәне  тақырыпқа  сай  мақалдар  оқиық.

Қысқа шанаңды  жаз  сайла.

Сәуір  болмай, тәуір  болмас

Күз- молшылық белгіс.

 

«Бір тілек, бір ой»  ойыны .  Мақсаты;  әр топ мүшелері өз айларына тілек айтады, әр маусымға бір ой айтады.   

                                                   12 айға тілек

 Қаңтар қатулы болмасын, 

Ақпан ашулы болмасы

Наурыз назды болсын!

Сәуір сазды болсын

Мамыр мағыналы болсын

Шілде шырайлы болсын

Тамыз тамылжып тұрсын

Қыркүйек қазына жисын

Қазан қаспақты болсын

Қарашада қар көп болсын                                                                             

Желтоқсанда жел жоқ болсын

Елімнің мерейі асып,

Он екі ай елжіреп тұрсын!

 

 

                                        

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения