Раисов Бекжан Сергазинович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
02.03.2015
0
413
0

Ашық сабақ тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос

 

ШҚО, Аягөз қаласы

"№5 жалпы білім беретін орта мектеп"КММ

"Өзін-өзі тану" пәні мұғалімі

Педагог-психолог Мадиева алия Заирқызы

 

Сабақтың тақырыбы:« Жақсылықпен жаным дос ».

Мақсаты:

Балалардың «жақсылық», «махаббат», «құндылықтар» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Білімділік: Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

2.Дамытушылық: Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Қайырымдылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбері, пікірлесу сұрақтары ,  мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, сахналау,шығармашылық жұмыс,дәптермен жұмыс, қорытындылау, үй тапсырмасын беру, жүректен-жүрекке әдісі.

Көрнекіліктер:дәптер,оқулық,суреттер.

Сабақ құрылымы

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын сұрау

III.Жаңа сабаққа дайындық

IV.Жаңа білімді меңгерту

V.Жаңа білімді бекіту

VI.Қорытындылау

VII.Үй тапсырмасы

 

 

                                       Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі  (1мин)

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Менің аты-жөнім:Тұрсынова Жанерке

 Шаттық шеңбері  (3мин)

-         Балалар,бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін»құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін сөздермен,көтеріңкі көңілмен,күлімдеген көзбен жеткізейік.

-         Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,өте ұқыпты баласың,адал доссың.

Енді бәріміз қосылып «Біз өмірдің гүліміз»өлеңін айтайық,                         

                                    Біз өмірдің  гүліміз

                                     Зеңгір   көктен

                                     Нұрын   төккен

                                     Ортақ біздің күніміз.

                                     Жайдары өскен,

                                     Жайнап өскен

                                     Біз өмірдің гүліміз

 

                                     Бал достыққа,

                                     Жолдастыққа

                                     Шақырады әніміз,

                                     Тыныштыққа,

                                     Нұр құшақта

                                     Бақыттымыз біріміз.

II.Үй тапсырмасын сұрау.(5 мин )

5-6 баладан

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жақсылықпен жаным дос» деп аталады.

Дәйек сөз

«Жақсы сөз-жарым ырыс»

III.Жаңа сабаққа дайындық.(5 мин )

Пікірлесу сұрақтары:

-Жақсылық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

-Жақсылық жасау деген не?

-Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

-Жақсылық жасау адамның  міндеті ме?

-Жақсы сөз айту жақсылыққа жата ма?

IV. Жаңа сабақты меңгерту. (25 мин )

1.Мәтінмен жұмыс

                                   Жақсылыққа-жақсылық

                                               27-бет

Сұрақтар:с

-Бала өзімшілдігінен қалай айырылды?

-Бала өмірден алған сабақтарынан тағы қандай қорытынды жасауы мүмкін?

-Өздерінің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?

 

2. Шығармашылық жұмыс.

Ертегілерді оқып,жалғасын өз ойларыңмен аяқтаңдар

                                Қарлығаш пен дәуіт

Бір қарлығаш ұя салып,балапандарын асырап жүреді.Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп,ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды:   Қарлығаш жыланды көріп,қатты қорқып,қорғап қалатын арашашы іздейді...

                              Арыстан мен тышқан

Бір күні арыстан ұйықтап кезде,тышқан келіп,оның үстінен жүгіріп өтеді.Арыстан оянып,тышқанды ұстап алады.Тышқан жалына бастайды:

«Егер мені жіберсең,мен де саған жақсылық жасармын»,-дейді ол.Арыстан    тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп,оны босатып жіберді.

3.Тапсырма

Өздеріңнің жасаған жақсылықтың туралы шағын әңгіме құрастырыңдар.

4. Ойын

Әр  түрлі көңіл күйді білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздарды үстел үстіне жазып,көрінбейтіндей етіп жайып қояды.Балалар кезегімен шығып кеспе қағаздарың біреуін таңдайды.Кеспе қағазда жазылған сөзді мұғалім баланың құлағына сыбырлап айтады.Бала сол көңіл күйді тек қимылмен ғана көрсетеді.Балалар оның қандай көңіл күйді көрсеткеннен табу керек.

5.Дәптермен жұмыс

 V.Жаңа білімді бекіту.

-Жақсылық жасау адамның ғана қолынан келеді.Қайырымдылық пен қамқорлықтан,махаббаттан,ізгілік пен игіліктен тұрады.Осы  бар қасиеттер қай адамның бойында табылса сол адамды жақсы адам деп айта аламыз.Қолымыздан келгенше жақсылық жасау қажет.Жасаған жақсылығы- мыз алдымыздан шығады.Қиын жағдайда досыңа бір ауыз жақсы сөз айтып,көмектесе алсаң жақсылық жасағаның яғни «жарым ырыс»деген сөз.

VI.Үй тапсырмасы

27-бет оқу,мазмұадау

 VII.Қорытындылау

Жүректен-жүрекке

Бір-бірімізге жылы лебіз,жақсы тілек айтайық.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения