Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
02.03.2015
0
408
0

Озық ойлы өрендер

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы
"Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Математика  пәні мұғалімі
Құдасова Ақмарал

Сабақтың мақсаты:

  1.      Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жинақтау, жүйелеу. Есеп шығаруға дағдыландыру.
  2.      Логикалық ойлау қабілетімен, есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
  3.      Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге, топпен бірге жұмыс жасауға тәрбиелеу. Жан-жақты дамыған салауатты тұлға тәрбиелеу. Өмірге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, жеке және топтық жұмысқа арналған  карточкалар, сөзжұмбақтар  т.б

 

«Математика  - ақыл, ойды тәртіпке келтіреді»

М. В. Ломоносов

 

«Математика ұлы ғылым, адамның ең бір асыл қасиеттерінің тамаша жемісі»

Д. И. Писарев

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі:  Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 6 сынып оқушыларынан құралған «Озық ойлы өрендер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Қанекей, озық ойлы өрендерімізді ортаға шақырайық! Қарсыалыңыздар! Болашақ математиктер, алғыр, тапқыр оқушыларымыз ортада. (Оқушылар фонограмманың дауысымен ортаға шығады). Ал, оқушылар көңіл күйлеріңіз қалай?!

Оқушылар: Хормен: Өте жақсы!

Мұғалім сөзі:  Жарайсыңдар!

Мұғалім сөзі:  Ал, олай болса менің қолымдағы әртүрлі фигураларды алып, түсіне қарай екі топқа бөлінеміз.(Оқушылар екі топқа бөлінеді). Өз топтарыңның атын ойласыңдар.(Оқушылар сол уақытта өз топтарына ат қояды)

1 топ:

Капитан:

Біздің топ: «Өркен»

Ұранымыз:

Топтың аты өркен

Болашағы көркем,

Өркендей бер елім.

Қазақстан жерім!

 

 

2 топ:

Капитан:

Біздің топ: «Жас ұлан»

Ұранымыз:

 Шаршы алаңға жарысқа

Шықты біздің тобымыз,

Жеңілсек те, жеңсек те,

Ашық болсын жолымыз!

Мұғалім сөзі:  Сендерге сәттілік тілейміз! Орындарыңа жайғасыңдар. Осы жерде 2 мұғалімді әділ қазы етіп, ал қалған мұғалімдерді 2 топтың жанкүйерлері етіп бөлу. Өйткені, қазір бізде сіздерге арналған тапсырмаларымыз бар. Ол ұпайлар сіздердің жанкүйер болып отырған топтарыңызға беріліп отырады.

 

І тур. Жаттығу

Оқушылар допты қағып алу арқылы менің сұрақтарыма жауап береді. Допты ұзақ ұстап, ойланған оқушыға ұпай берілмейді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Сұрақтары көбейту кестесінен беріледі.

 

ІІ тур. «Тез есептей білесің бе?» Бұл есепті дұрыс шешсек, математикалық термин сөз шығады.

 

1 топқа берілетін тапсырмалар:

 

Б

 

Ө

Л

Ш

Е

К

 

2 топқа берілетін тапсырмалар:

 

Р

А

Д

И

У

С

 

ІІ тур бойынша жанкүйерлерге берілетін тапсырма:

С. 37*42-1461=93

А. 728:(617-526)=8

Ұ.1541:23-21*3=4

Ы. 900:15+640:16=100

З. 8*9=72

Т. 1500:125=12

Х. 175+43+347=565

Л. 663:17=39

Н. 110:22=5

Қ. 76+36=112

4

93

12

8

72

 

565

8

39

100

112

 

8

5

8

93

100

Ұ

С

Т

А

З

 

Х

А

Л

Ы

Қ

 

А

Н

А

С

Ы

 

 

ІІІ тур. Логика әлемі

 

1 топқа берілетін сұрақтар:

  1.      Екі бала шахматты 2 сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

Жауабы: 2 сағат

  1.      Екі қолымызда 10 саусақ  болса, 10 қолымызда неше саусақ болады?

Жауабы: 50 саусақ

  1.      7 ағайындының бір-бірден қарындасы бар. Олар барлығы нешеу?

Жауабы: 8 туыс

  1.      Төрт таяқтың сегіз ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар?

Жауабы: 14

  1.      Айдос өзінің туылған күнін төрт жылда бір рет атап өтеді. Бұл қай күн?

Жауабы: 29 ақпан

  1.      Алымы бөлімінен үлкен бөлшек не деп аталады?

Жауабы: бұрыс бөлшек

  1.      Екі қатынастың теңдігі не деп аталады?

Жауабы: Пропорция

 

ІІ топқа берілетін сұрақтар:

  1.      «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті?

 Жауабы: 1 сағат, 43 минут

  1.      2 қасқыр екі қойды 2 сағатта жейді. Ал төрт қасқыр  төрт қойды неше сағатта жейді?

 Жауабы  2 сағат

  1.      50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек?

Жауабы: 5 бала

  1.      Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут?

 Жауабы: 15 минут

  1.      Санның 100-ден 1 бөлігі.

 Жауабы: Процент

  1.      Алымы бөлімінен кіші бөлшек не деп аталады?

Жауабы: дұрыс бөлшек

  1.      Алты санына кері сан.

Жауабы: 1:6     

 

ІІІ тур бойынша жанкүйерлерге берілетін сұрақ

  1.      Он бір түйе, бес жылқы

Екі сиыр, бес ешкі

Екі қоян, үш түлкі.

Таба алмасаң бос күлкі.

Жауабы: 28

  1.      Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма?

Жауабы: 24

 

Сергіту сәті: «Жаңбыр»

 

IV тур: Үшбұрыштарды сана

                              Жауабы:12 үшбұрыш бар.

Vтур: Математикалық мақал-мәтелдер .

(Команда мүшелері кезек-кезек айтып жарысады)

Мысалы:

  1.     Шындық он екі қабатты шынжырды үзеді.
  2.     Бесік баласы бес түлейді.
  3.     Еріншек екі істейді.

VІ тур: Қатесін тап

Мына кестедегі сандардың  ішінен 1 топқа «3» -ке, ал 2 топқа «4» -ке бөлінбейтін сандарды табу керек.

1 топ: «3»-ке бөлінбейтін сандарды тап

21

9

12

36

118

14

24

30

47

33

15

27

19

45

42

 

Жауабы: 14,19,47,118

2 топ: «4»-ке бөлінбейтін сандарды тап

8

24

20

48

64

40

16

22

61

92

32

18

12

72

94

 

Жауабы: 18,22,61,94

VІІ тур: Капитандар сайысы. «Жет рет өлшеп, бір рет кес»

Берілген фигураны бір рет қырыққаннан,  теңдей екіге бөлу керек. Қайта құрастырғанда бастапқы қалыпқа келетіндей етіп келтіру қажет.

 

VІІІ тур: Тест тапсырмалары:

  1.      Қарама-қарсы санды көрсет.
  2.    –(-6) және 6
  3.    12 және 12
  4.    -6,5 және 6,5
  5.    -7,8және -7,8
  6.      Таңбалалр ережесінің дұрысын көрсет
  7.    + (+)=+
  8.    –(+)=+
  9.    –(-)=-
  10.    +(-)=+
  11.      Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не деп атаймыз?
  12.    Пропорция
  13.    Масштаб
  14.    Теңдеу
  15.    Процент
  16.      Екі қатынастың теңдігі не деп аталады?
  17.    Теңдеу
  18.    Бұрыш
  19.    Пропорция
  20.    Масштаб
  21.      Артық сөзді тап
  22.    Жүз,он, мың
  23.    Шеңбер, шаршы, үшбұрыш
  24.    Азайту,қосу, бөлу, көбейту
  25.    Грамм, килограмм,маса
  26.      Үшбұрыштың периметрін табатын формула
  27.    Р=а+в+с
  28.    Р=2:а
  29.    Р=а+в
  30.    Р=в+с
  31.      24 санының бөлгіштері:
  32.    1,2,5,6,9,12,24
  33.    1,2,3,4,6,8,12,24
  34.    3,4,5,6,7,12,24
  35.    0
  36.      Бұрышты өлшейтін құрал не деп аталады?
  37.    Метр
  38.    Церкуль
  39.    Транспортир
  40.      10млн. Неше ноль бар?
  41.    5
  42.    6
  43.    8
  44.    7
  45.             112:8=?
  46.    14
  47.    12
  48.    17
  49.    -14

ІХ тур Фигуралар. Бұл турда оқушылар алдындағы түрлі-түсті қағаздардан, фигуралардың көмегімен бір зат құрастыру керек. 

Логикалық есеп

  1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. Жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды қалай өткізеді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белгілі болса?

Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші барғанда өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші барғанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бергі жағына ікеледі. Үшінші барғанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады.

2.1 сынып оқитын оқушы 10 дейін санауды және кері санауды ғана біледі? Бірақ оған 9-дың көбейту кестесін шығару керек?

Шешімі: 0-9 дейін санап бір қатарға жазады, ал екінші қатарына 9-0 дейің санап екінші қатарға жазады.

9*1=09

9*2=18

9*3=27

9*4=36

9*5=45

9*6=54

9*7=63

9*8=72

9*9=81

9*10=90

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения