Карымсакова Алтын Арыстанбековна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:казахстан
Регион:не указан
28.02.2015
0
300
0

Қазанғап «Шыныаяқ тастаған»

Сабақтың тақырыбы: Қазанғап «Шыныаяқ тастаған»

 

Біліктілік мақсаты: Оқушыны шығармамен жұмыс жасай білуге үйрету.

 

Дамытушылық мақсаты: Музыкалық шығармалар арқылы оқушының ой-                 

өрісін дамыту.

 

Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының музыкалық шығармаларына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, сол шығармаларды дәріптей білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер техникалық құралдар: Музыкалық аспап, реферат, тақырыпқа сәйкес дайындалған плакаттар, бейнетаспа, буклеттер, үн таспа.

 

 

Жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Қорытындылау.

V. Үй тапсырмасы.

 

 

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыны дұрыстап отырғызып, домбыраның құлақ бұрауын тексеремін.

Үй тапсырмасын тексеру:

Гамма соль минор (q – moll), Закарпат биі «Верховина» шығармасын толықтай ойнатып, кеткен қатесі болса өзім ойнап көрсетіп, түсіндіремін. С. Тұрысбеков «Көңіл толқыны».

Жаңа сабақты өту кезеңі:

         Бүгінгі жаңа күй сабағымызда күй – жаныры. Күй – қазақ халқына кең таралған аспаптық шығарма. «Ұлы оқиғалар сыры, адам өмірінің қат – қабат шындығын елестетеді. Қазақ жерінде замандар бойында болып өткен ұлылы – кішілі естердің өркеш – өркеш сілемдері күймен бейнеленген». Күй ел ішінде домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалады. Халық күйшісі Қазанғап Тілепбергенұлының өмірбаянына тоқтала кетсем. Қазанғап екі дәуір арасында өмір сүрген (1854 – 1921 жж.). Күйші Арал теңізінің жағалауындағы Құланды түбегіндегі Ақбауыр деген жерде қойшы жан – ұясында дүниеге келіп 73 жасында сол туған жерінде дүние салған. Қазанғап жас кезінен қой бағып оның жұбанышы домбыра болды. Қазанғап ауылға ат басын бұрған күйшілердің шықпай солардың өнерін үйреніп қалуға талпынды. Қазанғап Бесқалада тұратын Орынбай, Ембідегі Құрманияз, Қарамастағы Үсен күйшілерден дәріс алды. Қазанғаптың «Ысымпа», «Ақжелкең», «Шынаяқ тастаған», «Қиту қиту, қайт қайт» т.б. күйлері бар. Бүгінгі өтетін «Шыныаяқ тастаған» күйіне тоқтала кетейік. Қазанғап бұл күйін Үсен төренің ауылында шығарған. Қос күйші әңгіме – дүкен құрып, күй шертісіп отырған кештердің бірінде Үсеннің келіні Қазанғаптың тартқан күйіне ұйып, шай құюды ұмытып кетеді. Қазанғап шайдың құйылмай тұрып қалғанын көреді. Бірақ ойға оралған жаңа күйдің желісін бұзбай, тек қағатын қолымен тұрып қалған шыныаяқты нұсқап, домбырасын тарта береді.

–      Қазанғап бұл қай күйің? – деп сұрайды Үсен төре.

–      Аға, маған деген ыстық ықыласыңызға, көрсеткен қонақжайлылығыңызға аса риза пейілмен осы күйімді сізге арнадым – дейді Қазанғап.

с–      Маған арнаған күйің болса атын мен табайын, – дейді Үсен төре. Қонағымыз күй тартып отырып шай суып қалған соң шыныаяқты нұсқап еді. Сондықтан мұның аты «Шыныаяқ тастаған күй» болсын депті.

Күй ре минор (d – moll) тональдосында жазылған. Асықпай, нәзік екпінде орындалады. Өлшемдері кей жерінде ауысып отырады. Қағыстары ппv, пvп, пппп болып ауысып ойналады. Бұл күйде формлог белгілері кездеседі. Формлогтар оң қол қағысынан кейін сол қолмен ойналады. Күйде мынандай әсерлеу белгілері кездеседі: mf; mp. Бұл күйде тағыда лиг белгісі кездеседі. Күйдің үлкен сағаға келгенде тональность ре минор, ля минорға (a – moll) ауысады да ортаңғы буынға келгенде тональность ре минор қайта аяғына дейін ойналады. Күйді оқушыға ойнап көрсетіп, кездесетін белгілерін түсіндіре кетемін. Оқушыға жаңа күйді сағасына дейін талдатып, кездескен белгілерді сұраймын.

Қорытындылау:

     А) Жаңа сабақты берілген санға дейін қайталап ойнатып, оқушының жіберген қатесін айтып, ойнап көрсетемін.

     Б) Оқушыға баға қоямын.

Үй тапсырмасы:

     «Шыныаяқ тастаған» күйін сағаға дейін ойнап келу.

Қолданылған әдебиет:

     Қазанғап. Ақжелкең. Алма – Ата, «Өнер», 1984 ж.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения