Нуркалиева Райна Мендигалиевна
Должность:Бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казақстан
Регион:Атырау облысы Атырау қаласы
26.02.2015
0
1145
2

и,й әріптерінің жазылуы

Сабақтың тақырыбы: и, й әріптерінің жазылуы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  и мен й дыбыстары туралы  білімдерін кеңейте отырып, олардың жазылу ретін ұғындыру. Оқушының сауаттылық деңгейін арттыра отырып, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін нығайту.Жақсы оқуға деген құштарлықтарын арттыра отырып, білімді сүюге тәрбиелеу. Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру

Көрнекілігі: дидак.материал

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

II.Өткенді қайталау

-Дыбыс дегеніміз не?

-Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылыс               айтады

Дыбысты              естиді

-Дыбысты айтылуына қарай неше топқа бөлеміз?

 

Дыбыс

    

 

Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар

 

-Дауысты мен дауыссыз дыбыстардың бір-бірінен өзгешелігі қандай?

-Дауысты дыбыстар ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады, созылып айтылады. Дауыссыз дыбыстар өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады, қысылыңқы айтылады.

-Дыбысты таңбалау үшін алынған белгі қалай аталады?

-Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді.Әріп-дыбыстың жазбаша таңбасы.          жазады

Әріпті              көреді

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады.

III.Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту

Лағымның құлағы, мелтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады.
(ит)

-Жұмбақ жауабы қандай дыбыстан басаталады?

-И дыбысынан

-И қалай айтылады?

-Идыбысы созылып айтылады

-Демек, и қандай дыбыс?

-И-дауысты дыбыс

-Құрамынды и дыбысы бар сөздерді ата

-ит, инелік, тиін, киім,сиыр,би,ши

-Не байқадың? Қандай қорытынды жасайсың?

-И дыбысы сөздің басында, ортасында және  соңында да  кездеседі.

 

И-дауысты дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады:

би

ки                б, к, т, ш дауыссыз дыбыстарынан кейін келген и дауысты  

ти                   дыбыс болады.

шие

 

Иса

ит                        и әрпі сөз басында келсе дауысты дыбыс  болады

имек

ине

 

-Бұл дыбыстың сөз басында, 
Болмайды көп керегі. 
Йог пен йодтың расында, 
Алдында тек келеді. 
Соңында ол айдың да, 
Соңында ол тайдың да. 
Тұрады ол ортада 
«Айбын» менен «Айдында». 
- Балалар, сонымен
мен  қандай дыбысты айтып тұрмын? 

-й дыбысы
-
й қандай дыбыс? 

-й –дауыссыз дыбыс

-Құрамында й дыбысы бар сөздерді айтып көр. Не аңғардың?

-Ай, тай, қой, шай,ой, құйын. Й дыбысы сөздің ортасында және соңында  кездеседі.

Й   әрпі дауыстыдан кейін жазылады

мойын

айран

ағай

1 тапсырма

Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып жаз

 ....т-адамның досы. Олар     ...есін   қорға...ды. Балалармен   о..на..ды. Мал бағады. Аң да аула...ды.    ....тке    ....есі-қамқоршы.

Көркем жазу

Имаш қойға шөп берді.

2 тапсырма

Қайсысы дұрыс?  Қате әріпті белінен бір сыз

         И                                                 И

Т               ын                          Ж                   ек

        Й                                                  Й

 

        И                                                  И

Б              ік                             С                   рек

        Й                                                  Й

 

Дәлелде:................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3-тапсырма

Мәтін ішіндегі артық сөйлемді сыз. Құрамында и, й дыбыстары бар сөздердің астын сыз

Талғаттың үйінің алдында үлкен бақ бар. Онда алма, алмұрт, шие ағаштары өсіп тұр. Бақты Талғат өзі күтіп, баптайды. Қайыңның бір жапырағы түссе, таяу арада ауа райы бұзылады деген сөз.

Сергіту сәті

Біздер тату баламыз,

Әнге шырқап саламыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір,екі, үш, төрт-

Жоғары қолды созамыз.

Шығармашылық тапсырма

1.и мен й дыбыстары сөздің ортасында келетіндей сөздер ойлап жаз.

2.Олардың бірнешесінен сөйлем құра.

Мысалы: тиін, тыйым т.б

Тиін орманды  жерлерді мекенді. Сабақтан себепсіз қалуға тыйым салынады.

4 тапсырма

Мұражай, сыйлық, сиыр, инелік  сөздерін  қатыстырып сөйлем құра

Ауылда үлкен мұражай бар. Аулада инелік ұшып жүр.

IV.Бекіту

-Құрамында и мен й дыбысы бар сөздерді тауып айт

-Сол сөздегі и, й-дің дауысты немесе дауыссыз екенін дәлелде

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения