Шакерова Меруерт Алтаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
26.02.2015
0
535
0

Статья "Жұмбақтар тіл үйренуде - көмекші құрал"

Жұмбақтар тіл үйренуде - көмекші құрал

 

«Жұмбақтарды не үшін ойлап тапқан»-деп біз жиі ойланамыз. Жұмбақтардың шешуін табу үлкендер мен балалар үшін ермек пен  жағымды уақыт өткізу болып табылады. Бірақ шынайы келгенде ол бұлай емес. Жұмбақ- ертегілермен, тақпақ пен жаттамақтармен бірге қолданатын өзiндiк көркем өнер шығарма.

Жұмбақтар балалардың  ұғымталдығын, ақылдылығын дамытып, қоршаған ортаны таныуға көмектеседі. Халық ауыз шығармашылығына жататын жұмбақтар эпитетке, метафора мен афоризмға бай. Сондықтан да осындай жұмбақтарды қолдану балалардың сөздік қорын дамытады. Жұмбақтар балалардың есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады, өйткені балалар тек жұбақты шешіп қана қоймай, оларды жасыруды да ұнатады.

Бұл тек жұмбақтың жауабы ғана емес, онымен қатар мәтіннің  есте сақталуына әсер етеді.  Бұның бәрі жұмбақтың шешуін табуды тек жағымды іс қана емес,әжептәуiр пайдалы iс екенін көрсетеді.  Жұмбақтар тіл үйренуде бірде – бір көмекші құралдардың бірі болып табылады.  Әсіресе олар мектепке дейінгі жастағы балаларға тіл үйретуде  өзекті болып табылады.                      

Қазақ тілі және  ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерінде оларды қолдану несімен жақсы және пайдалы?

Оқытуда ойын технологиясымен қатар, жұмбақтар жаңа лексикалық тақырыпты меңгертуде және жаттықтыру жаттығуларды  өткізуде қолданылады. Жұмбақтар бұл тұрғыда ең берекелi материал болып табылады.Қазақ тілін үйретуде жұмбақтарды қолданудың маңызы зор. Жұмбақтарды шешу арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды, тілдері жаттығады.

Олар балалардың зейінін жаңа лексикалық өлшемге, өзіндік буынға аударып, ықшам, бейнелi сөздердің үлгiсi болады.   Жұмбақ – қорытынды неғұрлым белгісіз сөзге  қысқаша сипаттама береді, логикалық және танымдық жағынан  қызықты. Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу мақсатында қолданылады.Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінде қолданылған жұмбақтардың арқасында үйренген сөздер балалардың есінде қалып, жадында сақталады. Оларды бөлімге және күрделі дәрежесіне, балалардың жас ерекшелігіне қарай жинақтап алса неғұрлым тиімді болады.

Жұмбақтар әсіресе көрнекі-бейнелі ойлауды қалыптастыруға пайдалы. Тілге үйрету- балалардың сөздік қорын дамытуда аянбай тер төгу. Жұмбақтарды қолдану арқылы тіл үйрету қызық, пайдалы және үйретушi  ойынға айналуы мүмкін. Оңай тапсырмаларды шешу ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің ерекше элементі немесе тіл үйретуде балалармен жеке жұмыс болуы мүмкін.

Жұмбақтар балалардың заттар туралы ана тіліндегі білімін бекітеді, ал басқа тілдегі шешуі  жұмбақтағы заттың суретін анық, дұрыс бейне құруға көмектеседі, яғни сөздің мағынасын  дұрыс бірнеше тілде естеріне сақтайды. Мектепке дейiнгi жастағы балаларға тән  қалыптасқан сөздік қор  ерiксiз жадында қалады.

Бала жаңалық ашып және білгенін бекіту үшін онымен бірге жиі жұмбақ шешіңіз. Осындай жәй және ерекше тәсілмен тіл үйренуге деген ұмтылуды дамытыңыз.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения