Елешова Алмаш Исламбековна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:не указан
26.02.2015
0
352
0

"Лунтик - біздің досымыз" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

 Қазақстан Республикасы, БҚО, Орал қаласы

№34 «Балбұлақ» бөбекжай МКҚК

І санатты тәрбиеші

Ташаева Наталья Қазығұлқызы

 

 

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы: «Лунтик біздің досымыз»

Мақсат-міндеттері:

·        Балалардың он көлеміндегі сандарды үш тілде тура және кері санауға жаттықтыру.

·        Балаларды гометриялық пішіндерді ажырату қабілеттерін,логикалық ойлау қиялдарын дамыту,белсенділіктерін арттыру.

·        Сандарды үш тілде санау барысында балалардың сөздік қорын молайтып,туған тіліне құрмет көрсетуге тәрбиелеу,бірін-бірі сыйлауға,адамгершілікке баулу.

Әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын арқылы.

Билингвалдық компонент: Бір-один ,Бір- one

                                                   Екі-два; Екі-two

                                                   Үш-три ; Үш-three

                                                   Төрт- четыре;төрт- four

                                                   Бес-пять;бес- five

Көрнекілігі: үлестірмелі материалдар,таяқшалар, геометриялық пішіндер,слайд, «Лунтик» мультфилмі.

Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар: «Лунтик» мультфильмін қарау.

Іс -әрекет кезеңдері

Мотивациялық қозғаушы

-         Балалар бізге көптеген қонақтар келді,қане амандасайық

-         Сәлеметсіңдер ме?

-         Сәлеметсіз бе!

-         Здравствуйте!

-         Good morning!

-         Жарайсыңдар!

Барлығы шеңберде дөңгелене тұрады.

Шаттық шеңбері:

Достар арайлап таң атты,

Шашып бізге шапағын

Доброе утро друзья

Доброе утро родная земля

Good morning, good day!

   For you and everybody!

Балалар қимылмен жасай отырып, өлеңді тәрбиешіге қосыла айтады.

Іздену -ұйымдастырушы

-         Балалар қараңдаршы бізге біреу Skype бағдарламасы арқылы байланысқа шыққалы отырған сияқты.

Балалар экранға назар аударады.

-         Қараңдаршы, бұл кім болды екен?

-         Бұл Лунтик қой!

-         Дұрыс айтасыңдар!

Лунтик айдан жарылып шыққан бала. Ол ешнәрсе білмейді, рахмет айтуды да білмейді екен.

-         Сендер Лунтик жайлы ертегі білесіңдер ме?

-         Иә

-         Ал сендер Лунтиктің  достарын атаңдаршы?

-         Бабакапа, Лила, генерал шев, Пупсень мен Вупсень

-         Дұрыс айтасыңдар!

Осы Лунтикті Пупсень мен Вупсень деген достары оны үнемі ренжітіп жүреді екен. Лунтик тапсырма орындаудан қиналып, бізден көмек сұрайды.

-         Балалар Лунтикке көмектесесіңдер ме?

-         Иә, көмектесейік!

-         Жарайсыңдар! Қиналған адамдарға ,бір-бірімізге көмектесуіміз керек.

Ендеше Лунтиктің бірінші тапсырмасы: Менің достарымды санап беріңдерші?

Балалар экранда көрсетілген суретке назар аударып, үш тілде санайды.

-         Бір,екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз,он.

-         бір-один ,Бір- one; Екі-два; Екі-two; Үш-три ; Үш-three; Төрт- четыре; төрт- four; Бес-пять;бес- five

-         Жарайсыңдар!

-         Лунтиктің тапсырмасын орындап бергені үшін көңіл-күйін қарайықшы. Экраннан көңілді Лунтикті көреміз, ол сендерге риза.

-         Енді  Лунтиктің екінші тапсырмасы, теледидар көмегімен үлгіге қарап таяқшаларды пайдаланып,ұнаған затты бейнелейміз.

Балалар таяқшаларды пайдалана отырып, ұнаған заттарды бейнелейді.

-         Жарайсыңдар қандай әдемі жасадыңдар!

-         Ендеше Лунтикке назар аударайық,сендерге риза болып тұр!

-         Балалар енді сендер шаршаған боларсыңдар. Орнымыздан тұрып экранға қарап, әуенмен сергіту сәтін жасап жіберейік:

Один – важный господин

Два-глаза есть у льва

Три- желание загадай

Четыре- буква слова край

Пять- пальцев на руке

Шесть- шишки в рюкзаке

Семь- счастливое число

Восемь- Как две буквы О

Девять- С хвостиком кружок

           Десять- Молодец дружок!

Балалар сергіту сәтін әуенмен жасайды.

-         Тамаша! Көңіліміз сергіп қалды! Отырамыз.

-         Лунтик сендерге риза екен, қуанып тұр!

-         Енді, Лунтиктің үшінші тапсырмасын орындайық!

Жеміс-жидектерді, көкөністерді пайдалану арқылы, есептер шығару.

1.     Үш құлпынай, оған бір алма қосқанда неше болады?

                   3+1=?              3+1=4

2.     Екі сәбіз, оған екі қияр қосқанда неше болады?

                   2+2=?              2+2=4

3.     Бір алмұртқа төрт алма қосқанда неше болады?

                    1+4=?              1+4=5

4.     Екі баклажаннан бір баклажанды қосқанда нешеу болдады?

                     2+1=?              2+1=3

-         Балалар тағы экранға назар аударайық,қандай пішіндерді білетінімізді атайықшы?

-         Үшбұрыш,төртбұрыш, дөңгелек,сопақша, тіктөртбұрыш

Пішіндерді көрсету арқылы үш тілде атап бергізу.

Шаршы-квадрат-sguare; Үшбұрыш-треугольник; Сопақша- овал-oval; Тіктөртбұрыш-прямугольник-nestengle; Шеңбер-круг-circla

-         Балалар, Лунтиктің көңіл-күйін қарайық, тамаша! Өте көңілді, сендерге риза! Енді өзін ренжітіп жүрген Пупсин мен Вупсин де қуанатын болды!

Рефлексивті коррекциялаушы

-         Балалар, Лунтик сендермен қоштасқалы тұр. Осымен Лунтикпен байланысымыз аяқталды.

-         Сау бол!Лунтик!

-         Бүгін сендер өздеріңнің білетіндеріңді Лунтикке көрсете білдіңдер. Мен сендердің білімдеріңе  қатты ризамын. Сендерге сыйлық беремін.

-         Рахмет!

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Балалар өз беттерінше үш тілде тура кері санай алады.

Қандай түсінікті  игерді: Таяқшалармен жұмыс істеуді игереді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сандарды бір-біріне қосуды тәсілдерінмеңгерді.

 

"Лунтик - біздің досымыз" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті "Лунтик - біздің досымыз" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения