Елешова Алмаш Исламбековна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:не указан
26.02.2015
0
388
0

"Смешарик Ежикке көмектес" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

 Қазақстан Республикасы, БҚО, Орал қаласы

№34 «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК

Тәрбиеші

 Курманкулова Ажар Темірханқызы

 

Білім беру саласы:  «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы:  Ежикке көмектес

Мақсат-міндеттері:

-         Балаларды ертегі тыңдау арқылы ертегі желісін түсінуге үйрету.

-         Берілген логикалық тапсырмаларды орындату арқылы балалардың ойлау , есте сақтау қабілеттерін арттыру, түстерді бірбірінен ажыратып, үш тілде айта білуге дағдыландыру

-         Балаларды достарына үнемі көмектесуге, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, сурет бойынша әңгіме

Көрнекілігі: Видеоролик, слайд, үлестірмелі материалдар, үй және жабайы жануарлардың суреттері, сиықырлы карточкалар,  кейіпкер.
Билингвалдық компонент:
Қызыл- красный, қызыл – red, Көк- синий, көк- blue, Сары- желтый, сары- yellow,Жасыл- зеленый, жасыл- green

Алдын –ала жүргізілген жұмыстар:Қиыналған адамға керек кезінде қолұшын беру туралы әңгімелеу

Әрекет кезеңдері

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Кел балалар ортаға

Қайырлы таң достарым

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Қолымыздан ұстасып

Жылулықты алайық.

Барлық балалар қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

Іздену ұйымдастырушы

Видеоролик: « Смешариктің достарымен ойнауы» көрсетіледі. Балалар тамашалайды.

-         Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасындар ма?

-         Иа,ұнатамыз.

-         Олай болса мен сендерге смешарик Ежик туралы ертегі айтып беремін.

Бір күні Ежик атты смешарик болыпты.Ол өте арманшыл, қиялшыл, саяхаттауды ұнататын болыпты.Әрқашан көп нәрсені білгісі келіп жүреді, әсіресе Білімділер еліне баруды қатты армандайды екен.Бір күні сол елге бармақ болып жолға шығады.

Балалар мұқият,қызыға Ежик туралы ертегіні тыңдайды.

Оның коп білгісі келетінін, арманшыл екенін біледі. Ол Білімділер еліне барғысы келетінін армандайтынын біле отырып,Ежикке таңданады.

Видеоролик: «Қоянның тапсырмасы»

-Балалар ежикке көмектесеміз бе?
-Олай болса Ежикті тындайық.

-Видеоролик:  Салем достар! Маған көмектесесіндер ме?

- Көмектесеміз! Балалар ежиктің алдынан коп  тапсырмалар кездесетінін

біледі,оған көмектескісі келеді.

-         Мен Білімділер еліне жете алмай жүрмін.Сендер көмектессеңдер менің арманым орындалатын еді.олай болса маған берілген  тапсырмалар мынадай:

1-логикалық тапсырма: «Смешарикке көмектес»

Шарты: Берілген әр-түрлі түстердің арасынан смешариктер көрсеткен түстерді тез тауып белгілеу.

Мақсаты: Түстерді тез тапқызу арқылы балаларды шапшан ойлауға, түстерді бір-бірінен ажырата білуге дағдыландырып, үш тілде айта білуге үйрету.

Балалар қоянның тапсырмасын  орындайды. Түстерді таба отырып,белгілейді және түстердің үш тілдегі баламасын айтады: қызыл- красный, қызыл – red; Көк- синий, көк- blue; Сары- желтый, сары- yellow; Жасыл- зеленый, жасыл- green

2-слайд:«Қасқырдың тапсырмасы»

Ежиктің алдынан логикалық тапсырмалармен қатар орман жануарлары кездесіпті.Олардың да Ежикке арналған тапсырмасы бар екен.

2-логикалық тапсырма: «Жануарларды ажырат»

Шарты: Балаларды екі топқа бөлеміз.Олардың алдарында үй және жабайы жануарлардың суреттері араласып жатады.1-топ сол суреттердің арасынан өздерінің жолымен үй жануарларын бір тақтаға жапсырады.Ал екінші топ өз жолдарымен тақтаға жабайы аңдарды орналастырады.

Балалар тақтаға жабайы және үй жануарларын ажыратып тақтаға орналастырады.

Сергіту сәті Смешариктермен видеоролик арқылы өтеді.

3- видео «Аюдың тапсырмасы»

3-логикалық тапсырма «Қызықты карточкалар»

Шарты: Конверттің ішіндегі суретті алып сол байланысты өлең немесе әңіме құрастыру. (Шырша, қыс мезігілінің суреті, машина, лақ, )

Балалар аюдың да тапсырмасын орындайды. Конверттің ішіндегі суретке байланысты өлең немесе әңгіме құрайды.

-         Міне, балалар қарандаршы сендердің көмектеріңнің арқасында Ежик білімділер еліне жетіпті.

-         Біз бүгін кімге комектестік.?

-         Смешарик Ежикке көмектестік.

-         Смешарик Ежикке қандай аңдар кездесіп ,тапсырмалар берді?

-         Қоян,қасқыр,аю.

-         Ежик Білімділер еліне жетті ме?

-         Ия,жетті.

Рефлексивті коррекциялаушы

Осы  кезде есік қағылады, смешарик Ежик келеді.

 

 -         Балалар сендерге көп рахмет! Сендердің көмектеріңнің арқасында мен арманыма қол жеткіздім. Білімділер елінің патшасы ақылды, білімді достарыңа апарып бер деп сыйлықтар беріп жіберді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Кейіпкерлердің берілген тапсырмасын орындай біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Логикалық тапсырмалардыорындай отырып,

ойлау,есте сақтауды игерді.

Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Сұрақтарға толық жауап бере

алуды және өз ойларын толық жеткізе алуды меңгереді.

 

"Смешарик Ежикке көмектес" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті "Смешарик Ежикке көмектес" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения