Елешова Алмаш Исламбековна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:не указан
26.02.2015
0
728
0

"Кішкентай математиктер" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Қазақстан Республикасы, БҚО, Орал қаласы

№34 «Балбұлақ» бөбекжай МКҚК

Тәрбиеші

 Рысқалиева Әсел Серікқызы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Ұймдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Кішкентай математиктер»

Мақсаты:

*Балаларды жіктеу, орналастыру сияқты логикалық амалдарды ғана емес,

Ойнату пайымдауды қажет ететін логикалық тапсырмаларды орындату: заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру дағдыларын жетілдіру.

*1-5 сандарының орналасуын затпен санның санау тәртібі туралы санаған кезде бірде бір затты қалдырып кетуге, немесе бір затты екірет санауға болмайтынын түсіндіру.

*Логикалық ойлауларын және зейіндерін дамыту: Балалардың зейінін кеңестікте ойлау қаблетімен, есте сақтау қаблеттерін дамыту.

Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ жауап.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Домино ойынын ойнату.

Қолданылатын көрнекіліктер: Домино,үлестірмелі материалдар,қыстырғыш,

Билингвалдық компонент: Бір-один, Бір-one; Екі-два, Екі- two; Үш-три, Үш-three   Төрт-четыре, Төрт – four, Бес-пять, Бес-five.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шеңберге тұрайық

достарымызбен қол ұстасайық!  Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір –бірімізге тілегімізді айтайық! Бір- бірімізге

қарап  күлкімізді сыйлайық!

Балалар шеңберге тұрып бір- біріне қарап күлімдейді.

Қол алысып, қәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру.

-Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Тәрбиеші: Балалар, сендер бір топта тәрбиеленесіңдер, бәріңіз бірге ойнап, бірге сабақ оқисыңдар. Бұрын біздің топта болған достарыңды ұмытқан жоқсыңдар ма?

-Ұмытқан жоқпыз.

- Олай болса,достарыңды атаңдаршы?

- Дана,Жанель,Айназ,Шыңғыс, Ерназар

- Ия, олар да сендерді ұмытпаған. Солардың бірі Айназ сендермен хабарласып отыр. Ендеше, Айназды тыңдайық.?

-Жарайды, тыңдайық.

Видеоролик көрсетіледі. Айназ көрінеді.

-Cәлем достар! Қалдерің қалай? Менің де қалым жақсы. Достар мен сендерден көмек сұраймын. Маған тапсырмаларды орындауға көмектесіңдерші.?Әсел Серікқызы арқылы, сендерге тапсырма жіберіп отырмын.- Балалар сендерден тапсырмаларды орындауға Айназ  көмек сұрайды .

Сендер көмектесуге дайынсыңдар ма?

-Көмектесуге дайынбыз!

Ендеше екі топқа бөлініп сайыс түрінде Айназдың тапсырмасын орындайық.

Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ «Алғырлар», екінші топ «Білгірлер».

Ұйымдастырушылық ізденістік

1 тапсырма «Ойлан тап!»

Екі топтың балалары бір-біріне   логикалық тапсырма береді .

 «Алғырлар»:

Бұлбұл әсем жырлайды

Ел жұрт етіп тыңдайды,

2-ге 2-ні қосқанда

Нешеу болып сайрайды?

- Төртеу болып сайрайды.

«Білгірлер»:

Бес алманың екеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады.?

- Қолымда үш алма қалады.

«Уақытты бағдарлау»

1)Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті қолды жуамыз.

Әжемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз.

Бұл қай кезде болады?

-Таңертеңгі уақыт.

2)Біз тәртіпті боламыз,

Сабақты да оқимыз.

Серуеге шығамыз,

Қыдырамыз.

Бұл қай мезгілде болады?

-Күндізгі уақыт.

2 тапсырма «Біз санайық!»

Мақсаты:

 5-ке дейін  санау қабілетін күшейту; реттік санау дағдысын қалыптастыру.

Шарты:

-Балалар алдарындағы  карточкадағы

5-аю,4-түлкі,3-қоян,2-мысық,1-тышқан

аңдарды санап сол тұсқа сонша қыстырғыш қыстыру қажет.

Аңдарды санайды.

Бір,екі,үш,төрт,бес. Один,два,три,четыре, пять.

-Балалар тақтаға қарап 1-ден 5-ке дейінгі сандарды  тура және кері санау.

 Балалар 1-ден 5-ке дейін кері және тура санайды.

-Балалар енді үшінші тапсырмамыз Лабиринт  «Тышқан ірімшікке қалай жетеді»

Мақсаты: Балалардың логикалық  ойлау қабілеттерін арттыру.

Шарты: -Балалар алдарындағы карточканы сызық арқылы  тышқанды ірімшікке жеткізеді. 

-Балалар сызық арқылы тышқанды ірімшікке жеткізеді.

- Балалар енді үшінші тапсырмамыз

Домино «Көкөністер мен жемістер»

Мақсаты:  Домино ойынында реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу.

Шарты:

- Көкөністер мен жемістерді ажыратып, суреттер арқылы ретімен орналастыру

-Балалар доминоны сурет арқылы ретімен орналастырады.

Видеоролик көрсетіледі. Айназ балаларға  рақметін айтып, балалармен қоштасады.  Балалар да  Айназбен қоштасады.

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар  бүгінгі оқу іс -әрекеті сендерге ұнады ма?

-ия, ұнады.

-Сендерден тапсырмаларды орындауға кім көмек сұрады?

-Айназ көмек сұрады.

-Сендерге қандай тапсырмаларды орындаған қызықты болды?

- Домино, лабиринт ойындары және сандарды тура, кері санаған ұнады

-Балалар мен сендердің орындаған тапсырмаларыңды Айназға электронды почта арқылы жіберемін.

Іс –әрекет соңында балаларды мадақтау.

 

Күтілетін тәтиже:

Нені біледі: 1-5-ке дейінгі сандар цифрларды,реттік санауды.

Қандай түсініктерді игереді: логикалық тапсырмаларды шешу кезіндегі талдау туралы түсініктерді;

Меңгерген  дағдыларымен іскерліктер: Домино ойынын ойнап меңгерді.

 

 

"Кішкентай математиктер" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті "Кішкентай математиктер" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения