Елешова Алмаш Исламбековна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:не указан
26.02.2015
0
602
0

"Достық кездесу" спорттық ойын-сауық

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

№34 «Балбұлақ» бөбекжай МКҚК

Тәрбиеші

Нұрғалиева Майжан Жұмасейітқызы

Спорттық ойын-сауық тақырыбы: «Достық кездесу»

Мақсаты: Балалардың денсаулығын арттыруға, ептілікке, шыдамдылыққа және достардың қадір – қасиетін терең түсіне білу дағдыларын қалыптастыру.

 

Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті қонақтар  және балалар. Бүгін  біз сіздермен  достық кездесу атты  спорттық ойын сауықты көруге шақырамыз. Ал қәнекей бәріміз қол шапалақтап топтарды ортаға шақырайық.

 

Командалар сәлемдеседі:

1.     «Ақниет»‑ командасынан жалынды сәлем!(сәлемдесу)

2.     «Қайнар»‑ командасынан жалынды сәлем!(сәлемдесу)

3.     «Балдырған »‑ командасынан жалынды сәлем!(сәлемдесу)

 

 

Жүргізуші:

Міне, балалар шықты алаңға

Жас спортшылар жеке‑жеке команда

Ал, балалар өздеріңді танытыңдар

Естілік, мықтылық батылдық көрсетіп табанды

«Ура»‑ деген ұранды ортаға біз тастаймыз

Жарысымызды, денені қыздырудан бастаймыз.

 

Жүргізуші:

Ал қане бір‑бірімізді қостаймыз

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.

«Жеңіске жетеміз!»‑деп

Жалынды ұран  тастаймыз.

 

 

Жүргізуші:

Шарты: 1.<<Жалауды тез жеткіз>>

                  2.<<Кім жылдам >>

                  3<<Кім епті >>

                  4.<< Допты ұста>>

                  5.<<Жүйрік ат>>

 

 

«Жалауды тез жеткіз» эстафетасы

Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын алаңына қойылған  кегілені айналып өтіп, жалауды  келесі балаға  береді. Өзі команда тізбегінің соңына барып тұрады. Қай  команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.

 

«Кім жылдам?»  эстафетасы.

Балалар  сапен  бірінің атынан бір тұрып кезекпен кезек  допты  бірбірлеріне береді ең соңында капитан командасы алға келіп ойынды аяқтайды.

 

«Кім епті?» эстафетасы

Ойын шарты командакапитаны алға шығып қасықты қолдарына ұста  себетке допты жинауы керек.

 

-         Балалар енді бәріміз бір сергіп алайық

Музыкалық сәлемдеме: « Қошақаным »

Орындайтындар:Ерсұлтан ,Анель ,Райымбек

 

«Допты ұста» эстафетасы

Команда капитандары ойынды бастауға берілген белгі бойынша шеңберге жүгіріп жетіп, шеңбер ішіндегі допты алып, өз командасының ойыншысына жеткізеді. Ол ойыншы  допты  қайтып шеңбер ішіне апарып қояды. Қай команда тез аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.

 

 

 

 

«Жүйрік ат»‑ эстафетасы

Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы  әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.

 

 

 

Жүргізуші: . «Достық кездесу»  атты  спортық  ойын-сауықты аяқтай келе сіздерді мадақтау қағазымен марапатауға  рұқсат етініздер !.

Жүргізуші:

Бүгін міне оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз.!

 

 

 

 

"Достық кездесу" спорттық ойын-сауық "Достық кездесу" спорттық ойын-сауық "Достық кездесу" спорттық ойын-сауық
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения