Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
26.02.2015
0
762
0

Қазіргі сабақ – оқытуды шығармашылық бағытта ұйымдастырудың негізгі формасы

Республика Казахстан,ВКО,город Семей
Педагогический колледж им. М. О. Ауезова
Преподаватель педагогики
Архыматаева Нурила Жаксылыккызы

Қазіргі біздің қоғамымыздағы білім беру саласындағы қайта құрулар, соны жаңалықтар қоғамдық сұраныстан туындап отыр. Бұл еліміздегі озық ойлы мұғалімдердің, практика мен ғылымды жаңа тұжырымдармен, қағидалармен байытып, жаңа тәсілдермен толықтырып, қазіргі педагогиканың тәжірибелерін жинақтауға және оған жол ашуға мүмкіндік туғызады. Педагогикалық процессті жаңаша ұйымдастыру мен оның жаңалығы басқа да мұғалімдердің жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Қазіргі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің үстінде тұр. Жеке адамды жан-жақты қалыптастыру міндетін атқарушы әр ұстаз өз мамандық саласында білімді, креативті, озық ойлы, ізденімпаз, оқушы жанын түсінетін, жоғары адамгершілік сапаларға ие, ізгі де кемел  және әр іске махаббатпен келуі шарт. Оқыту барысында мұғалім оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде үй жұмысын тексергенде, жаңа білім енгізу, оны тұжырымдаған және сүйенген, алынған білімді қорытып, бір жүйеге келтірілген кезде де көрініп отыруы керек. Білім берудің негізгі мақсатына қол жеткізу үшін, сапалы білім беру және оқу-тәрбие үрдістерін талапқа сай ұйымдастыру әрбір білім беру мекемелерінің, әр педагогтың тікелей міндеттерінің бірі болмақ. Оқытуды тиімді ұйымдастыру, яғни білімді оқушыға нақты жеткізу, оның ғылыми, қоғамдық, мәдени, техникалық іс әрекетінің өсуіне жағдай жасау, білімді өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастыруды үздіксіз жүргізіп отыру қажет. Оқыту үрдісі қайда өтсе де (сабақта немесе сабақтан тыс уақытта) оқытушы мен оқушы қойылған талаптарды орындауы тиіс. Оқушыларға берілетін білім нақты, қоғамның, ғылымның, мәдениет пен техниканың дамуына сай берілуі тиіс. Мұндай күрделі ой өрісінің жүйелі қалыптасуына тікелей басшылық ететін, оқушы әрекетінің даму мен қалыптасуына жетекшілік жасайтын, оқушылардың білімді шығармашылықпен игеруіне жетелейтін, оның амал-тәсілдерін міндетін орындайтын - мұғалім әрекеті. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогикадан, методикадан хабардар,» жақсы оқыта білетін мұғалім», - деген А.Байтұрсынов. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі деуге болады. Ал, кәсіби шеберліктің жоғары шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу. Қоғамдық сұранысты жүзеге асыруда бүгінгі таңда мұғалімнен білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Ендеше заман талабына сай сабақты ұйымдастыру, оқыту үрдісін шығармашылықпен құру- әр мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болмақ.

Қазіргі қоғам дамудың жылдамдығымен, жоғары мобильділікпен ерекшеленеді. Даму адам өмірінің барлық саласында болып жатыр. Сондықтан жас буын оны қоршаған әлемдегі оқиғалар мен жағдайларға тез төселіп кетуі керек, ол үшін мықты білім мен іскерлік, дағдыны алуы тиіс. Қазіргі қоғам адамға мынадай талаптар қояды: жоғары сапалы білім, коммуникативтілік, қойған мақсатқа жетушілік, креативтіл-шығармашылық, ал жемісті карьера үшін лидерлік сапалар /қарым-қатынасқа түсе алу, кездейсоқ, әрі жаңа шешімдерді таба білу т.б./ .

Қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қолайлы талаптарды түбегейлі өзгертті. Қазақстан Республикасының «Білім беруді дамыту бағдарламасында»: «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты – білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту».- деп көрсетіледі, яғни белгілі бір қасиеттерге ие бола отырып, жастар қазіргі қоғамда әлеммен, өзімен, басқалармен бірге өзара үйлесімді өмір сүре алатын және қоғамға адал қызмет етіп, пайдасын тигізетін адам болып қалыптасуы тиіс. Ал Қазақстан Республикасының « Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»,-[1] деп белгіленеді. Білім берудің негізгі мақсатына қол жеткізу үшін, сапалы білім беру, оқытуды тиімді ұйымдастыру, яғни сабақ арқылы білімді оқушыға нақты жеткізу, оның ғылыми, қоғамдық, мәдени, техникалық іс әрекетінің өсуіне жағдай жасау, білімді өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастыруды үздіксіз жүргізіп отыру қажет.

Осылай, білім беру жүйесі, мақсаты мен мазмұны өзгеруіне сай оқытудың жаңа құралдары мен оқыту технологиялары пайда болса да сабақ оқытудың негізгі формасы болып қала береді. В. И. Даль сөздігінде: «Сабақ- қажетті уақытты қажетті ілімді беру, міндетті тапсырма, ақыл, нақыл, ғылым». Психологиялық-педагогикалық сөздікте: «Сабақ- оқытудың міндеттерін, яғни білім беруін, тәрбиеленуін және дамуын шешуге жүйелі түрде қолданатын белгілі бір уақыт аралығында тұрақты құрамдағы мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың формасы» [4.167 ]

Сабақ дәстүрлі жүйе де және қазіргі жаңа жүйе де болған, бар және болады да, ол ХҮІІ ғ. –дан бері яғни 350 жылдан бері өмір сүріп келеді. Сабақ қазіргі білім берудің басы да негізгі формасы оған оқу жұмысының 98% беріледі. Қандай инновациялар енгізілмесе де сабақтың негізгі қатысушылары : оқытушы мен оқушы болып қала береді. Ал оқытушы кез келген сабақтағы басты тұлға негізгі білім беруші, жол көрсетуші.

 Сабақ қоғамдық сұраныс пен талаптарға сай өзгеріп отырады. Оған мынадай негізгі факторлар ықпал етеді:

  •         Жаңа білім стандарттарының енгізілуі оның негізінде оқу бағдарламалары мен оқулықтардың жаңаруы.
  •         Жаңа оқыту технологияларының қолданылуы.
  •         Мемлекеттік деңгейде бағалауды бақылау

Сондықтан да сабақ қазіргі заман сабағы болуы керек, яғни бұрынғы дәстүрді жоғалтпаған, өзекті сабақ деген сөз. Өзекті сабақ дегеніміз- қазіргі уақытта керекті, қажетті және қоғамның талаптарын, қоғамдық сұранысты жүзеге асыратын сабақ .

Қазіргі сабақ - өзгеріп отыратын қоғам жағдайында білім алушыны өмірге үйрету, демократиялы, өзекті де қызықты, білім алушылардың өзін-өзі жетілдіруге бағыттайтын оқытушы мен білім алушылардың шығармашылық жұмысының негізгі формасы.

Қазіргі сабақтың негізгі идеясы- оқыту мен тәрбие, дамудың бірлігі. [6.25 ]

Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар:

-         жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын, яғни оның танымдық, жасампаздық қабілеттерін ашатын.

-         қоғам талап етіп отырған білім сапасын көтеруге бағытталған

-         білім алушыны өмір сүруге бағыттайтын т.б.

Қазіргі сабақтың белгілері:

  •         Қазіргі сабақ- қоғамдық сұранысты орындауға бағытталуы тиіс.
  •         Оқытушының барлық әрекеті психология ғылымдарының соңғы жетістіктері мен педагогикалық іс тәжірибелерді есепке алып ұйымдастырылуы тиіс.
  •         Көп жоспарлы мақсат, міндеттердің болуы: яғни іс әрекет қандай нәтижеге бағытталған: білу, тану, оқып, үйрену, меңгеру, қателіктерді азайту т.б.
  •         Оқытуға шығармашылық, іс әрекет тұрғысынан келу.
  •         Қазіргі сабақ жүйелі, жалпы, білімді және іс әрекет әдістерін талап етеді. Білім не нәрсенің болмасын мәні мен заңдылығын көре білуге көмектесуі тиіс. Оқытушы сабақтың қай кезеңінде қандай  оқыту әдісі, формасы т.б.  оң нәтиже берді соны нақты анықтай білуі тиіс.
  •         Қазіргі сабақ білім алушылардың шығармашылық, танымдылық қызметіне ден қояды.  Енді оқытуға емес, оқуға салмақ көп түсірілуі тиіс және оқушы белсенділігі назарда болуы тиіс.
  •         Қазіргі сабақта білім алушылардың жас ерекшелігі ғана емес, әсіресе қабылдау ерекшелігін ескеру талабы қойылады. Яғни /аудиал, визуал, кинестетик) ойлау ерекшелігі бойынша /аналитик, синтетик т.б./
  •         Білім алушылардың білім, іскерлік, дағдылық құзыреттіліктерін қалыптастыруға жағдай жасау.
  •         Сабақта жағымды атмосфера, көтеріңкі көңіл-күйдің болуы
  •         Қазіргі сабақ- білімді құндылық ретінде түсінуге әкелу
  •         Қазіргі сабақ- диалог, интерактивті оқыту формасына негізделген, қозғалмалы үрдіс. Ол жүйе бойынша оқытушы: «көмекші», «ұйымдастырушы», «қорғаушы», «сарапшы». Сабақтың ұйымдатырылуы:  қозғалмалы және вариативті /өзгермелі/
  •         Қазіргі сабақ жеке тұлғаға бағытталуы тиіс және әр білім алушының жеке дамуы мен жағдай жасалуға бағытталуы тиіс.
  •         Қазіргі сабақта гуманизм мен білім беруді гуманизациялау идеясы іске асуы керек
  •          Қазіргі сабақта   педагогикалық технологиялардың қолданылуы.
  •         Қазіргі сабақ – оқытушының шығармашылық мүмкіндігіне байланысты.  В. А. Сухомлинский: «Сабақ- мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениетінің айнасы, оның интеллектуальды байлығының, эрудициясы мен ой-өрісінің көрсеткіші» деп тегін айтпаған.
  •         Қазіргі сабақ- оқытушының шығармашылығына сын. [6.67 ]

Ендеше мұғалімнің шығармашылық зонасының көлемі қандай болуы керек? Мұғалім өзгерте алады:

-         әр сабақтың кезеңіне бөлінетін уақытты оқытушы өз өзгерте алады

-         сабақ кезеңінің мазмұны (дидактикалық дамытушылық тапсырмалар жүйесі арқылы)

-         оқыту әдіс-тәсілдерін

-         оқытуды ұйымдастыру формасын.

Қазіргі сабақтың тиімділігінің критериилері мыналар:

-         Оқыта отырып, ашылуға жағдай жасау

-         Жеке тұлғаны дамыту

-         Білім алушының болатын істі жобалай алуы

-         Ашықтық, демократиялық

-         Білім алушы тарапынан іс әрекетті сезіне білуі: нәтиже қалай шықты, оны орындауда қандай қиындықтар кездесті, олардан қалай шыға білді, орындауда білім алушы нені сезінді.

-         Қандай да бір жаңалық, ашылуға ұжымдық, топтық тұрғыдан келу

-         Білім алушы оқу арқылы кедергілерді жеңе отырып, нәтижеге, жеңіске жеткеніне қуанады. Әр ғылыми ұғымдарға ғылыми көзқараспен қатар, жеке субьективті де пікірі қалыптасады.

-         Оқытушы білім алушыларды зерттеушілік, шығармашылық істерге бағыттайды. [3.38 ]

Алда білім берудің басты міндеттерінің бірі: білім алушылар оқу міндеттерін өз беттерімен қою қабілеттерін дамыту міндеті тұр. [5.229 ]

А. Дистерверг : «Жаман мұғалім шындықты өзі айтады, жақсы мұғалім оны табудың жолын көрсетеді» десе Қытай даналығында: «Мен естісем-ұмытамын, көрсем- есімде қалады, өзім жасасам- мен меңгеріп аламын» деген сөз бар. Ендеше сабаққа жаңаша тұрғыдан келе отырып, білім алушылардың шығармашылық, танымдық мүмкіндігін жетілдіре отырып, жан-жақты, үйлесімді дамуына жағдай жасау қажет. 

Қазіргі сабақтың негізгі компоненттері:

Ұйымдастырушылық

Мақсаттылық

Мотивациялық

Коммуникативтілік

Мазмұндылық

Технологиялық

Бақылау-бағалау

Аналитикалық [7.23 ]

П. Ф. Каптерев өзінің «Дидактикалық жазбаларында»: «Қазіргі сабақ деп- егер ол қызықты болса, барлығы ойластырылған болса, онда тек қана ақылды дамытуға ғана арналған жаттығулар емес, ерікті де дамтыуға арналған тапсырмалар болса онда оны қазіргі сабақ деп айтуға болады» дейді.

Қазіргі сабақ – таным сабағы, жаңа ашылулар, іс-әрекет, қарама-қайшылықтар, даму, өсу, білім сатысы, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, мотивация, қызығушылық, кәсібилік, таңдау, инициативалық, сенімділік, қажеттілік.  [7.8 ]

Сонымен қазіргі сабақ – мұғалімнен үлкен жауапкершілік пен шығармашылықты, жаңашылдықты талап етеді. «Кімде кім ескіні әлдилей отырып, жаңаға қол жеткізсе, онда ол мұғалім болуы мүмкін» деп Конфуций айтқандай дәстүрлі сабақ негізін дамыту, жетілдіру арқылы  жоғары жетістіктерге жетуге болады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1.      Қазақстан Республикасының « Білім туралы Заңы».
  2.      Агафонова А. С. Практикум по общей педагогике. Питер, 2003.
  3.      Онищук В. А. Урок в современной школе. –М., 1981.
  4.      Психологиялық-педагогикалық сөздік. /Б. А. Молдағалиев, Л.М. Маденова, Ж. Ж. Жароллаева, Қ. Р. Қажымова/ А, «Арыс», 2011.
  5.      Современный урок: организация, проведение, анализ. –Тверь 2002.105с
  6.      Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: рождение мастера. М, ВЛАДОС, 2000.
  7.      Традиции и инновации в совершенствовании современного урока» //Доклад  Кречетовой В. В.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения