Алигазиева Айгул Калиматовна
Должность:Мұғалім
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Қазақстан
25.02.2015
0
614
0

Қыс қызығы

 

 Пән мұғалімінің аты-жөні: Алигазиева Айгүл Калиматқызы

Тобы: «Айналайын» ортаңғы  тобы

Білім беру саласы: « Таным»,  «Қатынас»

Бөлімдері: Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәні

Тақырыбы:  Қыс қызығы

 

Мақсаты      

*      Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінде қармен не істейтіндерін естеріне түсіріп айтқызу. Компьютердегі тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды орындай білу мүмкіндіктерін жетілдіру.

*      Қыс мезгілі туралы берілген тапсырмаларын орындату. Электрондық оқулықтағы тапсырма бойынша «Лелик» атты баланы қыс мезгіліне байланысты дұрыс киіндіре білу. Аққала құрастыруда қолданған заттарын  атай білу арқылы сөздік қорларын дамыту.

*     Қойылған сұрақтарға толық жауап беру, құрбыларымен қатынас жасап, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру. Жан – жақтылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Балалардың логикалық ойлау қиялдарын дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте қолданылатын педагогикалық технологиялар:АКТ, ойын технологиясы.  

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі : Білімді тиянақтау

Әдіс -тәсілдері: Ой қозғау, түсіндіру, бақылау, компьютермен жұмыс, электронды оқулық «Лелик» қыс мезгілі, логикалық ойындар.

Оқыту құралы: Компьютерлер, интерактивтік тақта, үлестірмелі дидактикалық ойындар

Билингвальдық компонент:   Аққала-снеговик- snow,

                                                    қар-снег- man,

                                                    мұз-лед- ice,

                                                   қыс-зима-winter

Мотивациялық-қозғаушылық: Сәлематсыздарма балалар! Здравствуете дети!

Good morning!

Шаттық шеңбері

Қолымды мен бұлғайын

Қасымда тұрған  көршімнің

Маңдайынан сипайын

Күлімдеп бір қарайын

Амандасып алайын

Іздену ұйымдастырушы: Балалар бүгінгі «Таным», «Қатынас» салалары  бойынша өтетін оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы не туралы екенін  бірге табайық.

-Балалар енді мына интерактивтік тақтаның экранындағы суреттерге назар аударайық.

-Суреттегі балалар не істеп жатыр? Аққала жасап түрлі қыс мезгіліне байланысты ойындар ойнап жатыр.

-Балалар жылдың қай мезгіліне байланысты киінген? Жылдың қыс мезгіліне байланысты киінген.

- Жарайсыңдар балалар, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.

- Сонымен біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы жылдың қай мезгіліне арналады деп ойлайсыңдар? Жылдың қыс мезгіліне байланысты болады

- Дұрыс таптыңдар балалар, жарайсыңдар.

-Бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы «Қыс қызығы» деп аталады.

-Енді әрі қарай оқу іс - әрекетімізді       жалғастыру үшін, мына электрондық почтамызды қарайық. Біздерге  Санта клаус хат жолдаған.

 

Хаттың мазмұны

Құрметті балалар !

 Жаңа жылда сендер маған хат жолдайсыңдар. Енді мен сендерге хат жазып сол хатыммен бірге тапсырма беріп жібердім. Осы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар мен сендерге жаңа жылдық сыйлықтар алып келемін. .

Сәлеммен Санта клаус.

 

1 тапсырма. Санта клаустың тапсырмасын орындаймыз ба? Ия орындаймыз.

Бірінші тапсырма қыс мезгіліне байланысты жұмбақтың шешімін табу.

Жұмбақ (видео бейне арқылы жасырылады)

1.Түсі ақ, секерде емес, мақтада емес. Ол не? Қар

- Дұрыс

2. Қыс мезгілінде болады, алақанға түссе еріп кетеді.Ол не? Мұз таяқшасы

-Дұрыс

3. Айнала аппақ қар, балалар қызықтап аққала жасауда. Ол жылдың қай мезгілі? Жылдың қыс мезгілі

4. Бұл мереке жылына бір рет болады,өзі бізге қуанышын алып кеште келеді. Ол қандай мейрам? Жаңа жыл

- Жарайсыңдар. Барлық жұмбаққа дұрыс жауап бердіңдер.

Келесі орындайтын тапсырмаларың

 

2- тапсырма. Дидактикалық ойын

      «Аяз атаға жол көрсету»

Бұл ойынның шарты қалам арқылы 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қосып үш тілде санау.

 

3-тапсырма. Дидактикалық ойын «Смайликтер» Бұл ойында өзге көптеген суреттердің арасынан тек қана қыс мезгіліне байланысты суреттерді тауып смайликтерді   орналастыру керек.

4-тапсырма. Электронды оқулық бойынша компьютерде дамыту ойыны  «Лелик» қыс мезгілі

-Балалар сендер Леликпен жылдың әр мезгілінде кездесіп тұрасыңдар. Енді қыс мезгіліне байланысты Леликті жылы киіндіріп аққаланы үлгіге қарап құрастырасыңдар.

- Ойын кезінде компьютердің қай құрылғысымен жұмыс жасадыңдар?

Леликке қандай киімдер кигіздіңдер?

-Аққаланың мұрнына не қондырдыңдар?

-Жарайсыңдар берілген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Енді шаршаған боларсыңдар сергіту жаттығуын жасап демалып алайық.

5-тапсырма.

Интерактивтік тақтамен жұмыс: Балалар сендер Леликпен жылдың әр мезгілінде кездесіп тұрасыңдар. Енді қыс мезгіліне байланысты Леликті жылы киіндіріп аққаланы үлгіге қарап құрастырасыңдар.

- Ойын кезінде компьютердің қай құрылғысымен жұмыс жасадыңдар? Компьютердің тышқанымен

-Леликке қандай киімдер кигіздіңдер? Леликкке жылы киімдер кигіздік

- Аққаланың мұрнына не қондырдыңдар? Сәбіз

-Жарайсыңдар берілген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Енді шаршаған боларсыңдар сергіту жаттығуын жасап демалып алайық.

Сергіту сәті: «Шырша»

Есік қағылады.

- Балалар біздерге Санта клаус келіп қалған сияқты.Есікті ашайық.

-  Қолында балаларға сыйлықтар салынған қоржыны  бар Санта клаус кіреді.

- Санта клоус сөзі: Менің тапсырмаларым бойынша бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбын қаншалықты меңгергендерді сұрақтар қою арқылы білгім келіп тұр. Балалар менің сұрақтарыма жауап беруге дайынсыңдар ма?

- Қазір жылдың қай мезгілі? Жылдың қыс мезгілі

- Компьютерде қандай тапсырмалар орындадыңдар? Компьютердің көмегімен Леликті қыс мезгіліне байланысты жылы киіндірдік

- Лелик ойыны ұнады ма? Ия ұнады

- Қыс мезгілінде ойналатын қандай ойын түрлерін білесіңдер? Аққала жасау, мұзға  сырғанау, шаңғы тебу т.б.

- Жарайсыңдар балаларым барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

- Мынау менің сендерге арнаған сыйлығым деп сыйлығын табыстап балалармен қоштасып кетеді.

- Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды үш тілде санауды біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсініктерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз беттерімен логикалық, дидактикалық тапсырмаларды компьютердің, интерактивтік тақта көмегімен орындай білуді.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения