Кочкарова Гавхарой Алиходжаевна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Южный-Казахстан, Шымкент, село Сайрам
25.02.2015
0
417
0

Ауа Жер Су





Екінші сабақтың тақырыбы  - «Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі» деп аталады. Ондағы мақсатым -  бунақденелілерді нақты сипаттап, олардың көктемгі тіршілігіндегі өзгерістерді айқындау. Сабақтың мақсатына жету үшін мынадай  әдіс-тәсілдері пайдалануды жөн көрдім: «Ауа, жер, су» жаттығуы, «Миға шабуыл»,  АКТ, «Алты ойлау  қалпағы», топпен жұмыс, «Серпілген сауал». Әсіресе, осы екінші сабағымның әр кезеңінде, атап айтатын болсам, кіріспе бөлімдегі ынтымақтастық атмосферасын құруда, үй тпсырмасын пысықтауда,топқа бөлінуде, таныстырылым бөліміндегі «Миға шабуыл»  жасалғанда, негізгі бөлімдегі «Алты ойлау қалпағы» әдісін қолданғанда, қорытынды бөліміндегі «Серпілген сауал»ды пайдалануда айқын көрінгенін байқадым. Нақтырақ, дәлірек айтатын болсам, «Ауа, жер, су» жаттығуын орындау барысында балалар допты кез-келген қатысушыға лақтырып, «ауа», жер», «су» стихияларының бірін айту. Допты қағып алып, аталған стихияда тіршілік ететін жануарды атау және допты келесі қатысушыға басқа стихияны атап лақтыру еді. Шынында да баланың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамып отырған секілді. Өйткені, стихияны атау кезінде бала көз алдына сабақ барысында көрген жануарды, үйде бағылатын жануарларды немесе оқыған оқулықтарында кездескен жануарларды елестетіп, есіне түсіріп айтып жатты. Сыни тұрғыдан ойлау модулі оқушылардың  ойлау қабілеттерін арттыруға көмегін тигізді. Себебі, оқушыларды топқа бөліп, оларға тапсырма беріп, тапсырманы орындау барысын бақыладым. Топтық жұмыс кезінде бәрінің бірдей атсалысып талқылауы қажеттігін бірінші кезде ескертіп, байқап отырдым. 2-3- ші сабақта оқушылар төселіп келе, өздерін еркін сезініп, топтың жұмысын қорғай алатын дәрежеге жетті. Өз ойларын ашық айтып, өзін- өзі, бір- бірін бағалай бастады. Сабақты оқушыларды формативті және жиынтық бағалаумен аяқтадым.

Формативті бағалау:

3 белгі – «өте жақсы»   

2 белгі – «жақсы» 

1 белгі – «қанағаттанарлық»

 

Жиынтық бағалау:

 3 белгі – «5»   

2 белгі - «4»

1 белгі –«3»

белгісі жоқ - «бағаланбайды»

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения