Батимова Гульжайна Каирлаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
24.02.2015
0
504
0

Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу.

 

Қызылорда облысы

Арал қаласы, № 64 мектеп

Бекешова Несібелі

Технология пәні мұғалімі

 

Cабақтың тақырыбы:  Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу.

 

Сабақтың мақсаты:  Бұйымды ою-өрнектермен өңдеу туралы түсінік беру,

                                       жұмыстың орындалу тәсілін үйрету.

Білімділік: жапсырмалау тәсілін үйрету.

 

Дамытушылық: оқушыларға теориялық білім бере отырып, өнерге деген  

                                                 құштарлығын, шығармашылық қабілетін,

                                                 көркемдік шеберлігін, дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас білім мен іскерлікті игеру

 

Көрнекілігі: Ұлттық ою-өрнектермен өрнектелген бұйымдар,

                        ою-өрнек түрлері салынған плакат.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

                                  1.Оқушының сабаққа қатысын тексеру.

                                  2. Оқушының жұмыс орнын тексеру.

 ІІ.Үй тапсырмасы

            Бас киімдер тарауы бойынша пысықтау сұрақтары.

           “Көшбасшы” ойыны бойынша ұяшықты таңдап сұраққа жауап береміз.

 

Әйелдер бас киімі

5

10

15

Ерлер бас киімі

5

10

15

Жалпы сұрақ

5

10

15

 

Әйелдер бас киімі бойынша сұрақтар: 1)Әйелдер бас киімдерін ата?

                                                                 2) Кимешекті кімдер киеді?

                                                                 3)Сәукелені қандай жағдайда, кімдер киеді?

Ерлер бас киімі бойынша сұрақтар:  1) Бөріктің қандай түрлері бар?

                                                               2) Қалпақты кімдер киеді, қандай түрлері бар?

                                                               3) Ерлер тақиясының әйелдер тақиясынан                                  

                                                                           айырмашылығын айтып бер.

Жалпы сұрақ бойынша: 1) Әжеме өң берген

                                            Жиегін көмкерген

                                            Етегі желкендей

                                            Киім еді ол нендей?  (кимешек)

                                          2)Екі басы дөңгелек,

                                             Екі ұшы сүйір,

                                             Қиғанша үйір.           (қайшы)

                                         3)Ердің атын…..           (еңбек шығарар)

 

Сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын пысықтадық.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Өткен сабақта біз бас киімдер туралы өтіп, бас киімдердің әр қайсысына жеке-жеке тоқталып өттік .Енді бүгінгі сабағымызда сол бұйымдарымызды ұлттық өрнектермен өңдеу туралы өтпекпіз.

Қазақтың қандай да болсын бұйымдары ұлттық өрнектермен әшекейленіп, көркемделеді.Осы әшекей түсіре білудің өзі –үлкен шеберлік. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейді. Әшекей салудың өзіндік ерекшеліктері,талабы бар. Әшекейлеудің өзінің орындалу техникасы мен технологиясы бар. Камзолда, бешпентте, бас киімдерде көздің жауын алатын өрнектердің орындалу технологиясын қарастырайық. Олар көбінесе жапсырмалау арқылы орындалады. Жапсырма үшін алтын, күміс түсті жылтыпақ маталар қолданылады.Жапсырмалауды орындамас бұрын, Жапсырманы киімнің қай тұстарына орындау керек екенін білген жөн.

 

 

Енді осы жапсырмаға қандай ою-өрнектер қолданамыз?  Көбіне өсімдік тектес оюлар, сонымен қатар ғарыштық, және жануарлар тектес ою-өрнектерді қолданамыз.

Жапсырмалаудың таза орындалу техникасына келетін болсақ,

 

 

 

                         Жапсырмалаумен бірге әшекейлеудің бірнеше түрі бар.

 

 

Желіммен жапсырмалаудың жасалу жолын көрсету.

ІV. Қорытындылау.

“Алтын сандық” ойынымен сабақты  қорытындылау.

Тас қақпа:      Жапсырма өрнектері  киімнің қай тұсына орналастырылады?

Күміс қақпа:  Киімді әшекейлеудің қандай түрлері бар?

Алтын қақпа: Киімге қандай өрнектер қолданылады?

Алтын сандық: Желіммен  жапсырмалаудың техникасын айтып бер.

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабағымызды қорыттық.

V. Бағалау.

Оқушыларды жинаған ұпайына қарай бағалау.

20-30 аралығында ұпай жинаған оқушыға “5” деген баға қойылады.

10-20 аралығында ұпай жинаған оқушыға “4” деген баға қойылады.

5-10 аралығында ұпай жинаған оқушыға “3” деген баға қойылады.

                                    Бағалау тақтасы.

Оқушының

 аты -жөні

Үй тапсырмасы бойынша

Жаңа сабақ бойынша

Қорытынды

баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІ. Үйге тапсырма: Айыр қалпақты суреттегідей етіп құрастырып, өрнек салып үйреніңдер.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения