Батимова Гульжайна Каирлаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
24.02.2015
0
614
0

Ою -өрнек түрлері

 

Бекешова Несібелі

 

Технология пәні мұғалімі

Қызылорда облысы

Арал қаласы, № 64 мектеп

Сыныбы: 6 “А”

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлері

Сабақтың мақсаты: ою-өрнек туралы түсінік беру.

Білімділік мақсаты: оқушыларлы ұлттық өнер түрлерімен  

                                      таныстыру.

Дамытушылығы: ою-өрнек арқылы оқушылардың  ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнеріне жақын болуға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология, геометрия, астрономия, сурет.

Көрнекіліктері: сөзжұмбақ, ою-өрнек түрлерінің плакаттары, қолөнер бұйымдары.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын тақырыпқа аудару, сабаққа даярлықпен тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

·         Ою деген не?

·         Өрнектің оюдан қандай ерекшелігі бар?

·         Ұлттық ою-өрнегіміздің басты ерекшелігі неде?

Жаңа сабақ

            Ою – өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақтаулы. Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнеленген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданатын бұйымдары мен ыдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тұрмыс тіршілігіне  ою-өрнектің алар орны үлкен. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасыр келе жалғасып дамып келе жатқан бірден-бір өнер. Әр шебер бұл өнерді өз үлгісінде, әр түрлі дамытқан, өзі жасаған оюға өзі атау берген, оның  астарына өзінше терең ұғым сыйғызған, сондықтан ою-өрнектің тілін, сырын, тарихын сол шеберден артық ешкім білмейді. Әйтседе, бүгінгі біздер ою тілін түсінуге тырысып, өнерге жақын болуымыз керек. Ата-бабадан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтауымыз қажет.

            “Ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендің” деген сауалға атақты суретші Ә.Қастеев.

            “Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен

Ешкімнің мүйізінен” – деп жауап беріпті. Ою-өрнек халықпен бірге жасасып, оның рухани материалдық игілігіне айналып келеді. Бүгінгі таңда қайта дамып, бай мазмұн, жаңа түр тауып, өнер саласында биік деңгейде дамуда. Өнер өшпейді, сөнбейді, көнермейді.

 

            Ғұлама ғалым Ә.Марғұлан  “Қазақтар ою-өрнек әлемінде” деп айтқандай, қазақ халқының ұлттық бұйымдарының барлығында ою-өрнектің небір ғажайып үлгілерін көруге болады. Сол ою-өрнек әсемдік пен сәнділіктің белгісі ғана емес, ол халықтың арман-мақсатының, тілек-мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою-өрнектің мазмұндық ерекшелігі сан алуан, астары терең.

            Атымда менің сырым бар” дегендей, әр ою-өрнектің астарында алуан мағыналы тарих, ақпарат жатыр. Мысалы, еліміздің туындағы ирек су оюы өмір жолы, дөңгелек күн оюы жарық өмір, құсқанат оюы еркіндікті, қошқармүйіз оюы молшылықты, тоқтықты, байлықты меңзейді,  ал көк түс ашық аспан бейбітшілікті білдіреді. Мұнда “Біздің еліміз тәуелсіздікті нық ұстап тұрсын, бақытты өмір болсын” деген арман – тілек бар.

            Бүгінге деген қазақ ою-өрнектерінің екі жүзге жуық түрі анықталған. Біз бүгін халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою-өрнектерді сөз етпекпіз. Мүйіз оюын қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні, тамыры деуге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек таулары өзгеріп отырған. Қазақ халқының ою-өрнектерінің мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер, су көшіп қону көрінісінен хабар береді. Сонымен бізге белгілі ою-өрнек түрлері мынадай топтарға бөлінеді.

            Қазіргі кезде үй жиһаздарынан, ат әбзелдерінен, зергерлік бұйымдардан, киіз үйлерден ою-өрнектің небір түрін көруге болады.

 

Қауіпсіздік ережесі

              Қайшымен жұмыс:

·         Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.

·         Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

·         Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

·         Қайшымен жұмыс кезінде жолдасыңның

көңілін бөлме.

·         Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

 

 

Қол инесімен жұмыс:

·                    Инені киімге қыстыруға болмайды.

·                    Инені арнаулы қобдишада сақтау керек.

·                    Ине жібін тіспен үзуге болмайды.

·                    Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.

·                    Инені жіпсіз тастауға болмайды.

 

Үтікпен жұмыс:

·         Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген жерлерін тексер.

·         Үтікті мата түрлеріне қарай қыздыру керек.

·         Үтікті тұтқасынан ұста.

·         Үтікті мұғалімнің рұқсатымен тоққа қосуға болады.

·         Ылғал қолмен тоққа қосылған үтікті ұстауға болмайды.

 

ІІІ.Сарамандық жұмыс. Сарамандық жұмысқа М.Ш.Өмірбекованың “Қазақ халқының дәстүрлі өнері” атты кітаптың 1-сабағын пайдаланамын.

·         Балалар, мүйіз оюын қиып үйренейік. Мына мүйіз оюын қию нұсқасына назар аударыңдар. Балалар, қиылатын ақ қағаз горизонталь сызық бойынша бір рет бүктеледі, содан кейін осы бір бүктелген қағаз бетіне қарындашпен мүйізді сызамыз да, қайшымен  ойып, қиып аламыз. Сонда мүйіз оюының  үлгісі шығады, осы тәсілмен өз қиялдарыңмен мүйіз оюының түрлі элементтерін салып, сан түрлі ою қиюға болады. Енді қиған оюларыңды екінші бір қағазға желімдеңдер. Түс үйлесімділігіне аса назар аударыңдар. Осы әдіспен апа-әжелеріміз текемет басқан.

 

ІҮ. Жаңа сабақты тексеру.

·         Ою-өрнек қалай пайда болды?

·         Атымда менің сырым бар”  дегенді қалай түсінесіңдер?

·         Ою-өрнек қанша топқа бөлінеді?

·         Мүйіз” оюы не мағына береді?

 

Ү. Баға – білім таразысы.

 

ҮІ. Үйге тапсырма. “Ою-өрнек” сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения