Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
22.02.2015
0
419
2

Менің отбасым және математика

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы
«№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Математика пәні мұғалімі
Жанаева Ақмарал

Мақсаты: Мұғалімдерді балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Команда құрамында: Екі мұғалім және үш оқушы.

Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және математика пәні мұғалімдері

                          Сайыс барысы:

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар мен оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар

Естігенін есте тұтып

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

          Айтар ойын тұспалдар

          Сіз оқытқан оқушылардың

          Және олардың отбасының

          Сәті келді сыналар.

 

Сайысымызды бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.

 

Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім , терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпене қол соғылады.

 

Біреуінің жүрегінің түгі бар

          Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

          Біреуінің күмбірлеген күйі бар

          Енді біреуінің қатты істейтін миы бар

          Әр команданы ортаға шақырамыз.

 

11 «А» сынып Бейсековтер отбасы

11 «Ә» сынып отбасы

 

 

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар!

       Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес,  ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика- барлық  ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Менің отбасым және математика» атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Неге? Өйткені, баласын дүкенге азық-түлік алуға анасы жұмсайды, әкесі баласын ұсталық жұмыстарды үстеуге  үйретеді, анасы қызымен бірге киім тігеді , рецепт бойынша ас әзірлейді.

      Сонымен сайысымызды бастаймыз.

Сайыс бөлімдері:

  1.      Ойлан, тап”
  2.      Әкелер сайысы
  3.      “Ұтымды ой”
  4.      Аналар сайысы
  5.      Түскі ас
  6.      Топ басшылар сайысы

 

  1.      «Ойлан тап» бөлімінде слайдтан сурет беріледі. Суретке қарап салған суретші суретте қай жерде қате жібергені туралы табу керек.

Жауабы: Суретші батырдың қылышын салған қате жіберген. Себебі қылыш теріс салынған.

Дұрыс жауап берген топ бағаланады.

 

  1.      Әкелер сайысында «Есте сақта» ойыны беріледі. Бұл бөлімде тақтада 7 сан және әр санға тиісті өзінің белгілері бар. Бір минут тақтаға қарап 7 санға сәйкес символдарды есте сақтау керек. Уақыт аяқталғаннан кейін берілген қағаздағы торкөздерді толтыру керек.

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

Ӿ

Ѱ

₠ꜙ

 

Тапсырма: торкөздерді толтыру.

2

3

7

1

4

5

3

5

6

2

6

1

7

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы:

2

3

7

1

4

5

3

5

6

2

6

1

7

3

4

Ӿ

Ѱ

Ѱ

₠ꜙ

₠ꜙ

Ӿ

 

Әр топ әкелерінің жауап парақтары тексеріліп, сәйкес келетін символдарды дұрыс толтыруына қарай ұпай саны беріледі.

 

3.«Ұтымды ой» сайысында Төменде көрсетілген суретте екі топқа бөлінген қояндар бар. Бірінші топтағы қояндар тақ сандармен нөмірленген, ал екінші топтағы қояндар жұп сандармен нөмірленген. Тапсырма: бірінші топ қояндары екінші топ қояндарының орнына, ал екінші топтағы қояндар бірінші топтағы қояндардың орнына орналасу керек, бірақ қояндар бос торкөзге секіру керек немесе бір қоянның үстінен секіруге  болады, екі қоянның үстінен секіруге болмайды.

 

4.«Аналар сайысы» бұл бөлімде әр топтың аналар сахнаға шығады. Аналарға бір тапсырма жазылған қағаздар таратылады. Ойын шарты:

Күшіктерді өз үйлеріне орналастыру керек. Берілген торкөздер арқылы үйшіктерге жол салу, алайда бос торкөз қалмау керек.

5. «Түскі ас» атты бөлімінің шарты: Үстел бетінде шыны ыдыста қайнатылған жұмыртқа болады. Жанында темір сызғыш, шар, су, қол орамалы сияқты құралдар болады. Тапсырма: Шыныдағы жұмыртқаны жанындағы кез келген затпен сыртқа шығару керек. Әр топқа ойлануға 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін әр топтан логикалық есепті шешуге топтың кезгелген мүшесі шығады. Жауап беруіне қарай балл беріледі. Шешімі: Шыныдағы жұмыртқаны қол орамалмен шығарады.

6.Топ басшылар сайысында әр топтың топ басшысы шығып оларға мынадай тапсырма беріледі. «Тақ және жұп сандардың қасиеттерін ата» топ басшыларға 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топ басшылар тақ және жұп сандардың қасиеттерін атайды. Дұрыс жауабы төмендегідей:

  1.      Бүтін сандарды тақ сан және жұп сан деп бөлуге болады. Бір бүтін сан тақ сан болмаса жұп сан, жұп сан болмаса тақ сан болады.
  2.      Тақ сан ≠ жұп сан.
  3.      Тақ ± тақ = жұп; жұп ± жұп = жұп; жұп ± тақ = тақ
  4.      Тақ × тақ = тақ; бүтін сан × жұп = жұп.
  5.      Екі тізбектес бүтін санның біреуі жұп, біреуі тақ болады.
  6.      Екі бүтін санның қосындысы мен айырмасының тақ-жұптылығы бірдей.
  7.      Бүтін сан aмен аⁿ-сының тақ-жұптылығы бірдей.
  8.      Тақ санның квадратын 8-ге бөлгенде 1 қалдық қалады. Жұп санның квадраты 4-ке бөлінеді.

Қорытындылау.     Әділқазыларға сөз беріледі. Әділ қазылар алқасы топтардың сайысқа түскендегі жинаған ұпай сандарын қорытындылап айтады. Жеңген топ мүшелері мақтау қағазымен марапатталып, сыйлық алады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения