Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
22.02.2015
0
1422
0

Өсімдіктердің генеративті мүшесі

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
№1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия

Биология пәні мұғалімі
Аймаханов Нурланбек

    Мерзімі:                                                                                                                                    Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы:   Өсімдіктердің генеративті мүшесі

Сабақтың мақсаты:

Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің құрылысын түсіндіру.  Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің ерекшеліктерін талдай алуға үйрету. Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің ерекшеліктерін талдай отырып, адам  өмірде маңызын  түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер:

Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің құрылысын түсінеді.  Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің ерекшеліктерін талдай алуға үйренеді.  Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің ерекшеліктерін талдай отырып, адам  өмірде маңызын  түсінеді.

Қолданылатын әдіс – тәсіл- дері:

джигсо әдісі, инсерт әдісі, мозайка әдісі, ыстық орындық әдісі

Енгізілген модульдер:

Оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер, акт –ны пайдалану, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, сыни тұрғыда ойлауды дамыту,

Дереккөздер:

Флипчарт, маркерлер, слайдтар, электронды оқулықтар, интерактивті тақта, қосымша материалдар

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

а)Оқушыларды түгелдеу

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін

б) Оқушыларды гүл, жеміс, тұқым деп үш топқа  бөлемін

Оқушылар гүл, жеміс, тұқым деп үш топқа бөлінеді.

2.Жаңа сабақ (15 мин)

Тақырыпты тақтаға жазып, мақсатын айтып өтемін, оқушылармен бірге жаңа сабақты түсіндіріп, «жиксо» әдісі арқылы

сұрақтар қоямын.

І топ: Гүлдің құрылысына сипаттама

ІІ топ: Жемістер қандай топтарға бөлінеді

ІІІ топ: Тұқымның құрылысына сипаттама

«Гүлдер әлеміне саяхат»  сұрақ-жауап әдісі

«Айналмалы бекеттер»   әдісі

 Оқушылар үш топқа бөлінеді. Сұрақтарға топпен бірге жауап береді. Гүлдер әлеміне саяхат ойынында әр бір оқушы сұраққа жеке өз жауабын береді. «Айналмалы бекеттер» әдісінде топпен бекеттердегі сұрақтарға жауап береді.

4.Жаңа сабақты қорытынды  (15 мин.)

Сабақты қорытындылау

Сәйкестендіру тесті

Әр топқа сәйкестендіру тест беріледі

Сәйкестердіру тесті топпен бірге сұрақтарды жауаптарға сәйкестердіреді.

5.Бағалау (3 мин.)

Топ басшыларға ұсынылған критерий бойынша жиынтық бағаны қоямын.

Топ басшы топтағы оқушыларды критерий бойынша бағалайды

6.Рефлекция (1 мин.)

Бүгінгі тақырып бойынша алған пікірлерін стикерге жазып, плакатқа ілуін сұраймын.

Не білдім?

Нені білгім келеді?

7. Үйге тапсырма (1 мин)

Келес тақырып бойынша дайындап келуге

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып  алады

 

 

 

 

 

І бекет

  1.       Гүл тобы

Жай гүлшоғыр: Жанама бұтақтары бұтақтанбайды, оның ең ұшы гүлмен бітеледі.

1. Шашақ: қандай өсімдіктер жатады?

2. Жай масақ: қандай өсімдіктер жатады?

3. Собық: қандай өсімдіктер жатады?

4. Жай шатыр: қандай өсімдіктер жатады?

Қарақат, орамжапырақ, мойыл, мия, қараған, інжугүл

Жолжелкен, сүйсін

Жүгері, калла.

Пияз, адамтамыр (женьшень) наурызшешек, ақұнтақ.

Сипаттама

Сипаттама

Сипаттама

Сипаттама

Гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады.

Шашақ гүлшоғырына өте ұқсас, айырмашылығы гүлдер сағақсыз бекінеді.

Масақ гүлшоғырына ұқсас, айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы тәрізді орама жапырақтары бар

Гүлшоғырының негізгі сабағы қысқарған, сағағы ұзын біркелкі, шоғырланған, бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады

 

 

2.Жеміс тобы

 

Күрделі гүлшоғыр: жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануы

         

 

  1. Күрделі масақ: қандай өсімдіктер жатады?
  2. Күрделі шатыр: қандай өсімдіктер жатады?
  3. Күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр) қандай өсімдіктер жатады?
   

Бидай, қарабидай, бидайық.

Сәбіз, балдырған, аскөк.

Жүзім, гүлшетен, тары, күріш.

Сипаттама

Сипаттама

Сипаттама

Орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады, әр масақта 2-3 гүл болады

Жай шатыр гүлшоғырынан құралған, гүл сағақтарында бірнеше гүлден топталып шоғырланған.

Негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері екі қатарда шашақталады , жанама бұтақ ұшына жақындаған сайын кішірейеді.

 

3.Тұқым тобы

 

Бұрысгүл және  дұрысгүл, қосжынысты және дара жынысты гүлдер, бір үйлі және екі үйлі өсімдіктер.

Сипаттамасы

Өсімдік түрлері

Дұрысгүл

Гүл жазығына бірнеше сызық  жүргізгенде теңдей бөлікке теңдей бөлінеді.

Алма, итмұрын, мақта т.б

Бұрысгүл

Гүл бөліміне бір сызық жүргізуге болады, теңдей екіге бөлінеді.

Соя, үрмебұршақ, сәлбен т.б.

Қос жынысты

 

Бір гүлде аталық пен аналық болса, қосжыныс гүл деп аталады.

Мақта, қызанақ, картоп, лалагүл.

Бір үйлі өсімдік

Аталық гүлдермен аналық гүлдер бір өсімдікте болса бір үйлі өсімдік деп аталады.

Жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы.

Екі үйлі өсімдік

Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса екі үйлі (қос үйлі) болғаны

Қарасора, қалақай, тал,

 терек.

 

 

ІІ бекет

 

  1.       Гүл тобы

Шырынды жемістер

 

Сипаттамасы

 

Жататын өсімдіктер

1.Жидек

Жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп, шырынды жемістер.

Қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан.

2.Жидек тәрізді

Көп ұялы, көп тұқымды, жеміс сыртында эфир майы бар.

Лимон, апельсин, мандарин, (асқабақ тұқымдастар, алма, алмұрт, беже)

3.Сүйекті

Жемістің сыртқы қабаты жұқа, ортаңғы қабаты қалың етті шырынды, ішкі қабаты қатты сүйекті өсімдіктер.

Шие, алхоры, өрік, шабдалы.

 

  1.       Жеміс тобы

 

Құрғақ жемістер

 

Сипаттамасы

 

Жататын өсімдіктер

1.Бұршаққап

Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс, піскенде екі жаққа қақырап ашылады.

Асбұршақ, беде т.б

2.Бұршаққын

Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақша пердесі бар, тұқымдары пердеге бекінген, піскенде төмен жағынан бастап қақырайды.

Қырыққабат, шомыр, шалқан, т.б

3.Қауашақ

Бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды.

Меңдуана, мақта сасықмеңдуана, сүттіген, шегіргүл, қызғалдақ,

4.Қанатты жеміс

Жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған, жел арқылы таралады.

Үйеңкі, шегіргүл, қайың, шаған т.б

 

  1.       Тұқым тобы

 

Құрғақ жемістер

 

Сипаттамасы

 

Жататын өсімдіктер

1.Дәнек жеміс

Бір тұқымды жеміс, тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. 

Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш т.б

2.Тұқымша жеміс

Дәнектен айырмашылығы жеміс серігі тұқымымен бірікпеген.

Бақбақ, күнбағыс, қаулен, өгейшөп, таусағыз, кекіре

3.Жаңғақ

Жемістің жеміс серігі ағаштанып қатайып  кеткен, тұқымдары жеміс серігімен бірікпей бос жатады.

Емен жаңғағы, жаңғақ т.б

4.Жинақтал

ған жеміс

Бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген.

Құлпынай, итмұрын, таңқурай, бүлдірген, т,б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ бекет

  1.       Гүл тобы

Тозаңдану

1.Өздігінен тозаңдану (бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүл аналығының аузына түсуі)

2.Айқас тозаңдану  екіге бөлінеді

(бір гүлдегі аталық тозаңның екінші гүлдің аналығының аузына түсуі)

Жер жаңғағы, шегіргүл, саумалдық, бетеге, тары.

1. Бунақдене арқылы тозаңдану: Гүлдері ашық реңді хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі. (шие, алхоры, алма ағашы, лимон, шай, асқабақ)

 2. Жел арқылы тозаңдану: Өсімдіктің тозаңдары өте майда, жеңіл әрі көп болады. Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады (қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай, қайың, емен)

 

  1.       Жеміс тобы

 

Дара жарнақты

Сипаттамасы

Қызметі

Қабығы

Тығыз қабық (қауыз) қапталған .

Тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.

 

Эндосперм

Дәнектің едәуір бөлігін  алып жатыр, құрамында крахмал, нәруыз, май заттар жинақталады.

Қоректік қор заттары жинақталады.

Бір жарнақ

Ұрық пен эндоспермнің арасында орналасқан. 

 

Ұрығы

Ұрығы 3-ке бөлінген: алғашқы тамырша, алғашқы сабақша, бүршікше.

Тұқымнан, ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр өседі, соң бүршікшесі жер бетіне шығып, алғашқы жапырақтың қызметін атқарады.

 

3.Тұқым тобы

 

Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары.

Таралу жолы

Құрылысының ерекшелігі

Өсімдіктер

1.Жел арқылы

Майда, жеңіл, құрғақ, сыртында түктер, қанатшалар, өсінділері болады.

Жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған, қарағаш, қайың, терек, тал, мақта, орхидея, қарағай.

2.Су арқылы

Сыртында су жұқпайтын түктері бар, ішінде су өткізбейтін қалың тоз қабық болады.

Қамыс, жалбыз, бөденешөп, түкті күреңот, қоға, тұңғиық қияқ т.б

3.Жануарлар арқылы

Тұқымның сыртында ілмектер, тікенектер, желімтек түктер бар және ашық реңді, шырынды, тұқымы майлы болады

Шоңайна, итошаған, кәріқыз, иттікен, шетен, долана, таңқурай, бүлдірген, айдаршөп, шие

4.Өздігінен таралу

Жемістері қақырағыш, ширатылғыш.

Қараған, шегіргүл, бөрібұршақ, ат талшық , шытырлақ, жауқазын, т.б

 

 

1. Гүлдің гүлсерік арасындағы сәйкестік

1

Тек күлтесі жапырақша болады (жай гүлсерік)

А

Тал, шаған, терек, емен

2

Тек тостақанша жапырақша болады (жай гүлсерік)

В

Қызғалдақ, лалагүл, інжугүл

3

Қос гүлсерікті гүл

С

Алма, өрік, шие,

4

Гүлсеріксіз гүл

Д

Қалақай, қызылша, қымыздық,

 

Жауап:  1. В   2.Д     3.С    4.А   

 

2.  Бұрысгүл мен дұрысгүл, қос жынысты және дара жынысты гүлдер арасындағы сәйкестік

1

Дұрысгүл

А

Бір гүлде аталық немесе аналық болса

2

Бұрысгүл

В

Бір гүлде аталық пен аналық болса

3

Қос жынысты

 

С

Гүл бөліміне бір сызық жүргізуге болады, теңдей екіге бөлінеді

4

Дара жынысты

Д

Гүл жазығына бір неше сызық  жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе

5

Бір үйлі өсімдік

Е

Аталық  гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса

 

Жауап:  1.Д    2.С    3. В     4 А    5.Е

 

3. Гүл шоғырлар арасындағы сәйкестік

1

Жай шашақ

А

Жүгері, калла

2

Жай масақ

В

Асбұршақ, жабайы бұршақ

3

Собық

С

Пияз, адамтамыр

4

Себет

Д

Жолжелкен, сүйсін

5

Жай шатыр

Е

Бақбақ, өгейшөп,

 

Жауап:  1.В    2.Д     3.А      4.Е    5.С

 

4. Гүл шоғырлар арасындағы сәйкестік

1

Күрделі шатыр

А

Беде

2

Сырға гүлшоғыры

В

Сәбіз, балдырған, аскөк

3

Күрделі масақ

С

Жүзім, гүлшетен, тары, күріш

4

Күрделі шашақ

Д

Тал, терек

5

Шоқпарбас

Е

Бидай, қарабидай, бидайық

 

Жауап:  1.В    2.Д     3.Е      4.С    5.А

 

5. Өсімдіктердің тозаңдану арсындағы сәйкестік

1

Өздігінен

А

Шегіргүл, бетеге

2

Жел арқылы

В

Шие, алхоры, лимон

3

Бунақденелілер арқылы

С

Қарасора, жүгері, қарабидай

 

Жауап:  1. А    2.С     3.В

 

6. Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану арсындағы сәйкестік

1

Жынысты көбею

А

Аталық тозаңның аналық аузына түсуі

2

Тозаңдану

В

Жеміс

3

Ұрықтанған соң тұқым бүршіктен дамиды

С

Гүлдері ашық реңді хош иісті

4

Ұрықтанған соң жатыннан дамиды

Д

Аталық және аналық жыныс Жасушаларының қосылуы

5

Бунақдене арқылы тозаңдану

Е

Тұқым

 

Жауап:  1.Д     2.А     3.Е      4.В    5.С

 

7. Жесміспен  жеміс құрылысы арасындағы сәйкестік

1

Бұршаққап

А

Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақша пердесі бар, тұқымдар пердеге бекінген, піскенде төменгі жағынан бастап қақырайды

2

Бұршаққын

В

Бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды

3

Қауашақ

С

Жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған, жел арқылы таралады

4

Қанатты жеміс

Д

Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс, піскенде екі  қақырап ашылады

5

Дәнек жеміс

Е

Бір тұқымды жеміс, тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен 

 

Жауап:  1.Д     2.А     3.В      4.С    5.Е

8. Жеміс түрлері арасындағы сәйкестік

1

Бұршаққын

А

Қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім

2

Қауашақ

В

Бақбақ, күнбағыс, қаулен

3

Дәнек жеміс

С

Меңдуана, сасықмеңдуана, сүттігін

4

Тұқымша жеміс

Д

Қырққабат, шомыр, шалқан,

5

Жидек

Е

Бидай, жүгері, арпа, тары

 

Жауап:  1. Д    2.С     3.Е      4.В    5.А

9. Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары арасындағы сәйкестік

1

Жел арқылы

А

Қамыс, жалбыз, бөденешөп

2

Су арқылы

В

Шоңайна, итошақан, кәріқыз

3

Жануарлар арқылы

С

Жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған

4

Өздігінен таралу

Д

Қараған, шегіргүл, бөрібұршақ

 

Жауап:  1. С    2.А     3.В      4.Д

10. Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары арасындағы сәйкестік

1

Жел арқылы

А

Тұқымның сыртында ілмектер, тікенектер

2

Су арқылы

В

Жемістері қақырағыш, ширатылғыш

3

ЖануарлаР арқылы

С

Сыртында су жұқпайтын түктері бар

4

Өздігінен таралу

Д

Майда, жеңіл, құрғақ., сыртында түктер қанатшалары болады

Жауап:  1.Д     2.С     3.А      4.В    

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения