Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:
Регион:не указан
21.02.2015
0
546
0

3-сынып Ана тілі Заттың атын білдіретін сөздер

3-сынып

Пәннің аты: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы:Заттың атын білдіретін сөздер

                                            Суретші ата Қастеев

Сабактың мақсаты:

білімділік                            Суретші ата Қастеев   өлеңінің                                                           

                                              мазмұнымен таныстыру.Қастеев 

                                             туралы мағлұмат беру.Заттың атын

                                             білдіретін сөздерге жаттығу жаздыру.

дамытушылық              Оқушылардың сөздік қорын молайтып

                                            Сөйлеу мәнерін дүниетанымын кеңейту.

тәрбиелік                       Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,           

                                            мамандыққа баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Ә.Қастеевтің суреті,туындылары

Қолданылатын Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап талдау жинақтау         

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

«Қайырлы күн балапандар!Мен сіздерді көргеніме өте қуаншытымын және сіздермен бірге жұмыс жүргізгім келеді! Жақсы көңіл-күй тілеймін»

а)Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз

б)Оқушының сабаққа дайындығын тексеру 

II Үй тапсырмасы

Үй  тапсырмасы  бойынша 4 топқа бөлінген тапсырмаларды тексеру

1 топ.Малта мәтінінің мазмұнын айту.

2топ. Мәтіннен кім? Не? сұрағына жауап беретін сөздерді табу.

3 топ.Малтаның қалай жасалатынын айту

4 топ.Сүттен жасалған тағамдардың суретін салып келу

4 топтың тапсырмасы бойынша шағын көрме ұйымдастыру.

III Бекіту

Сонымен балалар малта дегеніміз не? Оны неден жасайды?

Оқушылардың  суретінің қасыны кәсіби суретшінің суретін ілу.

Балалар салған сурет пен кәсіби суретші салған суреттерді салыстыру.

Балалар осы салада жұмыс істейтін адамды кім деп атаймыз?

 IV Жаңа сабақ

Балалар олай болса бүгін біз Н.Әлімқұлов аталарың жазған Суретші ата Қастеев атты өлеңімен танысамыз.

Балаларға теледидардан көрсете отырып өлеңнін мазмұнымен таныстыру.

Қастеев туралы мағлұмат беру

Ә.Қастеев (1904-1973жж) қазақтың әйгілі суретшісі.
Туып өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі.Әбілхан суретшілік өнерге жастайынан бейім болған.Анасы Айғанша сырмақ сыру,шым ши жасауға шебер адам болыпты.Анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп сурет өнеріне қолын үйретіп өседі.Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай,сонымен бірге,ол туған жерімен өскен елін перзенттік махаббат пен жырлай алған біртуар суреткер.Қазір Ә.Қастеев атында жоғарғы өнер институттары,мектептер бар.Қастеевтің атына еліміздің ең үлкен көркем өнер музейі Қазақстан Республиксының мемлекеттік өнер музейі берілген.

1 Өлеңді тізбектей оқыту

2 Сұрақтармен жұмыс

 Дәптермен жұмыс

215-жаттығу

Бір алаша төселген

Екі ауылды жалғайды

Өмірінде еш адам

Оны жинай алмайды

1)Ә.Қастеев кім?

  Ә.Қастеев қазақтың әйгілі суретшісі

2)Көркем жазу

Сергіту сәті

216-жаттығу

 V Бекіту                                                                                                       

Суретші дегеніміз кім? Олай болса мен сендерге мамандық туралы жұмбақ жасырайын.

Кімді айттым ойымда

Бұрғысы бар қолында

Кімді айттым ойымда?

Құрығы бар қолында

Кімді айттым ойымда?

Қалаға бар қолында

Кімді айттым ойымда?

Жаттығудың ішінен кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тапқызу

VI Қорыту

Ә.Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ерекше ерекшеленген

Оқушыларды бағалау

VII Үй тапсырмасы

Өлеңді мәнерлеп оқып келу

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения