Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
21.02.2015
0
387
0

АТА-АНАЛАРҒА: МАБ-қа дайындалуда оқушыға қалай көмектесуге болады?

Қазақстан Республикасы,Астана қаласы
№64 мектеп-лицей
Психологі
Искакова Айман Аскаралиевна

Тестілеуге балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз. Және де сынақтан кейін балаңызға сөге қарамай, сынамаңыз. Балаңызды алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз.

Тестілеу тапсырар алдында балаңыздың алаңдаушылығын жоғарлатпаңыз, бұл тестілеудің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Балаға әрқашан ата-анасының қобалжуы, толқуы беріледі. Егер ата-аналар дәл жауапкершілігі мол сәтте өз эмоцияларын игерсе, балалар өз жастық кезеңінің ерекшелігіне қарай эмоционалды «жарылуы» мүмкін. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз.

Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарлатыңыз. Себебі бала сәтсіздіктерден көбірек қорыққан сайын, қателерді еөбірек жіберу мүмкіндігі соғұрлым артады. Балаңыздың көңіл-күйін қадағалаңыз, тек Сіз ғана оның күйінің нашарлағанын жақсы сезіп, уақытылы қажудың (переутомление) алдын ала аласыз. Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп жатуы тиіс.

Балаңызға дайындыққа үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. Тамақтануға да назар аударыңыз: қарқынды ақыл-ой еңбегінде дәрумені көп тамақтың септігі мол. Әсіресе балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. мидың жұмысын жақсартады.

Балаңызға тақырыптарға дайындықты әр күнге бөлуге көмектесіңіз. Балаңызды емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Материалдың жаттанды мәнін түсінбей, ең негізгі сәттерін қарап, материалдың логикасы мен мәнін ұғып алуға кеңес беріңіз. Қарап жатқан материалды жоспар бойынша тәртіпке келтіріп, қысқа сызбалық жазбалар мен кестелерді жасаудың пайдалылығын көрсетіңіз. Егер балаңыз қиналса, көмектесіңіз. Негізгі формулаларды және анықтамаларды бөлек бетке жазып, жұмыс үстелінің үстіне іліп қойсын.

Алдын ала тесттері бар кітаптар сатып алып, балаңызды жаттықтырыңыз. Мұнда балаңыз тәжірибе жүзінде тестерді орындауға, уақытты үнемді пайдалануға үйренеді. Бұл балаңыздың барлық тестілеу барысында зейінін бір жерге шоғырлантуға дағдыландырады, ал бұл өз кезегінде салқынқандылыққа баулиды және артық алаңдаушылықты алып тастайды. Емтихан кезінде балаңыздың қолына сағат тағуға ұмытпаңыз. Емтихан болар алдында балаңыз жақсылап тынығып, ұйқысы қанғаны жөн.

Балаңызға кеңес беру кезінде мыналарға назар аударуына кеңес беріңіз:

Алдымен барлық мәтінді, олардағы тапсырмаларды бір көзбен жүгіртіп шықсын, ол балаңыздың жұмысқа деген ынтасын жоғарлатады;

Сұрақты бар зейінін қоя оқып, оның мәнін түсінсін, себебі көп жағдайда балалар тестінің бірінші сөзін ғана оқып, сөйлемді соңына дейін қарамай, жауапты таңдай салады;

Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе күмәндансаң, оны белгілеп қой да, кейін, барлық тапсырмаларды орындағанан кейін сол сұраққа оралып, қайтадан істеп көр;

Егер берілген уақытта сұрақтарға жауап бере алмай жатсаң, ең мүмкін деген жауапты таңда не интуицияңа жүгін.

Есіңізде болсын: ең бастысы — бұл балыңыздың қажуы мен алаңдатуын түсіру және сабақ оқуға жақсы жағдай жасау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения