Коптлеуова Клара Тажгалиевна
Должность:Бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырау облысы, Атырау қаласы
20.02.2015
0
482
0

"Сан есім" таңдау пәні

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен сан есімді тауып дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру. Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру. Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: деңгейлеп –саралап оқыту

Көрнекілігі: дидак.материал

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар, мейірімділік жылы жүректен пайда болады. Сол мейірім мен жылылықты бір - бірімізден аямайық. Ол үшін қолымызды жүрек тұсына қойып, екінші қолымызбен демеп, түсіріп алмастай етіп, бір - бірімізге жүрек жылуын берейік.
«Сіз»-«Біз» деген жылы сөз -
Жылытады жүректі,
Бір - біріне болып кез,
Кең болсын адам пейілі.

II.Өткенді қайталау

Ойлан, тап

-Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сен жан-жағыңнан  заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді не дейміз? (зат есім)

-Зат есімнің сұрақтары қандай? Мысал келтір

-Айналаңдағыларға зер салып қара. Олардың қимылын , не істеп жатқанын білдіретін сөздерді не дейміз? (етістік)

-Етістіктің сұрақтары қандай? Мысал келтір

-Заттың  түрін, түсін, сапасын білдіретін сөз табын қалай атаймыз? (сын есім)

-Сын есімнің сұрақтары қандай? Мысал келтір

                                 Етістік

 

    Сөз таптары

 

 
  Счетверенная стрелка: Сөз таптары

 

 

 

 

Зат есім                                          Сан есім

                      

                           Сын есім

III.Жаңа сабақ

Қызығушылықтарын ояту

Бос торкөздерге тиісті санды қойып өрнектің мәнін тап. Дұрыс орындалған жағдайда сабақтың тақырыбы анықталады

74-70=е      100-11=с        66-65=і      18+3=а      9+9=н     70-5=м     45-40=с  

 

     

5

21

18

   С

А

н

 

4

89

1

65

е

с

і

м

 

-Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Сан есім». Енді назарымызды суреттерге аударайық. Берілген суреттегі заттардың санына мұқият зер салып қара.

скачанные файлы (2).jpg скачанные файлы (3).jpg скачанные файлы (4).jpg скачанные файлы (5).jpg

-Заттың санын анықтау үшін қандай сұрақтар қоясың?

-Ал, заттың ретін анықтау үшін ше?

-Қанша? неше?  нешінші?сұрақтарын қоя отырып нені анықтап біле аласың?

-Демек, қандай қорытынды жасаймыз? Сан есім дегеніміз не?

-Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады: бес , екінші,алтау

-Ал, жоғарыда  көрсетілген сызбадағы сандарды қалай топтауға болады?

1 таңбалы            2таңбалы

5,4,1                      21,18,89,65

-Берілген цифрларды жазбаша жазып көрейік.

бес            жиырма  бір

төрт          он сегіз

бір             сексен тоғыз

                  алпыс бес

Қорытынды ереже:Екі сөзден тұратын сан есім бөлек жазылады.

 

Сан есім               анықтамасы                заттың санын, ретін  білдіретін сөздер

 

                              сұрақтары                   қанша? неше? нешінші? нешеу?

1 деңгей

1 тапсырма

Сандарды сөзбен жаз

1,4,6,2,5,3,,9,10,20,100

2 тапсырма

Сан есімдерді теріп жаз.

                                       Көк кит

  Көк киттердің кейбіреулерінің ұзындығы 30 метр болса, салмағы 150 тонна тартады. Кит аулаушылар мұндай киттің біреуінен 60 тонна ет, 30 тонна май алады. Киттің тілі 4 тоннаға жуық, бауыры 1 тонна болады.

2 деңгей

1 тапсырма

Сандарға тиісті жалғауды жалғап, сөзбен жазу

Ат жарысында Жалғастың аты 1 келді. Асқар 5 үй, 16 пәтерде тұрады.

Арманның інісі 2 сынып оқиды. Қарашаның 22.Спорт жарысына 7 сынып оқушылары қатынасты.Біз 3 қабатта оқимыз.

2 тапсырма

Кестені тиісті сөздермен толықтыр

Неше?

Нешеу?

Нешінші?

 

 

 

екі, бесінші,үш, он, он алтыншы, жетеу, алтау, сегізінші, екінші, он тоғыз, алтау, біреу, отыз, қырық екі, отыз екінші, төртеу, бесеу, тоғыз.

Сергіту сәті

Тік тұр, түзеп бойыңды,

Соз  алдыңв қолыңды.

Ұзақ күтіп баптанба,

Қанатың жай қапталға.

Қос қолыңды соз алға,

Көтер көкке мойныңды.

Тік ұста да бойыңды,

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да,

Жеткіз жираф мойнына.

Шығармашылық тапсырма

Жұмбақты шешіп, шешуіндегі  сөзге әңгіме құра

Бұйырмапты бас та,

Ауыз да,

Құлақ та.

Үлкен үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

3 деңгей

1 тапсырма

Жұмбақтың шешуін тап,  сан есімдердің астын сыз. Шешуінің жауабын қатыстырып сөйлем құра.

Бір топ бала тоғаннан,

Он бес балық ұстадық.

Бөліскенде  оларды,

Тиді әрікмге үш балық.

Сынайын бір ал сені,

Бала саны қанша еді? (5)

2 тапсырма

«Он-оныншы» сан есімдерінің бір-бірінен айырмашылығы  мен ұқсастығын дәлелде.

 

 

 
 

 

 

 

он                                                   оныншы

 

 

IV.Бекіту

«Қол соғу» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін тереңдету, айтқанды мұқият тыңдауға үйрету.

Ойынның шарты:

-Мен сендердің нені дұрыс есте сақтап қалғандарыңды тексеремін. Зат есім, етістік, сын есім, сан есімді білдіретін сөздерді айтамын. Сендер тек  сан есімді айтқанда ғана қол соғасыңдар.

Мысалы: қала, орамал, үшінші, екі, қырық жеті, ақылды, көйлек, бір, оқырман, жүр

ді, жүз, кетті, жаз, елеу, алтау т.б

V.Мадақтау

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения