Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
19.02.2015
0
425
0

Гүлдер біздің сәніміз

Казахстан, Южно-Казахстанская область, г. Шымкент,пос. Сайрам

Детский сад «Гул Астана»

Воспитатель

Расулметова Дилафруз  Абдурасуловна


«Гүл Астана» балабақшасы
 «Бөбек» тобының тәрбиешісі 
Расулметова Дилафруз Абдурасуловна


Тақырыбы:  «Гүлдер  біздің  сәніміз»

Мақсаты: Гүлдердің  түрлерімен  таныстыру Гүлдердің  түр – түстерін  ажырата  білуге  баулу. Өсімдіктерді күту  ережелерімен  таныстыру. Түстер  туралы  ұғымын  бекіту, түстердің  атын  білуге  машықтандыру. Сөздік  қорын  молайту, тілдік  белсенділік  қызметін  арттыру. Гүлдердің  түр – түстерін  есте  сақтау, қабылдау, ойлау  сезімдерін  дамыту. Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайыннан тәрбиелеу. 

Жаңа  сөздер: қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл, «жеті қазына».

Көрнекі  құралдар: экран-проэкторға салыған  гүлдердің  суреттері, қойылған  бөлме  гүлдері, қиылған  гүлдердің суреттері.

Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Сабақ  барысы: Балалар  жарты  шеңбер  болып  тұрып, бір- біріне  күлімдеп, келген  қонақтармен  амандасады.
Балалар: Білер  қазақ  баласы
                  «Сәлем»-  сөздің  анасы
                  Алдымыздан  кезіккен
                  Көп  танысты  көреміз
                  Бәріне  де  ізетпен
                  Біздер  сәлем  береміз
Тәрбиеші: Балалар,  келіңдер  шеңбер  болып  отырайық, бәріміз  көзімізді  жұмып, әуенді  тыңдайық. Осы  кезде  гүлдердің  киімдерін  киген  қыздар  келеді. Балалар  орындарынан  тұрып,  орындыққа  отырады. Олай  болса  мен  сендерді  гүлдермен  таныстырайын.
   


Бәйшешек:  Бес  дегенім  бәйшешек
   Бірінші  гүлі  көктемнің
    Бәйшешекті  оятар
    Баяулап түртіп, көктен  нұр.

Түймедақ:  Түймедейін  сары  дақ  ортасында,
     Тарала  өскен  ақ  гүлі  бар  қасында
    «Түймедақ»  деп  аталып  кеткен  екен,
    Түймеге  ұқсас  сол  дақтың  арқасында.

Қызғалдақ: Қырқалардың  төрінен
Лаулап  көзге  ұрады
     Қызғалдақтар  өңірді
    Қып- қызыл  ғып  тұрады
   

Лалагүл:  Лаулап  оттай  шілде  айында лалагүл,
 Лала  гүлмен  құлпырады  дала  бір
    Ләззат  алмау  мүмкін  болмас  көркінен
   Лалагүл  де өзгеше  әсем, дара  гүл  

Күнбағыс: Көк  төсінде  алтын  күн
    Көрінгенмен  мұнша  алыс
                     Келеді  одан  көз  алмай    
                     Кербез  сұлу  күнбағыс

Раушангүл: Әдемімін, менен  қай  гүл  аса  алған
    Әуелден  -ақ  «Гүл патшасы»  атанғам
    Әсемдік  пен  хош  иістен  нәр  алдым 
    Әлемнің  көп  жерлеріне  таралғам

 

Бақытгүл:  Бұл  әсем гүл күзде, ұзақ  гүлдейді
    Басқа  гүлдей  шілдеде өмір  сүрмейді
                     Бір  мереке  бар  жапондар  елінде
                     Бақытгүлі  тұрады  оның  төрінде

Сергіту  сәті: Жайқалады  ағаштар,
                            Бетімізге  жел  еседі,
                            Кіп- кішкентай  балалар,
                             Үп- үлкен  болып  өседі.
                            Біз  гүлдерше  өсеміз 
                            Жапырағы  жайқалған
                            Сабақтары  салалы,
                            Желмен  бірге жайқалған    
           
Жарайсыңдар  балалар!  Балалар  орындыққа  отырады.
Ойын: «Жеті  қазына»
Шарты: Қоржыннан  түрлі- түске  боялған  асықтарды, балалар  бір-  бірден  шығып, алады.  Қандай  түсті  алса  тура  сол  түсті  гүлдің  шоғырын  алып, оның  ішіндегі  суретін  атап  әңгімелейді.
Әңгімелеп  болған  соң, тақтаға  іледі.
Тәрбиеші:  Балалар  бәріміз  енді  мына  үлкен  теледидарға  қарайық. «Түстерді үйренеміз»  атты  слайдқа  қарайық.
Қыздардың  орындауында  «Гүлдер»  биі.
Балалардың  шығармашылық  жұмысы  «Меруерт гүлін»  жапсыру.

Сергіту сәті: «Гүлдер биі»

Сабақты пысықтау:Сұрақ – жауап арқылы білімдерін пысықтау.

Қорытынды: Құрметті қонақтар, балалар осымен « Гүлдер біздың сәніміз» атты ақшық сабағымыз аяқталды. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения