Утегенова Сандугаш Есенбулатовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:ЗКО, Уральск, Бисен
18.02.2015
0
415
0

Жалаң және жайылма сөйлем

Бөкей Ордасы ауданы Бисен ауылы З.Жиенәлиев атындағы бастауыш мектебіныің мұғалімі Утегенова Сандуғаш

Сабақтың тақырыбы:Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы жалпы мағлұмат бер,сөйлемнің жалаң,жайылма болып бөлінуі тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту,сөйлемдегі сөздерді сұрақ қою арқылы талдауға үйрету.

Дамытушылығы:

Тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорын арттырып,сауаттылығын,ойлау жүйесін дамыту.

Тәрбиелігі:шапшаң ойлауға,әдемі сөйлеуге,тапқырлыққа,ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді меңгерту.

Әдісі:Ой қозғау,түсіндіру,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс:математика,дүниетану,ана тілі:

Көрнекілігі:ережелер;сюжетті суреттер;кеспелер

                                           Сабақтың барысы:

                              Ұйымдастыру бөлімі.

а)Сәлемдесу.

-Балалар,бүгін айдың қай күні?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыстың нешінші айы?

ә) Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

-Сабақты бастамас бұрын мына қолымдағы күн көздеріне өздеріңнің қазіргі сәттегі көңіл күйлеріңді сала қойыңдар.

                                   Үй  тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген жаттығуды тексеру.

                       Өткен сабақты бекіту.

Бағдаршам стратегиясын қолданып бағалаймын.

Миға шабуыл. (сұрақ-жауап)

-Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

-Сөйлем нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз?

-Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

-Екіге.Тұрлаулы,тұрлаусыз

-Бастауыш  дегеніміз не?

-Қимыл,іс-әрекет иесін білдіретін сөздерді бастауыш дейміз?Бастауыш Кім?кімдер?Не?Нелер? деген сұрақтарға жауап береді.

-Баяндауыш дегеніміз  не?

-Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз.Баяндауыш не істеді?Неғылды?Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

-Бастауыштан кейін не үшін сызықша қойылады?

-Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса,бастауыштан кейін сызықша

(-)қойылады?

-Тұрлаулы мүшелерді ата? (Бастауыш ,баяндауыш)

-Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

-Сөйлемдегі бастауыш баяндауыштардан басқа сөйлем  мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атаймыз.

                                                    Жаңа сабақ.

Оқушыларға дәптерлерін ашып, күннің жадын жаздырып жаздыру.

Тақтада үш бұлт шығып тұр.

Сендерге қай бұлт ұнайды?

1.Бұлт-көк түсті,жайбарақат қалыпта

Бұлт-ашық көгілдір,көзі күлімдеп тұр.

Бұлт-қара көк,ашулы.

Сендерге ұнаған бұлт бойынша  шапалақтайсыңдар.

Бұлт көк түсті.

Бұлт күлімдеп тұр.

Бұл ашулы тұр.

Бұл жай сөйлем.

Біздің сабағымыздың қонақтары не білгісі келеді екен.

Негеш:Жай сөйлем мен оның түрлері туралы білсем дейді.

Білгішбек:бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз.Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді?
Экранға назар аудару.

ТӘУекел.ЕЛтанба,СІЗдер.белДІК

Асты сызылған буындар жиынтығының еліміздің желтоқсан айында болатын ұлттық мерекесінің атын құрауға болады?Ол қандай сөз екен? (Тәуелсіздік)

Бүгінгі сабағымыздың  тақырыбымыздың  осы мысал арқылы шығарамыз.

-16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні.

-Еліміз тәуелсіздігін қай жылы алды?

Тәуелсіздік күні қай күн?

1986 жылы желтоқсан иқиғасының құрбаны болған қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»атағы берілді.

Біз ана тілінен Қайрат туралы қандай әңгіме оқыдық,Қайраттың соңғы сөзін кім жатқа айтып береді?

Оқушылар «Ол ақын болар ма еді?

А)Көркем  жазу минуты .Қ қ   Қ қ   Қайрат

Білгішбектің тағы айтары бар екен:Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң 

Сөйлем дейміз.

Қайрат-батыр.Қайрат күресті.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді.

Қайрат-қазақтың қайсар ұлы.Қайрат тәуелсіздік үшін күресті.

                                Оқулықпен жұмыс.

                   Шығармашылық тапсырма.

«Жоғалған сөздер» ойыны.Берілген сөздерден сөйлемдер құрап,сөйлем мүшелеріне талдау.

 

күн

биікке

түн

ұшақ

бұлттанды

                   
  Овал: күн   Овал: бұлттанды   Овал: биікке   Овал: ұшақ   Овал: түн
 

 

 

 

 

 

 

 

көтерілді

мұғалім

сыныпқа

кірді

               
  Овал: көтерілді   Овал: кірді   Овал: мұғалім   Овал: сыныпқа

 

 

 

             

 

 

 

қуанды

ұзарды

Динара

           
  Овал: қуанды   Овал: Динара   Овал: ұзарды
 

 

                                                                                              

 

 

Күн бұлттанды.Түн ұзарды.

Ұшақ биікке көтерілді.Мұғалім сыныпқа кірді.

Динара қуанды.

 

                 Терең ойлау тапсырмасы.

Құралған жалаң,жайылма сөйлемдерді тиісті  пойыз вагонына орналастыр.

Бұл сөйлемдердің бір-бірінен ерекшілігі неде?

                                Сергіту сәті.

98-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Жай сөйлемнің түрін анықта.Ол жалаң сөйлем бе,әлде жайылма сөйлем бе?

100-жаттығу. (Ауызша)

Жай  сөйлемдерді түрлеріне қарау сәйкестендір.

101-жаттығу.

Ребусты дұрыс шешсең,мақал шығады?

Тіл қылыштан өткір.

Жайылма сөйлем.

                              Кел балалар ойнайық.Себетке  жемістермен көкөністерді жинайық.

Көкөністің жемістің сыртында сөйлемдер болады.Жалаң сөйлем болса Жемістердің себетіне жинайды.,Жайылма сөйлем болса,көкөністерге жинаймыз.

Қортынды:-Балалар бүгін  қандай тақырыппен таныстық.

                     Жалаң сөйлем дегеніміз не?

                     Жайылма сөйлем дегеніміз не?

Бағалау.

Үйге тапсырма:99 жаттығу.

 

Рефлексия.

-Ал енді сабақтың басындағы күн көздеріңнің екінші жағына қазіргі көңіл күйлеріңді бейнелей қойыңдар.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения