Несвельдинова Салтанат Мураткановна
Должность:преподаватель специальных дисциплин
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Восточно-Казахстанская область, город Семей
18.02.2015
0
592
0

БІЛІМ АУКЦИОНЫ САБАҒЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕНІМ

Кіріспе

 

Ойын сабақтары – дəстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері. Ойын сабақтарының ерекшелігі – оқу-тəрбие үрдісінде балаларға таныс ойын элементтерін білім алуға пайдалану. Ойын -оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.

Ойын сабақтарына: саяхат, театр, тренинг, жұлдызды сағат, ғажайыптар алаңы, ойлан тап!, аукцион, жəне т.б. сабақтар жатады. Ойын – бұл адам қызметінің белсенді түрі болып табылады. Ойын элементі бар сабақ – өткен материалды бекіту және жаңа тақырып бойынша тәжірибелік біліктіліктерін қалыптастырудың тиімді бір түрі болып табылады.

Ойын түрлерінің ерекшелігі, оқу процессі тәжірибелік жұмысқа жақын болып келеді. Оқушылар өздерінің роліне қызығушылық таныта отырып әртүрлі тәжірибелік шешімдер қабылдау қажет. Көбінесе ойын кезінде шешім ұйымдасып қабылданады. Ойын кезінде оқу процессін белсендіретін белгілі эмоциялық кызығушылық пайда болады.

Ойын формаларына рольдік, имитациялық, іскерлік т.б. жатады. Ойын элементі бар сабақ оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын танытады, оларға анықтамаларды ойда сақтауға мүмкіндік береді, ойлау қабілетін дамытады.

Аукцион  сабағы

 «Аукцион» - сөзі латын тілінен аударғанда, жалпы сатылымда сауданы (немесе оның түрлерін) қарастыруға қоя отырып сатуды білдіреді. Аукцион нақты үлкендердің аукционы сияқты жасалады. Ол балалардың экономикалық байланыстарын дамыту мен қатысушыларды сауда-ақшалық жүйемен қатынасуға барлық құраушы элементтерін сақтай отырып қалыптастырады – белгілері: спикер – жүргізуші, аукционға қатысушылар – «сатып алушылар»: кәсіпкерлер, серіктестер, қызығатындар «кейкездері», әртүрлі фирмаларды таныстырушылар; ақшалай бірліктер аукцион қатысушыладың қатынастарын анықтайды. Сабақты мұғаліммен бірге пән үйірмесінің мүшесі дайындайды: сатуға керекті объектілерді ұйымдастырады, безендірді ойлап табады.

Аукцион сабақ – дəстүрлі емес сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Аукцион сабақтары көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарында пайдалану қолайлы. Аукцион сабағында əр түрлі заттар көрмеге қойылады, оқушылардың ол заттарды сатып алу үшін, ол заттардың қасиеттерін айтып, не артындағы тапсырмаларды, есептерді шығаруы керек.

 

Сабақ құрылымы:

  • Сәлемдесу;
  • Тақырыптың ең басты сұрақтарын қайталау;
  • Заттарды «сату»;
  • Қорытындысын шығару.

 

Әдістемелік әзірленім

Ойын негізгі 6 кезеңге бөлінеді: оқытушының сөзі, жоспардың пунктерін талдау, жасаған жұмыстарына қорытынды жасау.

Сабақтың басында оқытушы тақырыпты айтып, оны оқу мақсатымен, оның курс тақырыбындағы маңыздылығымен таныстырады. Бұл бөлімге 4-5 минут уақыт беріледі.

Оқытушының сөзінен кейін дайындалған командаларға сөз беріледі. Оқушылар дайындалған командаларға ескерту жасауға болмайды, себебі дайындалған командаларда тақырып бойынша ақпараты мол. 

Командалардың дайындығына байланысты келесі варианттарды қолдануға болады:

- сөзді нақты бір оқушыға беру

- қосымша тақырып бойынша өз еркімен сөз сөйлейтін оқушыларға сөз беру

- сабаққа белсенділік танытпаған оқушыларды әңгімеге тарту

Ойын оқытушының сөзімен аяқталады, онда оқытушы талдау нәтижесін, тақырыптың маңыздылығын, басқа тақырыптармен байланысы туралы айтып өтеді. Мұнда оқушыларды бағалауда ерекше назар аударылуы тиіс. Баяндама жасаған оқушылар олардың опоненттеріне, талдауда белсенділік танытқан оқушылар аталып өтеді.

 

Қорытынды

Берілген ойын-сабақ оқушыларды белсенділіктерін арттыруға, оқушылардың білімдерін объектілі бағалауға, оқушыларға ұжымдасып жұмыс жасауға, өз ойын жеткізе білуге тиімді.


 

Пән: Желілік технологияға кіріспе

VI бөлім. WEB - бағдарламалау

Курс тақырыбы 6.1 тақырып. HTML.   Құжаттарды құру және редакциялау.

Сабақтың тақырыбы №5 Web парақта тізімдер құру. Маркерленген, номерленген тізімдер. Анықтамалық тізімдер. Алынған (ішкі) тізімдер

Сабақтың типі: Дәріс, білім аукционы сабағы

Сабақтың түрі: Аралас

 

Мақсаты - Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту. Берілген қалыпта тақырыпты қайталау, білімді тәжірибелік қолдануын көрсету.

 

Ойын барысы:

Аукционға екі топ қатысады. Сауда жүргізіледі. Тапсырмалар беріледі, олардың бағасы ұпамен есептеледі. Бастапқы баға – 30 ұпай. Ең жоғары баға – 70 ұпай. Қай топ жоғары баға береді, сол топ тапсырмаға жауап береді. Егер топ сұраққа дұрыс жауап бермесе, келесі топ жауап береді.

 

Техникалық құрал: компьютер

 

Бағдарламалық жабдық: карточкалар.

 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1.         Олифер В.Г., Олифер Н.Л. Компьютерные сети. Питер. 2007г.;

2.         Закер К. Компьютерные сети. Санкт-Петербург. «БХВ-Петербург». 2005г.;

3.         Гук М. Аппаратные средства локальных сетей. СПб: «Питер». 2007г.:

4.         Олифер  В.Г., Олифер  Н.А.  Сетевые операционные системы. ПитерПресс 2008г.;

5.         Экслер А. Самый полный и понятный самоучитель работы в Сети. Москва. NT Press. 2007г.;

6.         Днепров Д. javascript на 100%. «Питер». 2008г.;

7.         Джеймс Л. Молер. Flash 8. ООО «Издательство Эксмо». 2007г.

 

 


Дәріс 5.

 

Пән: Желілік технологияға кіріспе

VI бөлім. WEB - бағдарламалау

Курс тақырыбы 6.1 тақырып. HTML.   Құжаттарды құру және редакциялау.

Сабақтың тақырыбы №5 Web парақта тізімдер құру. Маркерленген, номерленген тізімдер. Анықтамалық тізімдер. Алынған (ішкі) тізімдер.

 

HTML тілінде тізімдер

Жоспар:

-          Реттелмеген тізім;

-          Реттелген тізім;

-          Бас әріппен реттелген;

-          Кіші әріппен реттелген;

-          Рим сандарымен реттелген;

-          Кіші Рим сандарымен реттелген;

-          Дөңгелек белгімен реттеу;

-          Шеңбер белгімен реттеу;

-          Төртбұрыш тәрізді белгі;

-          Анықтама тізімі.

 

 Түрлі сайттарды оқығанда көптеген мәтіндерде неше түрлі тізімдерді көреміз. ғ

 

Реттелмеген тізім

тегі арасына тізімге енетін сөздерді енгізуге болады. Ал  тегі арасындағы үш сөзді жалпы <ul></ul> тегі арасына салса, тізім реттелмеген түрде алдына дөңгелектер қойылып, веб-бетте көрінеді.

 

 

Дөңгелек тізім:

Математика

Тарих  

Қазақ тілі

 

 

  

Сурет 1. Дөңгелек тізім

 

 

 

Реттелген тізім

тегі арасына тізімге енетін сөздерді енгізуге болады. Ал тегі арасындағы үш сөзді жалпы  тегіне салса, тізім реттелген түрде алдына реттік сандар қойылып, веб-бетке шығады.

 

 

Реттелген тізім:

Математика   

Тарих

Қазақ тілі

 

 

Сурет 2. Реттелген тізім

 

Бас әріппен реттелген

тегі арасына тізімге енетін сөздерді енгізуге болады.

 тегінде type=«A» деп қолданылады, тырнақшадағы A бас әрпі тізімнің бас әріппен реттелетінін білдіреді.

 

 

Бас әріппен реттелген тізім:

 

Математика

Тарих

Қазақ тілі

 

 

Сурет 3. Реттелген тізім

 

Кіші әріппен реттелген

тегі арасына тізімге енетін сөздерді енгізуге болады. <ol></ol> тегінде type=«a» деп қолданылады, тырнақшадағы a кіші әрпі тізімнің кіші әріппен реттелетінін білдіреді.

 

 

Кіші әріппен реттелген тізім:

 

Математика

Тарих   

Қазақ тілі

 

Сурет 4. Кіші әріппен реттелген тізім

Рим сандарымен реттелген

тегі арасына тізімге енетін сөздерді енгізуге болады. <ol></ol> тегінде type=«I» деп қолданылады, тырнақшадағы I Роман саны тізімнің Роман санымен реттелетінін білдіреді.

 

 

 Рим санымен реттелген тізім:

 

Математика

Тарих

Қазақ тілі

 

Сурет 5. Рим санымен реттелген тізім

 

Кіші Рим сандарымен реттелген

тегі арасына тізімге енетін сөздерді енгізуге болады.

 тегінде type=«i» деп қолданылады, тырнақшадағы I кіші Роман саны тізімнің кіші Роман санымен реттелетінін білдіреді.

 

 

 

Кіші Рим санымен реттелген тізім:

 

Сурет 6. Кіші рим санымен реттелген тізім

 

Дөңге

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения