Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:
Регион:не указан
18.02.2015
0
453
0

Математика пәнінен сабақ

 

Математика

 

Уақыт бірліктері

 

Сабақтың тақырыбы: Уақыт бірліктері.

Сабақтың максаты: Уақыт бірліктерімен (тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр) және олардың арақатынасымен таныстыру: өзара кері есептер құру және шығаруды пысықтай түсу.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұлттық негізде тәрбиелеу, халықтық педагогиканы бойына сіңіру. Оқушыларды бірлікке, ынтымакка, адамгершілікке, үйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтын түрі: Аукцион сабақ.

Сабактың әдісі: Сұрақ-жауап ойын түрінде орындату.

Сабақтың көрнекілігі: Сатып алынатын заттар, аптаның аты жазылған7 қалпақ, айдың аты жазылған 12 тақия, жыл атаулары салынған суретті омырауша (12 дана), түрлі суреттер, үлестірмелер кадаскоп, сөзжұмбақ, ойындар, т.б. ұйымдастыру.

Сабактың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақты "Құстарға камқорлық" ойыны арқылы қорыту.

Сергіту сәті: Ұнтаспадан "Жыл басына таласкан хайуанаттар" ертегінен үзінді тындатып, сұрақ кою:

—     Бүл ертегінің тақырыбы калай аталады?

—     Жыл дегеніміз не?

Ал, балалар, бүгінгі сабакта уақыт өлшемдерінің бірліктерімен танысамыз.

 

Кіріспе түсініктеме.

Уакыт өлшемдері жыл, ай, апта, тәулік, сағат, т.б. Осы бірліктерді халық қалай тапкан, соған тоқталамыз. Жыл, ай, аптаның ұзақтығын анықтау оңай болған жок. Алғашқы уакыт есебін жүргізу, күнтізбені жасау тек жер кәсібі мен мал шаруашылығына көшкен заманда ғана бастаған. Хатықтардың көпшілігі жыл мерзімін жаз, күз, қыс, көктем маусымдарымен есептеген. "Пәлен уақыттан кейін бес жыл өтті" деудің орнына "Бес жаз" немесе "Бес көктем" өтті деген.

Бұрынғылар жеті күнді былай атаған: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн азына. 12 жыл уақытты — мушел деп атаған. Олар санмен емес, хайуандар атымен аталған.

Бұрын тек мүшелдік күнтізбелер болған, қазақша күнтізбе 1922 жылы жазылды. Бұл күнтізбе қайта өзгер-тіліп, 1931 жылы қайтадан құрастырылды.

Бұл күнтізбені құрастырушылар Б.Майлин мен І.Жансүгіров еді. (Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері туралы қысқаша түсінік беріп өту).

Сағат моделінің көмегімен күн шыққан уақытынан бастап ұясына батқанға дейінгі уақыт және түнгі уақыт күн шыққанға дейін тәулік өтетінін түсіндіру. Тәуліктің басы түнгі сағат 12, сондықтан күндізгі 12-де 12 сағат болады, ал түнгі 12-де тағы 12 сағат болады, яғни 12+12=24 сағат немесе 1 тәулік.

Мұғалім: — Балалар, бүгін біздің сыныпқа көптеген қонақтар келіп отыр. Мектеп басшылары, ұстаздар, ата-аналар, ал мына келген қонақтар өздерін таныстырсын.

1. Сатушы тәлімгер.

Ау, балалар, балалар,

Бәрің бізге қараңдар.

Біз сатушы тәлімгер,

Айгул менен Айдана,

Келдік көптеп зат алып,

Сатамыз деп сендерге.

Ақшаға біз сатпаймыз,

Білімге айырбастаймыз,

Кімде білім көп болса,

Сол оқушы ала-алар,

Үндемеген оқушы,

Отырып тез ойланар.

 2. Сатушы тәлімгер.

—     Балалар, біздің мақсатымыз — сендерге нарықтық экономиканың не екенін түсіндіру. Біз бүгін сол нарықтық экономиканың алғашқы әліппесі "Аукцион" сабақ өткізгелі отырмыз. Біз сатушымыз, сендер сатып алушысындар. Сендер дүкенге барғанда заттарды ақшаға сатып аласындар, ал сендерде ақша жоқ, сол ақшаға сатып алуға болмайтын қымбат зат сендердің білімдерің. Заттарды білімге айырбас­таймыз.

Мүғалім: — Біздің сабағымыздың ерекшелігі осында. Сондықтан сабағымыз "Жәрмеңке сабағы" деп аталады.

—     Ал, балалар, саудаға кірісейік.

—     Сауда сәтті болсын!

1-сатушы:

Ал, келіңдер, келіңдер,

\Біріңе бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Саудаласып көріңдер.

(Мына төмендегі 7 сұрақтар 7 қалпактың артында жазылып тұрады).

№1. Жыл қай айдан басталады? Жылдың соңғы күнін ата.

№2. Бір жылда қанша ай бар? Ретімен ата.

№3. Бір тәулікте неше сағат бар?

№4. Республика күні мейрамы қай күні атап өтіледі?

№5. Биыл Ғ.Мүсірепов атамыздың неше жылдығы тойланды?

№6. 2002 ж. қандай жыл болып аталды?

№7. Қазақша жыл атауларын атап шық.

Міне, балалар, сендер жеті сұраққа жауап бердіңдер. Енді осыны бір сөзбен қалай атаймыз? Бір апта деп атаймыз.

Сергіту сәтіне "Бір апта" өлеңін айткызу:

Сәл демалып, тынып ал,

Тақпақ айтып, уғып ал.

Апта деген ағайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі — дуйсенбі,

Екіншісі — сейсенбі.

Үшіншісі — сәрсенбі.

Төртіншісі — бейсенбі.

Жұма деген — бесінші ұл,

Алтыншы ұл — ол сенбі,

Жетіншісі — жексенбі.

Алты аға демалмастан,

Сабағынан қалмастан,

Алты тәулік оқиды,

Зердесіне тоқиды.

Оқулыкпен жұмыс.

№ 1. Ауызша орындау (сұрақтарға жауап бергізу).

№ 2. Үш топтан үш оқушыны шығару.

50 сағ. + 4 сағ.

4 сағ. + 50 сағ.

54 сағ. - 4 сағ.

45 мин. - 40 мин.

54 caғ. - 50 сағ.

40 мин. + 5 мин.

45 мин. - 5 мин.

50 + 4

4 + 50

54 - 4

54 - 50

40 + 5, т.б.

№ 3. Үш топтан үш оқушы шығарып, алғашқы оқушы шартын құрып, екі оқушы соған кері есеп кұру.

Әкесі - 48 жаста

Баласы - ?, 40 жас кіші

Ш: 48 - 40 = 8

Ж: баласы 8 жаста. ә) Әкесі - 48 жаста ? үлкен Баласы — 8 жаста ? кіші                                                                  Ш: 48 - 8 = 40

Ж: әкесі 40 ж. үлкен, баласы 40 ж. кіші.

б) Әкесі - 40 ж. үлкен

Баласы — 8 жаста

Ш: 40 + 8 = 48

Ж: әкесі 48 жаста.

Ең бірінші және дұрыс орындаған оқушы (үш топтың орнында отырған оқушылардан да) жәрмеңкеден өзінің қалаған затын алады.

2-сатушы:

Көп білетін оқушы,

Мына бізге келіңдер.

Теңдеу есеп шығарып,

Дұрыс тауып жауабын,

Саудаласып коріңдер.

Теңдеу шешуге үш топтан үш оқушыға шығарту.

100-х=40       25+а=90    80-х=15

Мүғалім: — Балалар, қазір кай мезгіл?

—     Күз.

Дүрыс. Күз мезгілінде біз нелерді жинап аламыз?

Жеміс-жидектерді, астықты, мақтаны, т.б.

Міне, балалар, бізде Отанымызғаегін жинауға көмектесейік. "Егін жинау" ой­ыны арқылы № 4 мысалды шығарту.

Сөзжұмбақ шешу.

 

 

с

 

Ж

 

F

А

С

ы

р

 

F

 

л

 

 

A

 

 

T

 

Көлденеңінен: 100 жыл — ғасыр. Тігінен: 2. 60 минут — сағат. 3. 12 ай — жыл.

Мұғалім: — Балалар, мына ребусты шешейікші. Ребуста "Ғабит атаға 100 жыл" деген сөз шығады. Оқушьшарға жазушы туралы әңгімелеу.

1-сатушы:

Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та ойлайық. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық.

1.Бір ұзын ағаш, ағаштың үстіндеон екі ұя, әрбір ұяда төр-төрт тұқым,әр тұқымда жеті балапан.

Шешуі: жыл, ай, төрт мезгіл, апта.

2.Бір ағаштың 12 бұтағы бар, әр бұтағында 30 жапырағы бар, жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара.

Шешуі:ай, тәулік, күн мен түн.

№ 5. Минутпен өрнектеп жазу.

1 сағ. 20 мин =    мин.

1 сағ. 30 мин.=    мин.

1 сағ. 40 мин. =   мин.

1 сағ. 10 мин. =    мин.

№ 6. Салыстыру.

1 сағ. * 60 мин.

1 тәул. * 24 сағ.

1 ғасыр * 100 жыл.

1 сағ. 10 мин. * 70 мин.

car. 9 мин. * 69 мин.

сағ. 10 мин. * 130 мин.

Сабақты қорыта келе сұрақтар қою және "Алма жинау" ойынын ойнату. Бағалау.

Қорыта айтқанда, ұлттық ойындар — ата-бабамыздан бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық кабілетін оятып, бүкіл өміріне үштаса береді. Сонымен қатар ойын-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен канат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения