Шалабаева Аршагуль Алжахановна
Должность:директор
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область г.Аксу
18.02.2015
0
475
0

Открытый урок по казахской литературе “Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы. “Бағаналы терек”, “Мен, мен едім, мен едім”

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы. Бағаналы терек”, “Мен, мен едім, мен едім”

Сабақтың мақсаты:Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша бұрын алған білімдерін жүйелеу, тереңдету; өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктерін ұғындыру; тәрбиелік мәнін бойларына сіңіруге жағдай туғызу, ұлтжандылық сезімдерін тұрақтандыру.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: сөз, логикалық, тәжірибешілік

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

     амандасу, түгендеу;

     сабаққа дайындықтарын байқау.

     топқа бөлу:

“Асыл арна”: Айжан, Айсұлу, Алмас, Ануарбек;

“Әділ әмір”: Әділхан, Әлемгүл, Әлия, Әмір, Әнел;

“Дәулескер орындаушы”: Данель, Даниял, Дилара, Оңдас;

“Мағыналы мехнат”: Мадина, Мақсат, Малика, Махаббат.

 

ІІ Үйге берілген тапсырманы тексеру  кезеңі:

Махамбет Өтемісұлы.

( “Мен, мен едім, мен едім” әні орындалады)

Ассоциясы: Махамбет кім? (ауызша, дәлел, 5-7 минут)

 

ІІІ Жаңа материалды меңгеру  кезеңі:

Махамбеттің есімі – өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап–таза корғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.  (3.Қабдолов)

Тақырыпты ашу, постерге түсіру.

1-топ: Махамбет – ерлік пен елдіктің өшпес рухы (өмірінің өзі өнеге).

2-топ: Исатай – басшы, мен  – қосшы... (көтеріліс жайлы қозғасақ)

3-топ: Өрбіттің өлең өнерін... (өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік ерекшелігі)

4-топ: Әдебиетте бейнең қалды ел сомдаған... (Махамбет әдеби және ғылыми еңбектерде)

(Әр топқа қосымша материал беріледі, шығармашылық жұмысқа 10 минут)

 

1,2-топ: “Бағаналы терек” – Махамбет өлеңдері ішіндегі еркше орын алатын өлеңнің бірі. Бұл өлең ақын өмірінің кезіндегі көңіл күйінің көрінісі деуге болады. Исатай өлгеннен кейін Махамбет көтерілісті қайта ұйымдастырмақ болып, көп әуреленеді. Бірақ хан- сұлтан, би- феодалдардың көтеріліске қатысушыларға қолданған қатал шаралары елді бас көтерместей етіп тұқыртып тастады. Мұны Махамбет жақсы түсінді. Елді ереуілге көтеруге белгілі бір жағдай керектігін де аңғарды. Жарылған бағаналы тереке бақыраш жамауға болмайтыны тәрізді, жеңіліске ұшырап, бытырап кеткен елдің басын қайта біріктірудің қиындығын да білді. Халықты хан әулетіне қарсы қанды айқасқа, кек алуға үндейді.

Алгоритм:

1.Метафора. 2.Метонимия . 3.Эпитет. 4.Шарттылық. 5.Риторикалық сұрақ. 6.Ұлттық өрнек. 7.Көптік ұғым. 8.Даралық сипат. 9.Шартты рай тұлғасы. 10.Көсемше тұлғасы. 11. Жинақтау.

                  

        3          1          9

Бағаналы терек жарылса,

     6,11          6

Бақыраш жамап болар ма? (5)

       1              3          1

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,-

       1     3       1

Еменге иір бұтақ бітсейші!

      1,6       1,6

Қыранға тұғыр қыларға.

 

 

Бағаналы – мықты діңгек;

бақыраш – теңіздегі тас қабыршағы;

қыран – ел басшысы.

Емен аласа болғанымен, саясы мол; қарағай сұлу, биік ағаш, алайда емен сияқты саясы мол емес;

Қыранға, яғни ел басшысына лайық тұғыр – емен ағашының бұтағы көп болса дегені, артынан ерер жолдасы, әскері көп болса деген арманнан туған жолдар.

 

                 2,7

Ханнан қырық туғанша,

       2         2,8

Қарадан бір-ақ тусайшы.

 

                                 4

Халықтың кегін қусайшы.

 

Артымыздан біздердің

     10

Ақырып теңдік сұрарға.

 

 

Халық кегін қуатын, теңдікті сұрайтын, егемендікке қол жеткізетін ұлды армандаған ақын тілегі айтылған.

 

3,4-топ: “Мен, мен едім, мен едім”  өлеңін талдату.

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

Ерегіскен дұшпанға

Қызыл сырлы жебе едім.

Жақсыларға еп едім,

Жамандарға көп едім.

Ерегіскен дұшпанның

Екіталай болғанда

Азыққа етін жеп едім.

Хан баласы ақсүйек

Ежелден табан аңдысқан.

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етектен кесіп жең болмас!

Хан баласы ақсүйек,

Байеке сұлтан сен болып,

Сендей нарқоспақтың баласы,

Маған оңаша жерде жолықсаң,

Қайраңнан алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем,

Тамағыма қылқаның кетер демес ем.

 

Топтың аты қандай сыр жасырған? (5-7 минут)

“Асыл арна” (Махамбет нәр алған арналар)

“Әділ әмір” (әділдік шешім, бұйрық жүргізуде)

“Дәулескер орындаушы” (жан-жақты өнер иесі, күйші: “Жұмыр қылыш”, “Қайран Нарын”, “Өкініш”, “Жорық”, “Тарланым”, “Арыстаннан айрылдым”, “Жауға шапқан”, “Ақтабан”, “Терезе”, “Шілтерлім”, “Өттің дүние”)

“Мағыналы мехнат” (бейнетке толы өмірі өтсе де, ол өмір мағыналы болды)

 

ІV Бекіту кезеңі:

 -  Суреттер мен сандар не дейді:

1803, 1804, 1846, 2003

1836, 1838

1913,1966,1983

1995, Индер, 2003

Екі портрет несімен ерекшеленеді?

 

 V Қорыту, бағалау кезеңі:

- Оқушылардың ойларын толықтыру;

- Рефлексия, баға қою.

 

VІ  Үйге тапсырма беру кезеңі:

          Махамбет шығармаларының тақырыптық, идеялық ерекшеліктері бойынша оқып, конспект жасау.

          “Мен, мен едім, мен едім” өлеңін жаттау.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения