Шалабаева Аршагуль Алжахановна
Должность:директор
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область г.Аксу
18.02.2015
0
577
0

Открытый урок по казахскому языку “Дауыссыз дыбыстардың түрлері”, 5 класс

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.

Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыстартуралы түсініктерін толықтыру; дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндіру; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;  бойларына адамгершілік қасиеттерді  сіңіру. 

Сабақтың типі: жаңа материалды таныту сабағы

Сабақтың түрі: ізденіс  сабағы

Сабақтың әдісі: сөз, логикалық

 

Сабақтың барысы:                                                                                      

І Ұйымдастыру кезеңі:

-       амандасу, түгендеу;

-       сабаққа дайындықтарын тексеру.

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-       248 – жаттығу. Өлеңді көшіріп, езулік дауыстылардың астын сызу.

-       259 жаттығу. Дауыстыға басталып, дауыстыға аяқталатын жер – су аттарын  жазу (10 сөз).

 

ІІІ Жаңа материалды меңгеру кезеңі:

Көтеріңкі көңіл күймен,

Бастайық біздер сабақты.

Пайдаменен өткізейік

Бөлінген бізге сағатты.

Тапсырманы орындаңдар:

қ

 

н

 

с

 

ш

... ала

д

 

б

 

ж

 

Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойыңдар. Олар қандай дыбыстар?

Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер)өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар.

Дауыссыз дыбыстар нешеу?

Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ (26)

 

Дауыссыз дыбыстар

үн мен салдырдың қатысына қарай:

Қатаң дауыссыздар

салдыр

Ұяң дауыссыздар

салдыр > үн

Үнді дауыссыздар салдыр  < үн

к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ (12)

б, в, г, ғ, д, ж, з (7)

р, л, м, н, ң, й, у (7)

Жұп құрайтын дауыссыз дыбыстар: б – п, в – ф, г – к, ғ – қ, д – т, ж – ш, з – с.

Интербелсенді тақтамен жұмыс (әріптерді тиісті жерге апару)..

 

ІV Бекіту кезеңі:

Суреттерден қатаң дауыссыз дыбысқа басталатын зат есімдерді табыңдар.

Кәмпит, қолшатыр, пышақ, тарақ, сәбіз, таразы, керік, шеге, шаңышқы, піл, телефон, шар, шелек, тоқылдақ, қораз,қой

 

Бірінші сөздің соңы, екінші сөздің басы болатын буынды тауып жазыңдар:

ҚАЛ . . ҒАМ                   САЛ . . . ТА

БА . . УЫҚ                      КӨ . . . ТЕП

КЕ . . ШІН                       ЖҰМ . . . ША

СА . . НАТ                       ОЙ . . . САТ

АЛ . . СА                          МА . . . ЖЫҢ

ЫН . . РАҚ                       ҚА . . . ДАЙ

Осы екі сөзді бірге қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Бірінші сөздің соңы, екінші сөздің басы болатын буынды тауып жазыңдар:

ҚАЛ та ҒАМ                   САЛ мақ ТА

БА та УЫҚ                      КӨ мекТЕП

КЕ меШІН                       ЖҰМ бақША

СА қа НАТ                       ОЙ мақ САТ

АЛ ма СА                          МАқалЖЫҢ

ЫН та РАҚ                       ҚА таң ДАЙ

Осы екі сөзді бірге қатыстырып, сөйлем құраңдар.

 

Тапсырма.

Сөйлемнің әр дыбысы бірдей дауыссыз дыбысқа басталатын сөйлем құраңдар.

Т, қ, с, б, н

 

Сергіту сәті:

Анаграмма құрастырып шешіп, жауабы болатын дауыссыз дыбысқа ауызша сипаттама беріңдер.

Шөлде бар, көлде жоқ,

Шанада бар, қалада жоқ.

Ш – қатаң, ызың, тіл алды дауыссыз дыбыс.

Майда бар, шайда жоқ,

Малда бар, шалда жоқ.

М – үнді, мұрын жолды, ерін дауыссыз дыбыс.

Қайықта бар, жазықта жоқ,

Байлықта бар, салықта жоқ

Й – үнді, ауыз жолды, тіл алды дауыссыз дыбыс.

Садақта бар, салмақта жоқ,

Дәріде бар, әмірде жоқ.

Д – ұяң, шұғыл, тіс дауыссыз дыбыс.

Бажада бар, базарда жоқ,

Қажыда бар, қамырда жоқ.

Ж – ұяң, ызың, тіл алды дауыссыз дыбыс.

 

Мына тірек сөздер қатысқан мақал –мәтелдерді еске түсіріңдер.

1. Туған жер, ел, болмас. /Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас./

2. Елімнің басы, тасы, болайын./ Елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын./

3. Бұлбұл, Отансыз./ Отансыз адам – ормансыз бұлбұл./

4. Сары ала қаз, сағынған, аңсайды. /Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды./

5. Алтын, іші. / Ел іші – алтын бесік./

6. Ыстық, Отан. / Отан оттан да ыстық./

 

Тақтада тапсырма орындау:

аңсайды

 

Орнында отырған оқушыларға:

ормансыз

 

 

V  Қорыту, бағалау кезеңі:

-       Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Компьютерде тапсырма орындау.

-       Сабақты қорыту,  баға қою.

 

VІ  Үйге тапсырма беру кезеңі:

-       Дауыссыз дыбыстардың түрлері.

-       267 – жаттығу. Үлгідегі сөйлемдерге ұқсас сөйлемдер құрастыру.

 

-       291 –  жаттығу. Дауыссыздан басталатын ертегі кейіпкерлерінің атын жазу (10 – 15 сөз).

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения