Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
18.02.2015
0
441
0

Сан есім

Қазақсатн Республикасы,Алматы облысы,Сарқан ауданы,Абай ауылы
«Сарқан аудандық білім бөлімінің Тасарық орта мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Козыкенова Шекер Адилгалиевна

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: оқушылардың сан есім туралы білік, білімдерін пысықтай отырып, түсініктерін молайту. Білім технология элементтерін пайдалана отырып,  білім сапасын арттыруға жағдай жасау .

Дамытушылығы: Ақыл – ой қызметтерінің белсенділігін арттыра отырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Бір – бірін тыңдай білуге, рухани адамгершілікке, отанын сүюге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: білімді тексеру  сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, жинақтау, ой қорыту.

Оқытудың  формалары: жұппен, топпен, ұжыммен.

Көрнекілігі: интерактивті  тақта.

Сабақ барысы:

Бірінші кезең. Ұйымдастыру  кезеңі.

 –Балалар, бүгінгі күн туралы не білесіңдер? (Сәуірдің 25- сі ,2011 жыл, аптаның  3 – ші күні сәрсенб

Екінші кезең.

Үй тапсырмасын тексеру. 528 – жаттығу.

Үшінші кезең.

Өткенді пысықтау. (графикалық диктант)

     Сызғыш, ащы                                                       қызыл           

 өткір                                                             кітап

аулады                                                          оқыды

бұлт                                                               бүркітші

аудан                                                                жеті

он төрт                                                          саптады

                             зат есім   етістік  сын есім  сан есім             зат есім   етістік  сын есім  сан есім

20 саны биыл біздің еліміз үшін несімен ерекшеленеді?

Күн ретін жазу. Көркем жазу  Л л

2. Оқулықпен жұмыс.

530 – жаттығу. Нешінші сұрағына жауап беретін сөздерді  қатыстырып сөйлем құрау

 

Үшінші  сөзіне сатылай кешенді талдау.  (бір оқушы тақтада орындайды)

Үшінші

                 Сұрағы     

            сөз табы

        құрамына қарай

мағынасына қарай

3. Деңгейлік тапсырма.

I деңгей. 3,7 санына байланысты даналық сөздер айту.

II деңгей. құрамында сан есімі бар жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаштар айту.

III деңгей. 533 – жаттығу. Мақалдарды оқып, сан есімдерді табу.

4. Сергіту сәті. (қол көтеру жаттығулары дара – 1қол, күрделі – 2 қол)

Табақта он бес алма

Қолымда төрт алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?

Екеуін бердім апама,

Екеуін бердім атама

Үшеуін алды інім

Нешеуі қалды өзімде? (12)

5. «Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Сурет бойынша сөйлемдер құрау, ішінде сан есімі болуы қажет. Құраған үш  сөйлемді алып, сөз таптарына талдау.

6. Ұжыммен жұмыс. (5 жолды өлең стратегиясын құру)

 Біздің Отанымыз қалай аталады? Зат есім.                        Қазақстан!

 Отанымыз қандай?  Сын есім.                                                Кен байтақ, тәуелсіз.

Ол жылдан жылға қайтеді?  Етістік.                                        Өседі, дамиды,

(Сезімді  білдіретін сөздер)                                                         Біз Отанымызды сүйеміз  

Ол біздің нешінші анамыз? Сан есім.                                       Ол біздің  анамыз.

Байырғы қазақ тілінен келе жатқан мөлшерді білдіретін сөздерді дұрыс қолдана білеміз бе?

Сәйкестендіру  кестесі.

Бір шөкім                                              тұз

Бір асым                                                шай

Бір қайнатым                                       бұлт   

Бір шымшым                                        ет

7. Шығармашылық тапсырма.

1000 мынадай теңген болса, өз халқыңа қалай көмек көрсетер едіңдер? (өз ойларын айту)

Төртінші кезең.

Қорытынды бөлім.  Тірек сызбамен жұмыс.

--Балалар, айналамыздағы заттардың барлығы сандардан тұрады екен, сонымен сан есім дегеніміз ...

Бағалау.

Үйге: 535 – жаттығу.

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Отаным – туған өлкем

                           (сыныптан тыс сабақ. 2 – сынып)

Мақсаты:                                                                                                                                             1. Оқушылардың Отан туралы түсініктерін жалғастыра отырып, туған жердің тарихымен таныстыру.

  1. Түрлі сұрақтар қою арқылы, оқушылардың сөздік қорларын, тілін дамыту, көркем тілмен сөйлеу дағдыларын арттыру.

3. Оқушыларды Отанын, оның табиғатынсүюге,елін, жерін қорғауға  патриоттық  сезімін оятуға тәрбиелеу. Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру.

Түрі: дәстүрден тыс

Типі: бекіту сабағы

Әдіс – тәсілдер: сұрақ- жауап, әңгімелеу, топтастыру.

Көрнекілігі: ауылдың көрнекті жерлерінің суреттері, слайдтар,тапсырмалары бар көбелектер, араның макеті

ТСО: проектор, компьютер

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп,назарларын сабаққа аудару

II. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

  1. Өткен тақырыпты қайталай отырып, «Отан» сөзіне көбелек, аралардың тапсырмаларын орындату арқылы топтастыру жұмысын жүргізіп,гүлге қондыру.
  2. Мәнерлеп оқу.

«Отан», «Туған жер», «Туған өлкем»туралы өлеңдерді жатқа оқу

Оқушылардың берген жауабын тыңдай келе, мұғалімнің қорытынды сөзі:

        Отан – дегеніміз адамның туып – өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Міне, Қазақстанды Орта Азия Барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса құс қанаты талатын кең – байтақ өлкемізді шарлап та кетті. (карта пайдалану)

       XXI ғасырдың білімді ұрпақтары осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер деп білемін. Бағдарламада Елбасы: «Болашақ Қазақстан сендердің қолдарыңда. Жан – жақты білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсете біліңдер! Отанды қорғауға дайын болыңдар! Отанды қорғаңдар!» депті. Дайынбыз ба?

-Дайынбыз!

  1. Абай ауылының тарихымен таныстыру (пирамида әдісін қолдану)
  2. Абай ауылының көріністері көрсетілген слайдпен жұмыс (тау, мектеп, орталық көше, мешіт, ұрпақтар сабақтастығы аллеясы, шалғынды жер, малдардың өрістен қайтқаны) осы суреттегі көріністерді көркем тілмен суреттеулері қажет.
  3. Туған жер туралы 4 жол өлеңді слайдтан оқыта отырып, жатқа жаздырту.

                                Туған жер -  қамқор анамыз,

                                Біз болашақ панамыз

                                Шаттық берген өмірде,

                                Шамшырақтай жанамыз.

  1. Туған жер туралы проектордан көрсетіліп тұрған мақал – мәтелдердің жалғасын тауып айту.

        а) Отан - ... да ыстық,

        б) Отансыз адам - ... орман

        в) Отанды сүю - ...

        г)  Туған жердей жер болмас,

            Туған ... ел болмас

                Д) Бақа көлінде патша,

                      ...  суында патша

                      ...  елінде патша

5. Ребусты шешу. (Туған жерге қамқор бол!)

  Қорытынды:  Батыр болсаң,

                           Жауға найзаң тисін!

                            Бай болсаң,

                            Халқыңа пайдаң тисін!

                                                                                Әйтеке би

  Сендер болашақта үлкен азамат болғанда халықтың әл – ауқатын қалай көтеріп, туған жерлеріңе қандай игілікті істер істер едіңдер? ( Оқушылардың өзіндік пікірлерін тыңдап, сабақты аяқтау)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Дүниетану

                                     2 – сынып

 

Сабақтың тақырыбы:    Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың        

                                                 көктемгі тіршілігі                                          

Сабақтың мақсаты:  Сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, тірек – сызбалар әдістерін қолдана отырып өткен дәстүрлі аралас сабақта өлі табиғат өзгерісінің әсерінен бүкіл тірі табиғатта, оның бір бөлігі – жылан, кесіртке, балық, бақалар өмірінде де ерекшеліктер болатынын оқушыларға түсіндіру арқылы табиғатты қорғауға, аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу, сондай – ақ олардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру мақсат етіп алынды.

  Сабақтың барысы:

   Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

    Үй тапсырмасын тексеру

Құстардың туған жерге оралуы

---------------------------

Жыл құстарының суреттерін тақтаға орналастыра отырып, атын жазып, олардың ұя салулары, балапан шығаруы мен қалай қоректендіретіндігі туралы оқушылардың түсініктерін әңгімелету.

Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме

  1.     Қомекенділер дегеніміз не?
  2.     Бақаны «қосмекенді» деп атаудың мәнін түсіндір.
  3.     Қай жануарлар жорғалаушыларға жатады?
  4.     Оларды неліктен «жорғалаушылар» дейтінін, сыртқы түрін, қозғалу ерекшелігін әңгімеле.

 

Жұмбақ жасыру.

  1.     Суда өседі, өнеді,

Сыртқа шықса өледі. (Балық)

2.Сулы жерді мекендеп,

   Құрлықта да секеңдеп,

    Шыбын, шіркей аңдиды,

     Жемге қашан жетем деп. (Бақа)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыра отырып, бақа, балық, жорғалаушылардың көбеюі туралы тірек сызбалар арқылы түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс

------------------------

 Оқулықтағы мәтінді тізбектей мәнерлеп оқу, тұтас оқу, түсініктерін әңгімелеу.

Қызықты мәлімет.

  1.     Америкада ең үлкен құрбақа өмір сүреді. Оның ұзындығы 30см . Оның уыты өте күшті.
  2.     Бауырмен жорғалаушылардың құрғақ денелері мықты қабыршықтармен немесе сауытпен қапталған.
  3.     Ал қолтырауындар өз құрбандарына өтірік жаны ашығансып «жылайды» деген сенім қалыптасқан. Шын мәнінде қолтырауындар ешкімді аямайды. Ал оның көзінен жастың ағатыны, ол организімдегі артық тұздарды осылай шығарып тастайды.
  4.     Сендер жыландардың мүлдем саңырау екенін білесіңдер ме?

Шындығында жылан тек үйретушінің қозғалысын аңдып, оның ырғағымен бірге тербеледі екен.

Дәптермен жұмыс

Бақа, балық, жыланның өсімдіктер мен адам өміріндегі пайдасын  жазу.

Деңгейлік тапсырмалар.

nТоп

Вен көрсетілімі арқылы бақа мен балықтың өзара ерекшеліктерін ортақ қасиеттерін салыстыру.

--- топ

Стрелканың көмегімен сандарды өсу ретімен қосып,теңеулер құрастыру.

1)         1 ба               7 зын                4 яқ              9 пай

                5 ты                                        2 лық

 

      8 аш             10 ды                 3си                         6 ау

 

2)    Сандарды кему ретімен қосып, екінші теңеу құрастыру.

 

    4 көз                        2 сын                           7 ра

 

                       8 ты                      5 ның                                       1 дай

  6 уын                      3 жа                               9 қол

 

1)    балық сияқты аузын ашпайды.

2)    қолтырауынның көз жасындай.

Қорытынды.

Үйге тапсырма беру.

Білімдерін бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения