Куспаева Шолпан Насибуллиновна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
17.02.2015
0
1278
0

Қоршаған ортаның ластануы

 

Куспаева Шолпан Насибуллиновна

Қазақстан республикасы

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің оқытушысы

 

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаның ластануы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Қоршаған ортаның ластануы туралы мәлімет бере отырып, тілдік дағдыларын дамыту, кәсіби сөздер мен олардың қолданылу аясын  меңгерту.

 б) Дамытушылық: Студенттердің сөйлеу тілдерін дамытып,сөздік қорын байыту, ой –өрістерін кеңейту, шығармашылыққа жетелеу, ойлау, жүйелеу, салыстыру қабілеттерін жетілдіру, өз пікірін айтуға дағдыландыру.

ә) Тәрбиелік: Студенттердің табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз мамандықтарын құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі:практикалық

Сабақтың оқу әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау  

Құрал-жабдықтар: үлестірме материалдар, сызба-нұсқалар, слайд, мультимедиялық проектор.

Сабақтың барысы

 

1. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, түгендеп, аудиторияның  сабаққа дайындығын тексеру

 

2. Жаңа материалды меңгерту

 

Қоршаған ортаның ластануы

 

         Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы табиғат құбылыстары әсерінен, сонымен қатар адам әрекетінен пайда болады.

           Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы) т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

 

Сөздік

Ластану-загрязнение

қоршаған орта-окружающая среда

нұқсан-вред

табиғат-құбылыстары-природные явления

әрекет-действие

бөлінеді-делится

улы заттар-ядовитые вещества

табиғи нысандар-природные объекты

пайдалану-использование

 

 

 

 Жазылым

 

1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз.

 

          Қоршаған ортаның ластануы, тұрмыстық қалдықтар, улы заттардың, экологиялық жағдайлар, антропогендік ластану, табиғат құбылыстары, нұқсан келтіру, биологиялық заттар, адам әрекеті.

 

2-тапсырма. Негізгі мәтіннен келесі сөз тіркестері бар сөйлемдерді теріп жазыңыз

Табиғат құбылыстары_________________________________________________________

қоршаған ортаның ластануы___________________________________________________

ядролық жарылыстар_________________________________________________________

улы заттардың________________________________________________________________

экологиялық жағдайлар________________________________________________________

 

3-тапсырма. Ойды растасаңыз «Иә», растамасаңыз «Жоқ» деп жауап беріңіз.

 

 

Иә

Жоқ

Қоршаған ортаның ластануы табиғат құбылыстары әсерінен, сонымен қатар адам әрекетінен пайда болады.

 

 

Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптаспайды.

 

 

Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады.

 

 

Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы) т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналмайды.

 

 

Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі.

 

 

 

 

4-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

          Воздух — важнейшее условие жизни на Земле. Воздух влияет на че­ловека, на растения, на животных, на здания, сооружения, памятники и др. Поэтому загрязнение атмосферы неблагоприятно влияет на окружа­ющую среду. Все источники загрязнения атмосферы подразделяют на естественные и антропогенные. Естественное загрязнение атмосферы про­исходит в результате извержения вулканов, пыльных бурь. Самым силь­ным за всю историю человечества было извержение вулкана Кракатау (вблизи острова Ява) в 1883 году. Взрыв этого вулкана был слышен на расстоянии 4800 км. Вулканическая пыль поднялась на высоту более 20 км. Этот пепел опоясал весь земной шар в течение нескольких месяцев. Антропогенное загрязнение атмосферы имеет очень много источни­ков и наносит более ощутимый вред. Главными источниками загрязне­ния атмосферы являются: ТЭС, металлургия, химическая, нефтехими­ческая, целлюлозно-бумажная отрасли промышленности, автомобиль­ный транспорт.

Оқылым

 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз.

 

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

 

       Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газыжәне т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш,Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

 

Айтылым

 

1-тапсырма. Қоршаған орта, табиғат туралы мақал айтыңыз.

 

Сұрақтар

 

1. Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз не?

2. Қоршаған ортаның ластануы неден болады?

3. Ластану нешеге бөлінеді?

4.Антропогендік ластануға не жатады?

5. Ластануға қандай мысал келтіре аласыз?

 

3. Бағалау

 

4.Үй тапсырмасы

«Орал қаласының экологиясы » тақырыбында эссе жазып келу

 Куспаева Шолпан Насибуллиновна

Қазақстан республикасы

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің оқытушысы

 

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаның ластануы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Қоршаған ортаның ластануы туралы мәлімет бере отырып, тілдік дағдыларын дамыту, кәсіби сөздер мен олардың қолданылу аясын  меңгерту.

 б) Дамытушылық: Студенттердің сөйлеу тілдерін дамытып,сөздік қорын байыту, ой –өрістерін кеңейту, шығармашылыққа жетелеу, ойлау, жүйелеу, салыстыру қабілеттерін жетілдіру, өз пікірін айтуға дағдыландыру.

ә) Тәрбиелік: Студенттердің табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз мамандықтарын құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі:практикалық

Сабақтың оқу әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау  

Құрал-жабдықтар: үлестірме материалдар, сызба-нұсқалар, слайд, мультимедиялық проектор.

Сабақтың барысы

 

1. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, түгендеп, аудиторияның  сабаққа дайындығын тексеру

 

2. Жаңа материалды меңгерту

 

Қоршаған ортаның ластануы

 

         Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы табиғат құбылыстары әсерінен, сонымен қатар адам әрекетінен пайда болады.

           Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы) т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

 

Сөздік

Ластану-загрязнение

қоршаған орта-окружающая среда

нұқсан-вред

табиғат-құбылыстары-природные явления

әрекет-действие

бөлінеді-делится

улы заттар-ядовитые вещества

табиғи нысандар-природные объекты

пайдалану-использование

 

 

 

 Жазылым

 

1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз.

 

          Қоршаған ортаның ластануы, тұрмыстық қалдықтар, улы заттардың, экологиялық жағдайлар, антропогендік ластану, табиғат құбылыстары, нұқсан келтіру, биологиялық заттар, адам әрекеті.

 

2-тапсырма. Негізгі мәтіннен келесі сөз тіркестері бар сөйлемдерді теріп жазыңыз

Табиғат құбылыстары_________________________________________________________

қоршаған ортаның ластануы___________________________________________________

ядролық жарылыстар_________________________________________________________

улы заттардың________________________________________________________________

экологиялық жағдайлар________________________________________________________

 

3-тапсырма. Ойды растасаңыз «Иә», растамасаңыз «Жоқ» деп жауап беріңіз.

 

 

Иә

Жоқ

Қоршаған ортаның ластануы табиғат құбылыстары әсерінен, сонымен қатар адам әрекетінен пайда болады.

 

 

Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптаспайды.

 

 

Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады.

 

 

Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы) т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналмайды.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения