Дюсалиева Диана Ержановна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
17.02.2015
0
871
1

Сыныптан тыс шара география пәнінен "Бала шақтан болашаққа"





 

Қ.Байсықов атындағы ОЖББМ

 

(саяхат сабақ)

                                               Өткізген: Д.Дюсалиева Д.Е.

 

                                                           2013-2014 оқу жылы

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Бала шақтан болашаққа»

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға гидросфера және дүниежүзілік су ресустары туралы терең мағлұматтар бере отырып, жер беті суларын қорғаудың алғы шарттарымен таныстыру.

Дамытушылық:Экология туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы қолдану арқылы судың маңыздылығын ұғындыру, логикалық, шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.

Тәрбиелік: Болашақ ұрпақтың елін, жерін қорғауға, «Судыңда – сұрауы бар» - деген мақалды негізге ала отырып, экологиялық, тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, экология

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Дүниежүзінің және Қазақстанның физикалық картасы, суреттер, карточкалар, математикалық шкатулка.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Күн шуағын сезіну.

1.     Психологиялық дайындық.

-         Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»

Барша адамды құрметтеп,

Иілеміз біз.

2.     Сабаққа қойылатын ереже:

-         Бірін-бірі тыңдау, қатысу;

-         Уақытты үнемдеу, қатысу;

-         Ойды еркін айту;

-         Тақырыптан ауытқымау;

-         Бәсең сөйлеу.

3.     Сабақтың міндеті:

Іздеймін, табамын,

Ойланамын, біліп аламын.

Мұғалім: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

                Жан сәулесін таратады баршаға.

                Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

                Бас иеміз ұстаздар мен оқушы толған ортаға.

Бүгінгі өткізгелі отырған  саяхат сабағымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1.     ҚР-сы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауының жас ұрпақ алдына белгілеген мақсат, мұраттары туралы әңгімелеу арқылы баяндау, түсінік беру. (География пәнінің мұғалімі І.Ә.Мүрсәлімова)

2.     Сайысқа түсетін топтарды таныстыру.

3.     Екі топқа блиц-сұрақтар қою

4.     «Сандар ғаламшары»

5.     «Бұл кім, ол не?»

6.     «Тапқырлар» ғаламшары

7.     Сен маған, мен саған ғаламшары

8.     «Зейінділер» ғаламшары

9.     И.Жақаевтың «Еділ мен Жайық» әнін орындау. Саяхат – сайыс сабағын қорытындылау.

10.         Мұғалімнің қорытынды сөзі.

 Сабағымыздың басты мақсаты: Оқушылардың географияға деген қызығушылығын арттырып, сабақ кезінде алған білімі мен іскерлігін тереңдету, отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқушылардың этикалық тәрбиесін жетілдіру.

-         Біз бүгін оқушылар саяхатқа «Қазақстан - 2050» зымыранымен шығамыз. Ол үшін оқушыларды 2 экипажға бөліп, экипаж капитандарын сайлап алайық. «Еділ», «Жайық» атты білімді топтар бүгін ортамызда.

Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік – дегендей топтардың ұшуға даярлықтарын тексеріп алу үшін 2 экипажға ауызша сұрақтар қоямыз. Біз ғарышқа «Байқоңыр айлағынан» аттанамыз. «Байқоңыр айлағында» 2 экипаж мүшелері сұрақтарға жауап береді.

1.Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам кім?

2. Қазақ халқының тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкері кім?

3. Байқоңыр айлағы Қазақстанның қай облысында орналасқан?

4. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» бағдарламасын халыққа қашан жолдады?

5. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» бағдарламасын халыққа қашан жолдады?

6. Қазақстан қай жылы латын әліпбиіне көшеді деп көрсетілген? (2025ж)

«Сандар ғаламшары».

Мұғалім:  - Алдымыздағы «сандар ғаламшары» екен. Бұл ғаламшарда есепті жақсы шығаратын, жаңаша ойлай білетін, көп жұмыс жасайтын адамдар тұрады екен. Мына ғаламшарға келген адамдарға «құпиялы сырсандық» ішіндегі тапсырмаларды орындау қажет. Қане, сендерде осы ғаламшарға келдіңдер, сондықтан өз білімдеріңді дәлелдеңдер.

11022 = (3*250)+10272

8742= (4000*2)+742

7729= (3500*2)+729

180= (45*2)+90

149= (50*2)+49

361= (150*2)+61

«Бұл кім, ол не?» ғаламшары

Бұл кезең балалар ұяшық таңдау арқылы  жүзеге асады.

10 – Париждегі Эйфель мұнарасының суреті

10 – Нью- Йорктегі "Бостандық" мүсінінің суреті

20- Шүрегей суреті

20- Талғат Мұсабаевтың суреті

30- Қасқалдақ құсының суреті

30-Ф.Магелланның суреті

40- Семенов Тянь-Шаньскийдің суреті

40 – Қытай қорғанының суреті

«Тапқырлар ғаламшары»

(Билет арқылы суырады, картадан обьектілерді көрсетеді)

1 билет.

РАЛА – Гренландия, Мадагаскар, Тасмания, Жаңа Жер, Шри-Ланка

2 билет.

ЫШҒАҚАН – Калифорния, Мексика, Гудзон, Парсы, Бенгал

3 билет.

ҰҒБЗА – Дрейк, Гибралтар, Беринг, Мозамбик, Дежнев.

4 билет.

ЕҢТЗІ – Арал, Каспий, Жерорта, Кариб, Жапон.

5 билет.

ЕНӨЗ – Амазонка, Ніл, Ертіс, Лена, Сырдария.

6 билет.

ӨЛК – Байкал, Балқаш, Виктория, Жоғарғы, Каспий

«Сен маған, мен саған» ғаламшары

Бұл ғаламшарда балалар енді топтар бір-бірімізге сұрақтар қоямыз.

 «Зейінділер» ғаламшары

І топқа: а, с, л, а, ғ, р, ы, н.

Сұрақтары:

1. Басты өзенге жолда қосылатын өзендерді не дейміз? (сала)

2. Су массаларының бір бағытта орын ауыстыруын не деп атаймыз?(ағыс)

3. Өзеннің басқа бір теңізге, көлге немесе өзенге құяр жері (саға)

4. Қашық сөзінің синонимі (алыс)

ІІ топқа: а, б, қ, л, а ,р, н, т.

1.     Алматы, Астана не ол? (қала)

2.     Экологиялық апатқа ұшыраған Қазақстандық теңі-көл (Арал)

3.     Жан жағын су қоршаған шағын құрлық бөлігі (арал)

4.     Аңғардың түбіндегі ағын өтетін ойыс (ойыс)

Көрермендерге:

1. Сөз атасы — құлақ,Су атасы — ……….( бұлақ)

2. Адамзатты сөз бұзар, (Тау мен тасты су бұзар)

3. Судыңда – .......  (сұрауы бар)

4. Таулы жер бұлақсыз болмас, (Сулы жер құрақсыз болмас)

5. Бір тамшы су-..... (...- жерге пайда)

6. Батыр туса – ел ырысы, (Жаңбыр жауса, жер ырысы)

7. Бұлақ көрсең -..... (...көзін аш.)

8. Қар мол болса, дән көп.... (Су көп болса, ну көп)

Еділ мен Жайық әні

1.Құлпырады дала гүлдейді орман

Емізеді егіз Еділ мен Жайық

Ақшағала айдын ақталған арман

Тербеледі кеме, ойнайды қайық

А-а-а-а ағады шалқып

Аққулар қалқып

Еділ мен Жайық

2.Шырқалады әндер, жан жүрек іңкәр

Сылқылдайды сұлу Еділ мен Жайық

Әуелейді адам, самғайды сұңқар

Қияндарға шыңға қанатын жайып

 

 

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Саяхат сабағымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз:

Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!

Сен – күнсің!

Көтерілген күліп қырдан.

Сен – көлсің!

Сен – орман!

Сен – бұлақсың!

Адамды сұлулыққа құнықтырған!

 

Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения