Мурзабаева Карлыгаш Нысанбаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:ЗКО, Уральск, Бисен
16.02.2015
0
437
0

Жеті қазынаның бірі

 

Жеті қазынаның бірі

 

Тіл дамыту.
Тақырыбы: « Жеті қазынаның бірі»
Сабақ мақсаты: а) Балаларға жеті саны киелі екенін ұғындыру;
ә) Ертегі бойынша сұрақ - жауап дағдыландыру;
б) Мәнерлі сөйлеуге эмоциялық тәрбие.
Көрнекіліктер: Суреттер, мақал – мәтелдер.
Типі: Жаңа сабақ.
Әдістері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: ынта қою, балалардың назарын сабаққа аудару.
Бүгінгі күнімізді бір – бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарасайық!
Бәріміз дос болайық!

2. Жаңа сабақ:
- Балалар, бір аптада неше күн бар санайық:
Дүйсенді, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Неше күн екен?
- Яғни, жеті күн бар екен.
Біздің ата - бабаларымыз "Жеті атасын білу - міндет!" деген. Қане кім біледі екен?
- Жеті атамыз: 1. Ата 2. Әке 3. Бала 4. Немере 5. Шөбере 6. Шөпшек 7. Немене. Барлық жерде "жеті саны" жиі кездеседі ия балалар?
- Олай болса тыңдаңдар:
Балалар біздің қазақ халқы жеті санын «қасиетті киелі сан» - деп есептейді.

3. Ертегі оқу:
Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайратты – адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.
4. Сөздік жұмыс: салмақты, мадақтады, алыстатыңдар, жағымпазданды.
Сөздер мағынасын түсіндіру.
5. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Жеті қазынаны ата. 
1. Ер жігіт 5. Мылтық
2. Әйелі (ана) 6. Қыран бүркіт
3. Ақыл білім 7. Ит
4. Жүйрік ат

6. Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Біп-биік боп өседі
Сәл тынығып алдық сабақты жалғастырамыз.
5. Ертегіні сахналау.
Арыстан, түлкі, қасқар, ит.
(балаларға кейіпкерлер маскалары таратылады)

7. "7 сан" туралы мақал – мәтелдер:
1. Жеті асасын білмеген – жетесіз
2. Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.

8. Балалардың өз бетінше жұмыстары: Өзіңе ұнаған жеті қазынаның суретін сал.
9. Ойын: « Тақия тастамақ»
Ойын шарты тақия тастау арқылы тез жеті қазынаны бір – бірлеп айтамыз кезекпен. Ойын осылай жалғаса береді.

10. Қорытынды: Ертегі қалай аталады?
Жеті қазынаны ата?
Арыстан өзі туралы не білгісі келді? т. б. сұрақ - жауаптармен пысықтау, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

 

Бисен Жаникешев атындағы ЖББОМ-нің мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі

 

Мырзабаева Қ.Н.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения