Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.02.2015
0
459
0

Күштер тақырыбын қайталау

Казахстан,Акмолинская область,город Кокшетау

Средняя школа №6

Учитель физики и математики

Тюлеубекова Райхан Кабдолловна

Жалпы мақсаты

 

1. Өткен тарауда алған білімдері бойынша тест есептерін шығаруда қолданады .

2. Ой шақыру стратегиясының тапсырмалары арқылы ойлау қабілеттерін дамытады.

3. Ұлттық ойындарда кездесетін құбылыстар арқылы оқушылар күштің қасиеттерін айқын ажыратып өмірде қолдана алады.

Оқу  нәтижесі:

 

Осы тарау бойынша өз ойларын сөзбен жеткізе алады.

Түйінді  идеялар

Сұрақтар қою, есептер шығару, талқылау арқылы ой өрістерін дамыту және жетілдіру

Тапсырмалар

 

 

 

 

І. Ұйымдастыру (сергіту сәті, топтарға бөлу)

ІІ. Қайталау

1.«Ыстық орындық» әдісі – әр топ бір жінішке - жабық сұрақ жолдайды

2. «Ой шақыру» стратегиясын қолданып жуан-ашық сұрақтар қою

 ІІІ. Тәжірибе  (ұсынылған заттарды пайдаланып күштің бір түрін келтіру)

ІV. Постермен жұмыс

V. Тест жұмысы

VІ. Үй тапсырмасын хабарлау

VІІ. Рефлексия

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. (4 минут)
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Сергіту сәті және оқушыларды 3 топқа мазайка құрастыру арқылы бөліп отырғызу

«Ауырлық күші», «Серпімділік күші», «Үйкеліс күші».
3. Сабақтың тақырыбың және мақсатың оқушылармен бірлесіп анықтау

ІІ. Қайталау

1.«Ыстық орындық» әдісі – әр топ бір жінішке - жабық сұрақ жолдайды (7 минут)
1.Көлем бірлігіндегі заттың массасына тең шама (Тығыздық)
2. Күшті өлшейтін құрал(Диномометр)
3. Заттың тығыздығы дегеніміз не? (Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады) 
4. Үйкеліс күші дегеніміз не? (Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күшті айтамыз)
5. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі(деформация)
6. Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш(Тең әрекетті күш)
7. Күштің  өлшем бірлігі кімнің атына құрметтеп қойылған және қай елдің ғалымы? (ағылшын ғалымы Исаак Ньютон)
8. Деформация түрлерін атап бер және мысал келтір?

(2 түрі бар. 1. Пластикалық деформация, 2. Серпімді деформация. Мысалы: пружинаның созылуы, шарды үрлеу, жіпті созу, пластилиннен түрлі пішіндер жасау)

9.Бұрынғы кезде ата бабаларымыз пайдаланған масса бірліктері? (мысқыл – 1гр, қадақ – 750гр, пұт – 16кг, батпан – 100кг)

10. Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарынң өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама.(Масса)

11. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз пайдаланған көлем бірліктері (уыс, шөкім, қосуыс, шымшым.)

12. Массаны өлшейтін құрал? (таразы)

13. Үйкеліс күшінің түрлерін ата? (Домалау, сырғанау, тыныштық)

14. Күш дегеніміз не? (денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама)

15. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?(Исаак Ньютон)

16. Дененің салмағы деген не? (дененің тірекке немес аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады.)

17. Дененің еркін түсу үдеуі нешеге тең?

(9,8 м/с (Н/кг) немесе 10м/с(Н/кг))

18. Гук заңы қандай деформация кезінде орындалады?

(Серпімді деформация)

19. Тең әрекетті күш деген не? (Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш)

20.Масса деген не? ( Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарынң өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама)

2. «Ой шақыру» стратегиясын қолданып жуан-ашық сұрақтар қою (4 минут)

1-сұрақ: Не үшін дене шынықтыру сабағында кейбір снарядтарда жаттығу жасау кезінде алақанды магнезиямен, ал шаңғының табанын конифольямен сүртеді?
Жауабы: Үйкеліс күшін арттыру үшін, сырғанауды азайту үшін.
2 – сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс пен заңдылық қолданылады?
Жауабы: Қысым, катты денелер арасындағы үйкеліс.
3 – сұрақ: Балық суда қозғалған кезде, желбезектерінің күйі өзгере ме?
Жауабы: Ия, балық өз желбезектерінің сумен әсерлесуі арқылы суда қозғалады. Балықтар қарсы кедергіні азайту үшін өз желбезектерін жиырып алады.
4 – сұрақ: Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
Жауабы: Өйткені, балықтың денесі үйкелісті азайтатын сілекейлі қабықшамен қапталған.

ІІІ. Тәжірибе  (ұсынылған заттарды пайдаланып күштің бір түрін келтіру) (10 минут)

І-топқа. Садақ ату - серпімділік күшін түсіндіретін қазақтың ұлттық ойыны

ІІ-топқа. Арқан тарту - тең әсерлі күшті түсіндіретін қазақтың ұлттық ойыны 

ІІІ-топқа. Бағанаға өрмелеу - үйкеліс күшін түсіндіретін қазақтың ұлттық ойыны

ІV. Постермен жұмыс (10 минут)

Әр топ өз атауына мысал келтіріп суреттейді және айтып береді

V. Тест жұмысы (5 минут)

1)Күш  дегеніміз  ................

а) дененің көлем бірлігіндегі массасына тең шама

в) денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама

с) қашықтыққа байланысты уақыттың өзгерісіне тең  шама

2) Салмағы 250 г үнді шайының массасын ХБЖ-не айналдыр. 
а) 2,5 кг     в) 25 кг      с) 0,25 кг  

3) Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.

а) 30Н       в) 20Н        с) 15 Н   

4) 1,5 кН=……Н

а) 0,015 Н                    в) 15 Н                 с) 1500 Н

5) Қандай күш 1 Н-ға тең?

а) тыныштық күйдегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1м/с жылдамдық беретін күш

в) массасы 1 кг дененің көлемін  1 м3-ке өзгертетін шама

 с) бірлік уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақытта қатынасына тең шама

жауабы: 1)в  2)с  3)а  4)с  5)а

дәптерлерін сағат тілімен айналдырып тест жұмысын тексереді (2 минут)

VІ. Үй тапсырмасын хабарлау (1 минут)

VІІ. Рефлексия (2 минут)

Мен сабақтан қандай жаңалық алдым ..........

Мен сабақтан нені үйрендім ..........

Қандай тапсырма маған  қиын болды ............

Дереккөздер және жабдықтар: Слайдтар, суреттер, постер,

Кейінгі оқу

19-жаттығу (5 есеп), 116 бет

Сабақты бағалау

Өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалау

Сабақ бойынша өзгертулер

 

 

 

 

                            Сабақ үстінде пайдаланған оқулық: 

Физика және астрономия

Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева

7 сынып,  Алматы «Атамұра» 2007

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения