Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
16.02.2015
0
900
0

Қазақстанның жеті кереметі

Казахстан, Южно-Казахстанская область, г. Шымкент, с. Базаркакпа

ОСШ №104 им. Е. Юсупова

Учитель географии

Расулметова Шакарбани Жаксибековна

Сабақтың мақсаты:      

                                    Қазақстан елінің өткені мен бүгінін таныта отырып,

тарихын терең, ұғынып,туған елін сүюге баулу.

Қалаларға саяғат жасау арқылы жеті кереметті таныстырып, әңгімелеу.

Оқушылырдың дүниетанымын,сөйлеу мәдениетін және рухани байлықтарын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі:         баяндау, дискі арқылы бейне-фильмдер қарау.                                                               Әдеби-сазды кеш. 

Көрнекі құралдар:    көркем әдебиеттер, домбыра, сурет, слайттар, тсо.

Сабақтың барысы:

Қайырлы күн, құрметті Ұстаздар және оқушылар!

Сонымен біз бүгін сіздермен Әлемнің жеті кереметі” мен  Қазақстандағы жеті кереметтер туралы білімдерімізді толықтырамыз.

 

Әлемнің жеті кереметі  туралы сіздер Дүниетану сабағынан білесіздер.

Оларды атап өтейікші.

Дүниенің қандай кереметін білесіздер?

 

1. Мысыр пирамидалары                        

2. Бабылдың аспалы бағы                         

3. Эфестегі Артемида ғимараты            

4. Олимпиададағы Зевстің мүсіні        

5. Галикарнастағы Мавсол патшасының табытханасы     

6. Александрия шамшырағы                  

7. Колос Родосский мүсіні                     

Әлемдегі әрбір ел өздеріндегі барлық адам таң қалатындай кереметтерін атап жатыр.

Ал, біздің Қазақстанда ше?

Біздің  Қазақстанда да кереметтер көп. Мысалы: киіз үй, домбыра, бәйтерек тағы басқалар. Сол кереметтің бірі домбыраның үнін бір тыңдайық.

Қарашаш домбырада күй тартады.

 Біз бүгін Отанымыздағы  көптеген кереметтері ішінен жетеуін таңдадық.

               Жеті кереметін әлемнің

               Біледі ғой бар халық

               Дәл жетіден қазақтық

               Кереметін таңдадық

 

Ендеше Қазақстанның біз таңдаған жеті кереметімен таныстыруды оқушыларымызға берейік:

 

 

 

 

1 – слайд

“Алтын адам” туралы бізге келесі оқушымыз Мусаева Қарашаш дайындап   мәліметін айтып береді.  

1969 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен.  Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлер мен безендірілген.  Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құсбейнелерін  беретін  хайуанат  нақышында  жасалған.

Олардың саны төрт мыңдай . Табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алтын адам -  Қазақстанның азаттық символына айналды.

2 – слайд.

”Қожа Ахмет Яссауи” кешені туралы мәліметті  тыңдайық.

                          Екінші бір керемет

 Дәурен           “Қожа Ахмет” кешені             

                          Мінәжат қып келетін,

                          Халықтың жоқ есебі.

Динара. Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты-орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші .Қожа Ахмет Яссауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді .Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемге ерекше қасиет тұтады. Яссауи кесенесі-түркі әлемінің рухани орталығы.

Видео 2мин

3 - слайд

Үшінші кереметі “Медеу” мұз айдыны туралы.

                       Тағы бірі жетеудің

Шахриноз     Биік тауға салынған                  

                       Мұз айдыны Медеудің

                       Бар әлемге танылған

Дилнавоз. “Медеу” мұз айдыны 1972 жылы бой көтерген. Небәрі 2 жылдың ішінде салынып біткен “Медеу”1972 жылы 28-желтоқсанда пайдалануға берілді .Медеу-әлемге танымал биік тауда орналасқан бірегей спорт кешені. Осы жерде 120-дан астам әлемдік рекордтар жасалды.

Мұғалім. Балалар дұрыс айтасыңдар. Қазақстан туралы айтқанда,кез келген адамның ойына биік таудағы “Медеу” мұз айдыны алдымен еске түседі. Бұл кездейсоқтық емес ,өйткені бүгінде “Медеу” спорт кешенінің аты бүкіл әлемге жайылған.

Видео.

4 – слайд.

Төртінші жасанды “Қапшағай” су қоймасы.

Мардан   Қолдан теңіз жасалды.

                 Іс емес бұл болмашы - деп осы теңіз туралы материал жинақтаған  оқушыны тыңдайық.

Хуршид. Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің орта ағысында орналасқан  жасанды су қоймасы болып табылады. Оның ұзындығы 100км ені 25км. Бұл жерге туристтер ең жиі баратын жер.

 

 

 

 

1994 жылы арнайы италяндық  жоба бойынша салынған қалалық аквапарк. Бұл кешенде балаларға, сондай-ақ үлкен кісілерге арналған арнайы су атракциондары бар.

5 – слайд.

Бесінші керемет “Байқоңыр” айлағы туралы баяндама дайындаған оқушымызды тыңдайық:

                 Ал бесінші керемет

Зияда     “Байқоңыр” ғарыш айлағы

                 Өзінен ұшқан кеме көп

                 Зерттеуге жайлы айдағы

Махира.“Байқоңыр”-ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. 1955 жылы қаланған.Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин “Восток” ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.

Одан кейін Талғат Мусабеков ғарышта 2 рет болды.

6 – слайд.

Алтыншы керемет Сайрам сансыз баптар мекені, киелі жер.

                 О,туған жер!

                 Өзіңде туыппын, түлеппін,

 Шахло     Бойымда өмірдің оты көп.

                 Сондықтан мендегі жүректің

                 Сенікі болмауға хақы жоқ.

                

Зухра. Сайрам-Мәртөбе жеріндегі қазақтың “ене қазаны”, яғни астанасы. Көне түркі тілінен аударғанда “ене қазан” сөзі астана деген мағынаны береді.Үш бидің  кездескен жері: Төле би, Әйтеке би, Қазібек би. Қадымда Сайрам қаласының бір неше аттары болған: Мадинатұл Байзо, Марям, Орынкент,  Исфижаб, Сарём, Сайрам.

Дурдона.Халықта “Сайрамда бар сансыз бап” деген сөздің таралуы жәйден-жәй емес.Сайрамның қайсы бір ауылына, көшесіне немесе кең даласына бармаңыз алдыңыздан әзіз әулиелердің кесінесі,құлпытасы,мазарлары шығады. Олардың әрбірінің тарихта қалған ізі, аталатын орны бар.Олардың ішінен атап өтетін болсақ Ибрагим ата, Қарашаш ана, Махмут ата, Ақата-баба, Сузик-ата, Қазы байзауи, Балегердан-Баба, Мирали-Баба, Боздақ Ата тағы басқада көп кесенелер бар.

7 – слайд.

Жетінші кереметі “Астана” қаласы туралы оқушымыздың дайындағанын тыңдайық. (“Астана”атты дискісі) қосылады.

                Жетінші бір керемет

Мардан  Ақордамыз-Астана

                Мақтан тұтар елі ерек

                Астана-сұлу жас қала

 

 

 

 

Ұлжалғас.

Астана-Қазақ елі болашағының қаласы.Мәдениеттің ошағы,ғылым мен білімнің ордасы.Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.

 

Астана-біздің халқымыздың бәрін біріктірген  Отанымыздың жүрегі және ұлттық ойы.”Бәйтерек”-монументі ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында шишадан түзілген керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метр, салмағы  1000 тоннадан асады.

Заманауи қаланың көркем бейнесі ашып отырған көрініс кешені 97 метрді құрайды. Ол ел ордасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы ауысты дегенді білдіреді.

 

Мұғалім. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай Халықтардың достығы, бір-бірін түсінуі, ынтымақтастығы-Астананың және жаңа Қазақстанның негізін құрайды. Өз елімізга сырттай саяхат жасап,көптеген мәлімет алып , білімдеріңізді толықтырдыңыз. Ал білімді балалар қайдан аламыз? Бүгін біз өз еліміз туралы өте маңызды, мазмұнды мәлімет алдық.

 

Астана туралы ән:             Оқушылардың барлығы шығады.

 

 Бүгінгі шараны аяқтай отырып, сабағымызды қорытындылауға сөз кезегін қонақтарға береміз.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения