Камалиденова Раушан Қуатқызы
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Павлодар
16.02.2015
0
4169
16

Бастауыш сынып апталығының өткізілуі бойынша есеп

    Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.А.Тлебалдинамен бекітілді. Әр бастауыш сынып мұғалімі 1 ашық сабақ, 1 іс-шара өткізуге тиісті еді. Апталық қарсаңында бастауыш сынып оқушылары оқитын мектептің 1 қабаты тақырыпқа, мерекеге сай шарлармен, апталықтың түсті қағаз бетіне басылған атымен, түрлі әдемі суреттермен, қабырға  газеттерімен, гүлдермен безендірілді. Балалар үшін апталық қызықты өту үшін таңертеңгілік жаттығуды музыкамен өткізу ұйғарылды.

     Бастауыш сынып апталығы 24 қараша күні 3 сабақтан кейін болатын үзілісте апталықтың ашылуын өткізуден басталды. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. 1 сынып оқушылары оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып, апталықты бірінші болып ашты, 2 сынып пен 3 сынып оқушылары ән айтты, 4 сынып оқушылары Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқып берді.  24 қараша күні сағат 15:00-де  Ж.Е.Сейтенгазинова «Зерде» интеллектуалдық ойынын өткізді. Оқушылар екі топқа бөлініп, білік-дағдыларын сынады. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, ойынға белсене қатысты. Іс-шара тақырыбына сай презентация көрсетіліп, балалар тапсырманы слайдтан қарап таңдап отырды. Әділ-қазылар алқасы бағалағаннан кейін топтардың жинаған балдары бойынша жеңімпаз топ анықталды. Ойын соңында екі топ та мадақтамалармен марапатталды. Кемшіліктер: мұғалім екі топқа дайындаған сұрақтары кейбірі тым жеңіл, кейбірі  қиын болды. Екі топқа бірдей деңгейлі сұрақтар берілген жоқ. Мұғалім оқушылардың дұрыс не бұрыс жауаптарын талдаған жоқ. Дұрыс бұрысын оқушыларға айтпай әділ-қазылар алқасына бағалауға беріп отырды.

    25 қараша таңертеңгілік жаттығуды Р.К.Камалиденова өткізді. Бұл жаттығу музыкалық сергіту жатығуларын орындаудан тұрды. Балалар үлкен қызығушылықпен жаттығуларды, би қимылдарын орындады. Осы күні сағат 15:00-де  «Өнерлі өрге жүзер»  атты өнерлі балғындар сайысы өтті. Өнерлілер сайысына әр сынып оқушылары ән, би, көрініс дайындаулары қажет еді. Бұл сайысқа даярлық топ оқушылары барынша жауапкершілікпен қарап, өз өнерлерін өте жақсы көрсетті. Ән де айтты, бәрі қосылып би билеп, көрініс те көрсетті. 1 сынып оқушылары тек ән айтып, би биледі. 2 сынып оқушылары көрініс көрсетіп, екі ән айтты. 3 сынып оқушылары ән мен би дайындапты. 4 сынып оқушылары ән айтты. 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың дайындықтары орташа болды. Сайысты қорытындылай келе әділқазы алқасы былай деп шешті: ән номинациясы бойынша І орынды даярлық топ , ІІ орынды 3 сынып, мың бұралған бишілер номинациясы бойынша І орынды 3 сынып, ІІ орынды даярлық топ,  көрініс көрсету бойынша І орынды даярлық топ, ІІ орынды 2 сынып иеленді. Оқушылар мақтау қағаздарымен және тәттілермен марапатталды.

    26 қараша күні таңертеңгілік жаттығуды А.М.Смаилова өткізді. Ол балаларға «Қара жорға» биінің қимылдарын көрсетіп, би билетті. Жаттығу қызықты өтті. 26 қараша күні А.С.Ислямова  3 сыныпта музыка пәнінен, К.К.Нурсарина даярлық топта тіл дамыту пәні бойынша ашық сабақтарын өткізді.

    А.С.Ислямованың сабағына мектеп мұғалімдерінің көбі қатысты. Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылды. Музыка сабағында музыкалық аспап түрлері, оркестр үні қолданылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята алды.

    Даярлық топта тіл дамыту пәнінен К.К.Нурсарина ашық сабақ берді. Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігіне сай, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Сабақ кезінде ойын элементтері орынды қолданылды. Оқушылар дыбыстық талдау жасап, өз ойларын, үй жануарлары туралы білетіндерін айтумен болды. Сабақ үй жануарларының суреттерін бояумен қорытындыланды. Бағалау кезеңінде мұғалім жұлдызшаларды қолданды. Сабақ жақсы деген бағаға өтті.

     26 қараша күні сағат 15:00-де А.М.Смаилова «Ертегілер елінде»  атты іс-шара өткізді. Іс-шара қызықты суретті презентациямен, музыкамен, ертегі кейіпкерлерімен өтті. Мұғалім іс-шараны ертегі ретінде жүргізді, ертегі кейіпкерлерін бастауыш сынып мұғалімдері сомдады. Балалар үлкен қызығушылықпен іс-шараға қатысты, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды белсенділікпен орындады.

     27  қараша күні таңертеңгілік жаттығуды А.Б.Райысханова өткізді. Ол балаларға жастар биінің қимылдарын көрсетіп, билетті.

     27 қарашада күні Р.К.Камалиденова 1 сыныпта сауат ашу пәнінен ашық сабақ өткізді. Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған. Сабақта түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері барынша қолданылды. Сабақтың тақырыбын ашар алдында, үй тапсырмасы  тексерілді. Кейін өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып,сөзжұмбақ шешу, шыршаны безендіру  арқылы  жаңа тақырыпқа көшті. Оқушылар оқу, сөйлеу дағдыларын көрсетті. Бірақ өз ойларын еркін жеткізу дағдысын көрсете алмады себебі, бұл оқушылардың тілдері жаттықпаған, өз ана тілдерінде еркін сөйлей алмайды. Мұғалім оқушыларды жұлдызшалар арқылы бағалады. Кемшіліктер: сергіту сәті кеш өткізілді, балалар сабақта жинақы отырмады, мұғалім сабақ жоспарына сай кейбір ойындарды өткізуге үлгермеді, оқушылардың орындықта дұрыс отыру дағдылары мұғалімнің қадағалауынсыз қалды.

      27 қараша күні сағат 15:00-де К.К.Нурсарина «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  атты іс-шара өткізді. Оқушылар үш топқа бөлініп, бір-бірімен күш сынасты. Іс-шараны тек қана мұғалім емес ертегі кейіпкерлері де жүргізіп отырды. Кейіпкерлердің рөлін бастауыш сынып мұғалімдері сомдады. Іс-шара барысында келесі сайыс түрлері өткізілді: «жалауша», «шегіртке», «пингвин», «шапшаң математик», «баскет-фут», «даяшы», «үш аяқ», «сөз құрастыр», «золушка». Іс-шара кезінде оқушылардың тек спорттық икемділіктері ғана емес, сонымен қатар білімдері де сыналды. Іс-шара балалар үшін өте қызықты өтті. Ойын соңында оқушылар мадақтамалармен марапатталды.

     28 қараша күні А.Б.Райысханова мен А.М.Смаилова ашық сабақтар жүргізді. А.Б.Райысханова 2 сыныпта математика пәні бойынша бірінші болып ашық сабақ өткізді. Мұғалімнің сабағына көптеген мектеп мұғалімдері қатысты. Сабақ жоспары әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылмаған. Сабақ жүйесіз өтті. Интербелсенді тақта тек көрнекілік ретінде ғана қолданылды. Сабақ үшін мұғалімнің алған бағасы үш.

     А.М.Смаилова 3 сыныпта қазақ тілі пәнінен «Сөйлем мүшелерінің байланысы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған, оқушыларды қызықтыру мақсатында презентация дайындалды, презентацияға қарай отырып, оқушылар тапсырма түрлерін орындады. Оқушылар үшін сабақ қызықты жұмыс сабағы ретінде өтті. Бірақ оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасаған жоқ. Мұғалім оқушылардың орындықта отыру дағдыларын аңғармай, орындықтардың бірі үлкен, бірі кіші болды.

     28 қараша күні сағат 15:00-де  А.Б.Райысханова «Ұлттық лото»  ойынын өткізді. Ойын оқушылар үшін қызықты болды. Кемшіліктер: мұғалімнің тақтаға ілген көрнекілігі эстетикалық талғамға сай емес, оқушыларға дайындаған сыйлықтары оқушылардың қызығушылығы мен жас ерекшелігіне сай емес, мұғалімнің оқушыларға дайындаған сұрақтары тым жеңіл немесе тым ауыр, жас ерекшелігіне сай емес болды. Мұғалім ойынды жүргізу барысында дұрыс жүргізу әдісін таңдамаған.

     29 қараша күні Ж.Е.Сейтенгазинова 4 сыныпта математика пәнінен «Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер» тақырыбы бойынша ашық сабақ жүргізді. Сабақ жоспары әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылмаған. Оқушылардың дәптерлері сабақ үстінде тексерілмеді. Оқушының дұрыс емес жауабы мұғалім тарапынан түзетілмейді. Интербелсенді тақта жүйесіз қолданылды.

     29 қараша күні 12:20-да бастауыш сынып мұғалімдерінің барлық мектеп мұғалімдеріне дайындаған іс-шарасы өткізілді. Жиналған мұғалімдер қауымы екі топқа бөлініп, бір-бірімен сайысты. Топқа ат қою, ұран құрастыру, логикалық сұрақтар, «планета ашышулар» сайыстарын Р.К.Камалиденова жүргізді. К.К.Нурсарина арнайы маскалар дайындап, ертегі бойынша көрініс қою тапсырмасын мұғалімдерге орындатты. А.Б.Райысханова «Әуенін тап» сайысын өткізді. А.М.Смаилова мұғалімдерге сергіту жаттығу-биін дайындап, жүргізді. Сайыс соңында мұғалімдердің жинаған балдары, олардың алған түсті карточкаларына сай саналып, жеңімпаз топ анықталды. Екі топ та тәтті сыйлықпен марапатталды.

     2 желтоқсан күні апталықтың жабылу салтанаты өтті. Апталықты жабу салтанатын бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Р.К.Камалиденова жүргізді. Ол апталық кезінде өткен суретшілер сайысы мен шебер қолдар сайысы бойынша жеңімпаз оқушыларды марапаттады және апталықты қорытындылады.

 

«Железин ауданының Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі»  ММ

 

 

24-29 қараша аралығында «Бастауышым – балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың» атты бастауыш сынып апталығының өткізілуі  бойынша есеп

 Жазған: бастауыш сынып ӘБ жетекшісі

Р.К.Камалиденова

 

 

2014-2015 оқу жылы

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения