Камалиденова Раушан Қуатқызы
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Павлодар
16.02.2015
0
1084
6

Сауықтыру лагерінің өткізілуі жөнінде есеп

Еңбекші жалпы білім беру

 орта мектебі мемлекеттік мекемесінде

 өткізілген «Бүлдіршін»жазғы

 сауықтыру лагерінің

өткізілуі жөнінде

Есеп

2011 жылдың маусым айының 1–нен 23-не  дейінгі аралықта мектептің 1-6 сынып оқушылары «Бүлдіршін» атты жазғы сауықтыру лагерінде демалды. Оның ішінде 20 бала аз қамтамасыздандырылған отбасылардан еді.

Лагерь жұмыстарын жүргізу үшін үш бөлме таңдалынып алынды. Оның ішінде ойын, үйірме және изолятор бөлмелері бар. Аталып өткен бөлмелер ақталып, тазартылып, қажетті құрал-жабдықтармен, жиһазбен жабдықталды, тиісінше суреттермен, шарлармен безендірілді. Тәрбиешілер мен лагерь қызметкерлерінің көмегімен бөлмелер уақытында дайындалған еді. Аталып өткен ойын бөлмесінде балалар көп, әрі қызықты уақыттарын өткізді. Тәрбиешілермен түрлі ойындар ойнап, іс-шараларға белсенді қатысты. Үйірмелер бөлмесінде демалушылармен үйірме жұмыстары өткізіліп, балалар қызығушылықтары бойынша іс-әрекеттермен айналысты.

1 маусым күні лагерьдің ашылу салтанаты мен балалар құқығын қорғау күніне  орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттен кейін оқушылар табиғат аясына демалуға шықты. Түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады.

2 маусы күні Нұрсарина К.Қ. «Әнші балапан» атты іс-шара өткізіп, оқушылардың ән айту қабілеттерін сынады және Жумабекова Қ.Б. «Кітап – білім бұлағы» атты клубында оқушыларды «Ертегілер әлемімен» таныстырды.

4 маусым күні Шарипова Г.Ж. «Күлкі керуені» атты сайыс түріндегі іс-шарасын өткізіп, оқушылардың көңілдерін көтере білді. Кейін «Шеберхана» үйірмесінің жүргізушісі Камалиденова Н.К. балалармен құттықтау ашықхатын дайындады. Олар үлкен қызығушылықпен бұл жұмысқа кірісіп, өте әдемі ашықхаттар дайындады.

7 маусым күні дене шынықтыру тәрбиешісі Кислых Г.Е. спорттық жарыстар ұйымдастырды. Оқушыларды 3 командаға бөліп, бір-бірімен жарыстырды. Жарыс өте қызықты өтті. Командалар тиісті сыйлықтармен мадақталды. Бұдан кейін мектептің медицина қызметкері Хасанова Г.Х. «Жеке бас гигиенасы» жөнінде әңгіме жүргізді.

8 маусым күні Жумабекова Қ.Б. «Ертегілер әлемінде» атты балалар үшін ең қызыққа толы іс-шараны өткізді. Үш сынып бөлмесінде оқушыларды үш ертегіден алынған ертегі кейіпкерлері күтті. Онда Жалмауыз кемпір мен Фея, Қарақшы Бұлбұл, Шрек пен Фиона сияқты кейіпкерлер орын алды. Балалар олардың тапсырмаларын орындай отырып көп сыйлыққа ие болды. Мультфильм көруге де үлгерді.  

16 маусым күні Тлебалдина Ж.А. «Әуенін тап» атты ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шараны өткізді. Бұл жерде оқушылардың есту қабілеті мен әндерді қаншалықты білетіндері көрінді.

17 маусым күні Жумабекова Қ.Б. «Биші балапан» конкурсын ұйымдастырып кішкене талантты бишілерімізді анықтады.

Сонымен қатар «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Ғажайып алаң», «Ұлттық ойындар» тәрізді іс-шаралар өз мерзімінде жүргізілді.

23 маусым күні лагерьдің жабылу салтанатына орай ұйымдастырылған мерекелік концертте балалар өз өнерлерін барынша көрсетті. Олар өлең жолдарын оқыды, ән де шырқады, бірнеше би түрлерін билеп тамашалатты. Соңында «Әрқашан күн сөнбесін» әнінің айтылуымен лагерь жабылды.

Мектептің медицина қызметкері де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылып,  жазғы демалыс кезіне оқушылар денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша сауықтыру бағдарламасын құрастырғандықтан, лагерь кезінде оқушылармен әңгімелер, сабақтар өткізді. Күнделікті «С» дәруменін беріп, таза ауаға шығарып, сумен шомылдыру арқылы суыққа төзімділіктерін арттырды.

Мектеп асханасында балалар күнделікті пайдалы, әрі дәмді тағамдармен тамақтанды. Асхана балаларды хош иістермен, тазалықпен қарсы алып отырды.

 

 Лагерь қызметкерлері өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қызметтерін тиянақты орындады. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения