Камалиденова Раушан Қуатқызы
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Павлодар
16.02.2015
0
870
2

Математика пәнінен ашық сабақ: Қосудың терімділік қасиеті





 

Сабақтың  тақырыбы:  Қосудың терімділік қасиеті

Сабақтың  мақсаты:

  1. Оқушыларға қосудың терімділік қасиеті  жайлы түсінік бере отырып, дұрыс, шапшаң есептеуді үйрету.
  2. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  3. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Көрнекі- құралдар:  интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, дидактикалық материалдар,  тест, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың түрі:  саяхат  сабақ.

Сабақтың әдісі: жұптық әдіс, өз бетімен жұмыс, өзі-өзін бағалау әдісі.

Пән-аралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың  барысы: 

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Психологиялық дайындық

Ал, кәнекей, балалар,

Бері қарай қарайық.

Қажет құрал, кітапты,

Алдымызға алайық.

Алаңдамай басқаға,

Сабаққа назар салайық.

Дұрыс есеп шешімін,

Мұқиятпен табайық.

2) Бағалау әдісімен таныстыру.

 - Балалар, біз бүгін әр түрлі кәсіп иелеріне қонаққа барамыз. Олардың сендерге дайындаған тапсырмалары мен сыйы бар. Сендердің әрбір дұрыс жауаптарыңа 10 ұпайдан беріп отырады. Сендер жинаған ұпай сандарыңа қарай бағаланасыңдар. 10, 20, 30 ұпайға – «3», 40, 50, 60 ұпайға – «4», 70, 80, 90 ұпайға – «5» деген баға қоясыңдар.

- Балалар, бізді  бүгін мұғалім, балықшы, дәрігер, тігінші, музыкант , суретші және аспаз қонаққа шақырып отыр. Бізге оларға бару үшін көлік қажет. Қанекей, өзімізге ыңғайлы автокөлік түрін таңдап алайық. Таңдаған автокөлікке міну үшін сол автокөліктің атына дыбыстық талдау жүргізуміз қажет.

II. Дыбыстық талдау.

Л –

И –

М –

У –

З –

И –

Н –

 

 

III. Өткенді қайталау. Мұғалім тапсырмасы. Тесттің жауабын тауып көр.

  1. Бұрыштың түрін көрсет.

    а) кесінді        ә) сүйір

2.Егер бұрыш тік бұрыштан үлкен болса...?

    а) сүйір       ә) доғал

3. Бұрыштың неше түрі бар?

а) 3                      ә) 5

4. Көпбұрыш деген не?

    а)Бұл тұйықталған қисық сызық

    ә) Қарама-қарсы қабырғалары тең фигура

5. Сағат  деген не?

    а) Массаны өлшеу құралы

    ә)Уақытты өлшеу құралы

6.1 сағатта неше минут бар?

    а) 60

    ә) 100

Жұптық жұмыс. Тест кілтіне қарап бір-біріңді бағалаңдар. Әр дұрыс жауапқа – 10 ұпай.

Тесттің кілті:

  1. Ә
  2. Ә
  3. А
  4. А
  5. Ә
  6. А

Ал, қазір балалар оқулықпен жұмыс жасайық. Кітабымыздың 94 бетін ашайық.

Оқулықпен жұмыс:
№1. Барлығы неше текше? Өрнекті жаз

Суреттерді пайдаланып, өрнектерді жазып, нәтижесін табайық.

(3+2)+1=6                3+(2+1)=6

Шыққан өрнектерге қараңдаршы қандай қорытынды жасауға болады?

Ережемен жұмыс

IV. Дәптермен жұмыс.

Бүгінгі күнді жазыңыздар.

Математикалық  диктант.

Сағат, килограмм, 60+40, минут, 9-7, метр, 100-х, 30+у.

Балықшы тапсырмасы. №2 есепті шығарыңдар

8+6+4=18                                 7+5+3=16                      8+2+9=19

5+9+5=19                                10+2+8=20                   6+10+4=20

Дәрігердің тапсырмасы:

№3 есеп.Сызбаны қара. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар

Жемсауытта 3 шымшық, 4 көгершін және 5 қараторғай бар. Жемсауытта барлығы неше құс бар?

Жауабы: 12 құс

Тігіншінің тапсырмасы:

Логикалық тапсырманы орында!

  1. Демалыс күні Алмас пен Ғани аулада екі сағат шахмат ойнады. Сонда әрқайсысы неше сағат ойнады?              (2 сағат)
  2. Әжесі немерелеріне 6 қолғап тоқыды. Немерелері нешеу?                      (3 немересі бар)

V. Сергіту сәті:

Күркіреді күн-күн...

Терезелер шың-шың

Жауды жаңбыр топ-топ

Шелек-шелек көп-көп

Жон арқаңды тос-тос

Күнбағыс тез өс-өс.

Тігіншінің тапсырмасы:

№4 есепті орындайық

Бумада 5 көк, 2 жасыл және 3 қызыл шар бар. Бумада барлығы неше шар бар?               Жауабы: 10 шар

IX.Музыкант тапсырмасы: Кімге не керек екенін табыңдар.

 

 

X. Суретші тапсырмасы:

№6 есепке мұқият қара. Ал, сен сағат білесің бе?

XI. Аспазшы тапсырмасы: «Сиқырлы кестедегі» тапсырманы орында.

 

№8 есептегі сұраққа жауап бер

Карточкадағы есепті шығар

Ережені қайталап айт.

XII. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды жинаған ұпай санына қарай бағалап шығу.

XIV. Үйге тапсырма: №5 есеп. Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр

XIII. Қорытынды.Топтастыру ойыны. Кім? сұрағына жауап беретін зат есімдерді бір бағанға,

не? Сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения