Есмаганбетова Мадина Казыккызы
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырау қаласы
15.02.2015
0
4946
16

Ата - аналарға тренинг сабақ





Ата - аналарға арналған тренинг сабақ

Тақырыбы: «Бала жанының сұлулығын түсін, ата - ана!»
Мақсаты:Ата - аналардың қарым - қатынасын жақсарту. Мектеп пен ата-ана байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата - анамен оқушы арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Әдістері: дөңгелек үстел, пікіралмасу, сұрақ - жауап, тренинг сабақ.
Тренинг бағдарламасы:
1. "Сәлем сөздің анасы" амандасу.
2. Тақырыпты ашу.
3. Көңіл күйді анықтау
4. Доп лақтыру ойыны
5. Гүл теру. Пікірлесу
6. Баламды танып білем бе? ойын
7. Бала тілегі.
8. Топқа бөлу. Шығармашылық  тапсырма.

10. Балама ақ тілек.

11. Қорытынды.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Бала біздің ұрпағымыз»  атты  тренинг  сабағымызға  қош келдіңіздер!
1. Сәлем сөздің анасы.
Ата - аналар орнынан тұрып, көрсетілген белгі арқылы бір-бірімен амандасады.
2. Тақырыпты ашу. Ата-аналарға слайд арқылы тақырыпты ашу.
3.  Көңіл қүйді анықтау.

Ата-аналар өздеріне ұнаған түстерін таңдайды. Сол түстердің мағынасын айту.

4. «Доп лақтыру» ойыны
Бала деген кім? Бала сіздің кіміңіз?  Ата-аналарға доп лақтырып, ойнау арқылы  бір сөзбен өз ойларын айту. Ата-аналардың ойларын толықтырып жіберу.
5. Гүл теру. Пікірлесу
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

·        Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

·        Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.

·        Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?

•         Бала  тәрбиесі  үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

•         Балаларда  қызғаныш,  өзімшілдік  мінездің  қалыптасуы неден?

•         Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыздар?

•         «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

 

 

 

 

 

 

6. «Баламды танып білем бе?»

 Ойын барысында қатарда тұрған балалар арасынан ата - аналар жеке - жеке шығып, көзі жұмулы күйінде сипалап тану арқылы өз балаларын табады.

 Ата – аналарға кеңес

Ата-аналарға кеңес парақшасын тарату.

 

7. Бейнебаянмен бала тілегі тыңдалады.

Баланы өте жақсы көру үшін күнде құшақтап тұру керек.
Өте жақсы өмір сүру үшін күніне 4 рет құшақтап тұру керек.

Дені сау болу үшін күніне 8 рет, өсу үшін күніне 12 рет  құшақтап тұру керек.

 

8. Топқа бөлу.

Табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, діңі ме, жапырығы ма? Әркім өз қалауы бойынша таңдаған суреттерін алады. Тамыр, жапырақ, діңі болып топқа бөлінеді.

 Шығармашылық  тапсырма.

“Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ”- деп әр топ өздерінің таңдаған суретін плакатқа салып, салған, таңдаған суреттерін талдайды. Олар нені білдіреді?  Ата-аналар өз ойларын айтады.

10. Балама ақ тілек.

Ата-аналар салған талдың суретіне өз балаларына арнаған тілектерін стикерге жазып, талға іледі.

 

11. Қорытынды.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы,  арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екен. Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.  Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге  сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.

 

Назарларыңызға көп- көп рахмет

 

 

Ата - аналарға тренинг сабақ Ата - аналарға тренинг сабақ Ата - аналарға тренинг сабақ Ата - аналарға тренинг сабақ
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения