Камалиденова Раушан Қуатқызы
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Павлодар
14.02.2015
0
757
0

Сыныптан тыс іс-шара: 21 ғасыр көшбасшысы

 

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

атты білім сайысының сценарийі

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік. оқушылардың математикалық, тілдік  білім-біліктерін тексеру.  Ұмыт қалған тақырыптарын еске түсіру. Қызықты сұрақтар арқылы білімдерін толықтыру.

2.     Дамытушылық. Оқушылардың ой өрісін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау есін жетілдіру. Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Еркін сөйлеу, тереңнен ойлау қабілетін арттыру.

3.     Тәрбиелік. Оқушыларды жолдастыққа, еңбексүйгіштік пен білімқұмарлыққа тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, жұмбақтар, карточкалар, кеспе сандар, қызыл түсті дөңгелектер, сайыстың турлары жазылған плакат.

Сайыстың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Уа, халайық, халайық!

Бәріне жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып, шалқысып,

Көңілді кеш жасайық.

Жұмбақ шеру шашайық,

Мұнда қызық табылар,

Жұмбақ есеп бәрі бар.

Ал, сайыскер балалар,

Білімдеріңді сынайық

ХХІ ғасырдың

Көшбасшысын табайық.

-         Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.

(Әділқазылар алқасын сайлау)

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,

Бәрінен де ең бастысы – барлығының

Қатты істейтін миы бар! – дей келе, енді осы сайыскерлерімізді таныстырып өтейін. Әр сыныптан 2 озат оқушыдан қатысады.

Сайыскерлерді таныстыру.

Сайыскерлерге тілек.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздей өренді

Математика сырына!

Қадамдарың оң болсын,

Сәт –сапар енді тілейік!

Ойынымыз 5 турдан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.

ІІ турдан  кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. (Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшы қалу керек)

Негізгі бөлім.

І тур. «Бәйге»

                   Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

                   Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

                   Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,

                   Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

Ауызша сұрақтарға жауап беріледі.

4 сынып оқушысына:

1 сұрақ: 1 метрде неше мм бар?

2 сұрақ: Шаршының периметрі мен ауданы қандай формула арқылы есептеледі?

3 сұрақ: 10000 саны қандай санның квадраты?

4 сынып оқушысына:

1 сұрақ:  1 км –де неше метр бар?

2 сұрақ: Тік төртбұрыштың периметрі мен ауданы қалай есептеледі?

3 сұрақ:  125 саны қай санның кубы?

3 сынып оқушысына:

1 сұрақ: 1 м-де неше см бар?

2 сұрақ: Кесінді дегеніміз не?

3 сұрақ:  Текшенің көлемін қалай табамыз?

3 сынып оқушысына:

1 сұрақ: 1 кг-да неше грамм бар?

 2 сұрақ:  Сәуле дегеніміз не?

3 сұрақ:  Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

2 сынып оқушысына:

1 сұрақ: Қосуға кері амалды ата.

2 сұрақ: Азайтудың нәтижесі қалай аталады?

3 сұрақ:  1 дм-де неше см бар?

2 сынып оқушысына:

1 сұрақ: Азайту амалына кері амалды ата.

2 сұрақ: Қосудың нәтижесі қалай аталады?

3 сұрақ: 1 см-де неше мм бар?

ІІ тур. Көкпар

Ауызша есептер шығару

4 сынып оқушысына:

1 –есеп: 2700/Х= 9 Х нешеге тең ? (300)

2 –есеп: 1000 саны шығу үшін 555 –ке қандай санды қосу қажет? (545)

4 сынып оқушысына:

1 –есеп: 3600/х= 4 Х нешеге тең ? (900)

2 –есеп: 1000 саны шығу үшін 358-ге нешені қосу қажет ?(642)

3 сынып оқушысына:

1 –есеп: 10+2*5 өрнегінің мәнін тап. (20)

2 –есеп: Ұзындығы 5 см, ені 3 см төртбұрыштың периметрін тап. (16 см)

3 сынып оқушысына:

1 –есеп:  5+2*8 өрнегінің мәнін тап. (21)

2 –есеп: Ұзындығы 4 см, ені 3 см төртбұрыштың периметрін тап. (14 см)

2 сынып оқушысына:

1 –есеп: 8 бен 9–дың қосындысы неге тең ? (17)

2 –есеп: 1 дм 4 см неше см болады ? (14 см)

2 сынып оқушысына:

1 –есеп: 16 мен 7-нің айырмасы ? ( 9)

2 –есеп: 1 дм 9 см неше см болады ? (19 см)

(Ұпайы аз оқушылар шығады. 2 сайыскер сыйлықтарын алады. )

ІІІ тур. Полиглот. Құрамында саны есімі бар шешу. Жұмбақтың шешуін тауып, сол сөздің орысшасын айту. (әрқайсысына 3 жұмбақ)

1-сайыскерге:

1.     Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір –ақ із түсті. (ара-пила)

2.     Сақталады алты ай жаз,

Сандығымда сары аяз. ( Тоңазытқыш-холодильник)

2-сайыскерге:

1.     Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді. (Доп-мяч)

2.     Бір санға өсірді,

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді. (Сынып-класс)

                     3-сайыскерге:

1.     Болса да көкте мекені

Кездеспейді екеуі. (Ай, күн- луна, солнце)

2.     Егіздер кезікпейді бір-бірімен,

Арасы екі-ақ елі бір-бірінен. (Көз -глаза)

                    4- сайыскерге:

1.     Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян-заяц)

2.     Кіп-кішкентай екі көзі.

Қалай көреді өзі ?

                     Қолы екен ұзын мұрны,

                     Сол мұрнымен тамақ алып жүреді. (Піл -слон)

     ІV тур. «Қызықты үштік» ( Логикалық сұрақтарға жауап беру)

1 - тапсырма: Ағасы інісінен  5 жас үлкен. Қанша жылдан кейін ағасы інісінен 7 жас үлкен болады ? (2 жылдан кейін)

2 - тапсырма:  Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда алдынан 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды ? (1 адам)

3-тапсырма: Айдардың кілең бір теңгеліктен тұратын 100 теңге ақшасы бар еді. Оқу құралдарын сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуге тиіс еді. Мұны қалай тез санап беруге болады ? (3 теңгені алып қалып, қалғанын беру керек)

(ІV турдан кейін 2 сайыскер шығады.)

V тур. «Тірі сұрақ». Өлең –есептер қойылады.

1-сайыскерге:

Ертеңгісін атам,

Екі серкені қорадан қуып еді.

Егіз бөрте лақ ере шықты,

Бөрте лақтардың енесі,

Олармен ере шықты.

Сонда барлығы неше лақ далаға шықты ? (5 ешкі)

2-сайыскерге:

Біз үлкен жанұя, ең кішіміз – Әлия.

Қалғанымыз мыналар:

Арман, Болат, Дариға, Айтжан, Ержан, Даналар,

Гүлжанымыз тағы бар,

Қане, есептеп алыңдар. ( 10 адам әке-шешесімен қосқанда)

Екеуіне ортақ:

Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр.

-         Достым, мен сені көріп отырмын, - дейді.

Олар бірін-бірі қалай көреді ?

(Қарама-қарсы отырған)

Осы турдан кейін 1 –сайыскер шығады.

Көшбасшыға 1 тапсырма.

 1 кг мақта ауырма, 1 кг темір ауырма ?  (Екеуі тең, салмақтары бірдей)

Көшбасшыға сұрақ: Математика пәнінің өмірде қандай пайдасы бар ?

ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім.

Жеңімпаздар айқындалып, «ХХІ ғасыр көшбасшысы » анықталады. І, ІІ, ІІІ орын алған оқушыларға арнайы мақтау қағаздары беріледі. Қонақтарға сөз беріледі. Сайыс нәтижесін хабарлау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения